Оқу мақсаты
10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
Білу және түсіну
Экономикалық даму үлгісінің түрлерін біледі.
Қолдану
Елдердегі экономикалық дамудың әртүрлі үлгілерін салыстырады.
Талдау
Әртүрлі экономикалық даму моделінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға бере алады.
Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:
мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқулықпен жұмыс)
Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқулықпен жұмыс)
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапониябарлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген
Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқулықпен жұмыс)
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.
Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:
әлеуметтік бағытталу,
мүліктік теңсіздіктің төмендегі,
жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.
Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген.
Жұмыссыздық төмен дәрежеде.
Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Мәтінмен жұмыс (жұптық) (оқулықпен жұмыс)
Бағалау дескрипторы:
Топтық талқылауға белсене қатысады;
Дамыған елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
Дамушы елдерді дамуына сәйкес жіктейді/дамуына әсер еткен басты факторларды түсіндіреді;
Қорыту
Елдердің даму үдерісі тұрақты ма?
Болашақта өзгеруі мүмкін бе?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.