«Елін сүйген Президент»

  • Мероприятия
  • docx
  • 15.04.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру. Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер. Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру. Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер. Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау -Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Иконка файла материала Елін сйген президент.docx
Тақырыбы: «Елін сүйген Президент» Ұйымдастырылған оқу іс ­ әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру. Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге,  қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету. Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер. Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ ­ жауап, мадақтау ­Сәлеметсіңдер ме, балалар! ­ Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп  алайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. Балалар сабағымызды әнұранмен бастайық. ­ Балалар қазір жылдың қай мезгілі? ­ Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме? ­ Қыс мезгілі келеді екен. Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне  арналады. ­ 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме? ­ Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық. ­ Балалар, бұл кім? ­ Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар? ­ Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың  жұмыс жасайтын орны – Ақорда. ­ Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы. Ерсұлтан: ­ Елбасымыз Нұр аға ­ Салғызып Алтын орда ­ Көркейтіп елін қазақтың ­ Көрсетпей өмір азабын. Кәусәр: ­ Қазақ елі – Қазақстан ­ Болашаққа үн қосқан ­ Жақсы күнге жетелеп ­ Елбасым менің – Нұрсұлтан Алуа: ­ Жасай бер Қазағым! ­ Жасай бер Елбасым! Іңкәр: ­ Елімнің елбасшысы ­ Нұрсұлтан атамыз аман болсын! ­ Отан туралы тақпақ, мақал ­ мәтелдер білеміз бе? Жалғас: ­ Қуат алған өзінен ­ Туған елдің ұлымын ­ Бақытты етіп өсірген ­ Отанымның гүлімін. Айтөре: ­ Отан – оттан да ыстықЯсмина: ­ Отан ­ елдің анасы Кәусәр: ­ Отан – қуат ­ Отбасы – шуақ ­ Мөлдір: ­ Отансыз адам, ­ Ормансыз бұлбұл. ­ Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады. ­ Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? ­ Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік. ­ Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ  бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір,  самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. ­ «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс –  адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң  жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен  қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді. Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен. ­ Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі? Арай: ­ Көк аспандай көкпеңбек ­ Қазақстан жалауы ­ Көк емес ол тектен ­ тек ­ Елдің ашық қабағы. Жансұлу: ­ Елтаңбасы елімнің ­ Неткен әйбат әдемі ­ Тұнығындай көңілдің ­ Ортада аспан әлемі. Сергіту сәті. «Құлып»ойыны Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?» Ойын шарты: Балалар мынау не? Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық. Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету. ­ Балалар, біз нені жабыстырдық? ­ Күннің түсі қандай? ­ Күннің пішіні қандай? ­ Тудың түсі қандай? ­ Күнді ­ Сары ­ Домалақ ­ Көк ­ Елбасымыз кім? ­ Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады? ­ Біз қай елде тұрамыз? ­ Біз бүгін не жабыстырдық? ­ Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр ­ аға» атты әнімізді шырқайық. ­ Жарайсыңдар, балалар!Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік. Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді. «Құлыншақ балалар бақшасы»«Елін сүйген Президент» Өткізген: Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы 2017­2018оқу жылы