Эссе. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
эссе Рымгул.docx
Эссе. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
Ғалым да, шахтер де
бас иетін,
Ұстазым, бар сенің
қасиетің.
Білім берген, ой берген,
ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді
асыл бейнең …
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым.
Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін
тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім
мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл
тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер
шамшырақ болары анық.Ғылым иесі ғалым да, ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні
темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал
бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен
ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған,
сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы
құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы -
жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету
екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына
ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана
бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын
егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.
Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да
ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
2008 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінен
«Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі» мамандығын игеріп,
жоғарғы білімді маман атандым. №13 «Кораблик»
балабақшасында мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік,
сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты
жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің
ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл –
білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе
білуді үйрендім.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін
үлкен бақыт.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған
өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан
жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған
ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму,
ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер
ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай
білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын
болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін
арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз
ретіндегі негізгі ұстанымым: «Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға»
Сапалы білім негізі жан – жақты ақпараттық
материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды
технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана
отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын
білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші
мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны
оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан бүгін білім берудің
сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты
академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз
мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және
ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық
қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері
болуы шарт.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс
емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге
қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен
өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние
емес. Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі
жоғары ақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін
оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.
Эссе
Эссе
Эссе
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.