Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".
Оценка 4.6

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Оценка 4.6
Документация +1
docx
воспитательная работа
Детсад
17.03.2018
Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".
Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, Үлгісімен қуантады түбінде. Жүсіп Баласағұни Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі. Мен тәрбиеші мамандығын не үшін таңдадым?Оның жауабы өте қарапайым.Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес-бұл менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім,тәжірбие және үлкен шыдамдылықты қажет етеді.Тәрбиеші үнемі жоғары деңгейде ізденіспен жұмыс жасауы шарт. Біздің мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса көңіл бөліп,оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып-білім алуға құштарлығын арттыру. Тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысын мерекелік күнге теңей білуі керек.Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, Үлгісімен қуантады түбінде. Жүсіп Баласағұни Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі. Мен тәрбиеші мамандығын не үшін таңдадым?Оның жауабы өте қарапайым.Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес-бұл менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім,тәжірбие және үлкен шыдамдылықты қажет етеді.Тәрбиеші үнемі жоғары деңгейде ізденіспен жұмыс жасауы шарт. Біздің мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса көңіл бөліп,оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып-білім алуға құштарлығын арттыру. Тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысын мерекелік күнге теңей білуі керек.
эссе тәрбиеші.docx
Үлгісімен қуантады түбінде. Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, Жүсіп Баласағұни Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі. Мен тәрбиеші мамандығын не үшін таңдадым?Оның жауабы өте  қарапайым.Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес­бұл  менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу  оңай емес. Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай  білім беру өте жоғары деңгейді талап етеді. Оған білім,тәжірбие және үлкен  шыдамдылықты қажет етеді.Тәрбиеші үнемі жоғары деңгейде ізденіспен  жұмыс жасауы шарт. Біздің мақсатымыз  балалардың тәрбиесіне аса көңіл  бөліп,оларды алдағы өмір сенімдерін және оқып­білім алуға құштарлығын  арттыру. Тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысын мерекелік күнге теңей білуі  керек. Әр тәрбиеленуші балалардың көңіл­күйіне мән бере отырып,олардың  білім алуына құштарлықтарын арттыру.Ата­аналарымен күнделікті кездесу  барысында балаларының жетістіктерімен бөлісе отыру. Балалар ата­анасына  қандай сезімде болса,тәрбиеші де өзіне сол сезімді сездірте білсе, жұмыс жасау  барысы өз  нәтижесін көрсетеді деген сенімдемін.Балалардың сеніміне кіре  отырып,еркін тәрбиелеуге,тәртіпке үйретуге көмегін тигізеді. Олар күнделікті  өз­өзіне  қызмет ету(таңертеңгілік жаттығу,ас ішу кезіндегі ұқыптылықты  сақтау,киімдерін тиянақты жинау,оқу­құралдарын күтіп ұстау)  әр баланың  дұрыс қалыптасуына жақсы әсер етеді. Балаларға деген сүйіспеншілікті сезіне  білу керек. Әр баланың бойындағы сезімді,өзі үшін және өзінің істері үшін  жауапты екеніне мән бергізе білу  қажет.Мен күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметімде балаларды мейірімділікке, отбасына,жақындарына, және  айналадағы қоршаған  ортаға құрметпен қарауға мақсатқа жетуге  үйретудемін. Олар өз Отанына,үйіне,балабақшаға,ауылына,табиғатына деген  сүйіспеншілігін оята отырып,оларды әдептілікке, адамгершілікке,  бауырмалдыққа бар күш жігерімді сала тәрбиелеудемін.  Ұлы Абай атамыз өзінің 43­қара сөзінде баланың танымын  алғашқы күннен  бастап дамытпаса,оның  өзі із­түссіз жоғалып,жойылып кететінін айтса,  ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде  таным әрекетінің негізі «оқу­білім»деп тұжырымдаған. Осы тұжырымға сүйене отырып ,балалардың  танымын жоғарлату жолында әр оқу қызметті  дидактикалық  ойын,қимылды ойын, үстел үсті ойындар және бір ертегі кейіпкерін қонаққа  шақыру арқылы оқу барысын ұйымдастырамын. «Жаңғыру жолындағы жас  маман рөлі» тақырыбына эссе жаза отырып,өзімді көптеген бала бағбаны бола білген тәрбиешілердің бірі ретіне ену жолында бар ықыласымды,ынта­ жігерімді ең үлкен  қасиет­баланың өз болмысын құрметтей білу сезімімді  аямауға жұмыстанудамын. Мен өзімнің тәрбиеленушілеріме «Күш  білімде,білім­кітапта» мақалды түсіндіре отырып,  болашаққа сеніммен баруға білімді,тәртіпті,тиянақты,бауырмашыл,мейірімді болу арқылы жетуге  болатының  ұғындара нәтижеге жету. Бауыр еті  баласының тәрбиесі мен  оқуға деген құштарлықтарын  оятып саналы азамат етіп, тәрбиелейді деген  сеніммен берген ата­аналардың сенімін ақтау үшін, тәрбиеші бар күш­ жігерімен жұмыс атқаруы міндеті деп санаймын. Балаларынан күткен үлкен  үміттеріне жетуіне ата­ананың басты рөл атқаратының ата­аналарғада  жеткізу міндетіміз.Әр тәрбиеші ана, дос, психолог,актер болуы шарт. Тәрбиеші  үлкен ізденпаздықпен, қажырлықпен,  төзімділікпен,түсіністікпен,жанашырлықпен,адамгершілікпен жұмыс жасауы  қажет.Тәрбиеші қызметін атқаруда қазіргі заманғы озық іс­тәжірбиелермен,  ақпараттық жаңа технологияларда пайдалана отырып, бала  зейінін  дамытып,жеке тұлғаға айналдыру  басты міндетім деп есептеймін.Тамшыдан  теңіз құралатындай әр тәрбиеші бала жүрегіне жылулық ұялатып, қабілеті мен дарынын аша білу керек.                                                                                                   Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа бүгінгі  күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола  алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа әдістерді  танып, жинақтауда еңбек етіп жүрмін. «Тәуелсіз еліміздің тірегі­білімді  ұрпақ»­екенін ескерсек әр бір  ғимараттың кірпіші біздің  тәрбиеленушілеріміздің қолында екенін ұмытпайық.                                                                                                                                         Тәрбиеші:Ергебек Ж.Ә. «Тәрбиеші­бала жанының бағбаны» Менің мамандығым –мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі.Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»бөлімін бітірдім.Бұл тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол өте қызықты мамандық:сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін,табыстарына қоса қуанамын. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын.Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері,тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат- міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес.Ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойын тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұныұтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы. Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Ақын М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып,өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс — әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?. Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қорытындылай келе,тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды,қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін. Білім беру айрықша кәсібіміз, Құралған адалдықтан нәсібіміз. Бақытты етсек бала­ сәби, ұлмен қызды, Сонда ғана алшы түсер асығымыз. Бала – жарқын болашағымыздың иесі, балабақшамыздың киесі, таусылмас берекесі,  қызықты мерекесі екендері әмбеге аян. «Бар жақсылық – балалар үшін» деген ұранмен  бар білім біліктілігімізді, ынта – жігеріміді сарп етпей, сапалы да саналы ұрпақ көру  құр қиялдағы елес ғана. Ал, мен үшін болашағымыз балаларға деп барды салып,  шүмектеп жүріп тер төгу үлкен мақтаныш, айтулы абырой болып қала бермек. Біздің  көз алдымыздығы сәбилер біреуі бір үйдің еркесі болса, бірі серкесі, енді бірі  тағдырдан тілеп алған жалғызы. Сол үшінде бұл балалардың бәрі дерлік мойынға алған  аманат. Кей кездері баламенен баламыз! Ақыл айтар олар үшін данамыз. Тәрбиелеп өсіруге,бағуға, Барды салсақ жетер әбден шамамыз. Себебі бала жанының бағбаны тәрбиешінің мойынға алған жүгі салмағы да сұрауы да  баршылық. «Білім ­ әрине инемен құдық қазғандай». Сол құдықты ериінбей қазып, түбіндегі  шәрбатқа шөлдерін қандырмас бұрын, сірә дә алдымен тәлімді тәрбие керек десем  артық айтқаным емес болар. Балаға ең алдымен анасындай мейірім , әкелеріндей  қамқорлықты сезіндіре отырып сәби жүректеріне жол таба білуде, бүгінгі заман  талабы, әрі ең басты сұраныстары. Әрине азаннан қара кешке дейін қасымызда болған  балалар біздерге бауыр басып қана қоймай біздерден яғни, тәрбиешілерден тәлімді  мінез­ құлық, сарқылмас сабырлықты да жадыларына түйіп өсері ақиқат. Бабамыз  қазақ: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілесің» ­ деп текке айтпаса керек. Міне осы айтқандай, әрбіріміз тәрбиеші, әрі мейірбан анасындай ақыл мен білімді, аналық  мейіріммен, даналық үлгіні де жандарына сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болмақ. Жас  шыбықты қалай қарай исең солай қарай бой тіктеп, еңсе көтереді. Сол үшін де бала  жанын ігілікке баулып өсірейік. Ұстаз болып биіктерде қалықтайық, Енжарлық жалқаулықты танытпайық. Балаға ғылым – білім үйретуде, Жанымы шаршады деп, жалықпайық. Бұдан артық бала жанына бағбан болам деген тәрбиешілерге қандай талап қойылуы  мүмкін? Осы айтқандай , өзіміз қалап таңдаған жанымыз сүйіп істеп жатқан мамандығымызды  зор абыроймен, мақтаныш сезіммен атқарсақ ғана армандар ақталып, үміттер жүзеге  аса берер. Бұл үшін әрине еңбек, еңбек және еңбек етудің жолдары. Себебі, бұл  мамандық менің мақтанышымәрі абырой, атағым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Ұлт болшағы 100 нақты қадам» деп, соның ішінде бала  тәрбесіне баса назар аударғаны бүгінгі заман ағымында өз көрінісін байқатуда. Бір  жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір тудың астында өмір сүріп келеміз.  Елбасымыз : «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп өз жолдауларында болашақ  егелері балаларымыздың бақыты үшін аз еңбек етпегені де белгілі. Көзі ашық,  көкірегіояу кісілеросы уақыт аралығында қаншама мектептер мен ауруханалар,  балабақшалар мен бөбекжайлаар заман талабына сай өркен жайып келеді емес пе ?!  Солардың бірі өзім еңбек етіп отырған Түлкібас ауданы,Майтөбе ауылындағы «Бал  Хадиша» бөбекжай балабақшасы. Балабақшамыз заманауй сұранысқа толық жауап бере алатындай дә режеде 120 балаға мінсіз қызмет етіп келеді. Тәрбиешілердің барлығы да  біліктілік талабы сай өз мамандықтарына байланыста арнаулы оқу орындарында білім  алған кәнігі, өз маман иелері. «Бала – көзіміздің нұры, көңіліміздің гүлі» дегендей  болашағымызды тек қана солармен байланыстыра аламыз. Сол үшін барымызды салып,  басқаның емес өз баламыздай бауырға басып, мейірім төксек, оларда бейне бір гүл  сияқты жайқалып өсері дәлелденген нәтиже. Осы орайда сол балғын бала – сәбилерге  арнап жүрек жарды жырымды жаныма арқау еткім келеді: Балабақша– бал күндердің арнасы, Бала сәби бабалардың жалғасы. Зәулім сарай , әсем сұлу ғимарат, Мұның бәрі – Тәуелсіздік арқасы. Бала – бақыт деген Ұлы данамыз , Солармен бірге бақыт табамыз. Тәуелсіздік жасап ғаламда, Аман болсын бала­ сәби анамыз. Балабақша заманауй үлгісі, Келер мұны барлық сәби білгісі. Өсіп­ өніп қазақ елі қарыштап, Үзілмесін баланың пәк күлкісі. Баламен байланыстырған болашағымыз баянды келешегіміз кемел болсын демекпін Адамның өзіне­өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы  сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі  – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір  айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны — тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің  мейірімінің  дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге  алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым­қатынас  маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне  сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген  ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және  жан ­тәнімен  сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де  қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты  шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті  қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде  шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір  бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала­пәк,  бала тап­таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін  тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және                                                                                                                                                                                                                                     тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамшылық ар­ ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Француз ағартушысы,жазушы Жан­Жак Руссо  «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала  тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық сыныбының балаларына арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл­ой парасатын дамыта  білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері  артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой­ өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы  барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады.  Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт.  Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда,  сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы  әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқыш­ұйқыш  құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша  тереңірек түсініп, парықтай алатын айқын да қуатты ақыл­парасат қажет. Адам  жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы  Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын  мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды  оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті  талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен  үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен  ата­анасының,  туған­туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Балалардың ата­аналарымен  үнемі байланыста болып, оларды мектептегі түрлі шараларға белсене  қатыстырып отырдым. Баланың мектепке дайындығын балабақша мен мектептегі әдіс­тәсілдерді  ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты  мақсатым. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік  жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей  айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп  негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын  шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Тәрбиешінің жұмысын дәрігермен  салыстырамын. Емші адам бойындағы ауру­сырқатпен алысса, тәрбиеші оның  ойындағы надандықпен күреседі. Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған  тәрбиеші күндіз­түні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық  беруге жұмсалмасын деңіз. Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен  сабырлы аққан кең арналы өзендей» таси құйылған білімі мен дана тәрбиесінен  көрінеді. «Құдай алдында адамның бәрі бірдей» екені ақиқат. Бірақ бесенеден белгілі  ақиқат – пендешілікте екі адам заты ешқашан бір­біріне ұқсаған емес. Ақыл­ парасат жағынан да, сезім­түйсік жағынан да, мінез­құлық жағынан да, тұлға­ тұрқы жағынан да, жалпы жаратылысынан адам баласы бірегей, дара..Сол бір  «жауқазынның бүр жарғанындай» сырлы сәтті басынан өткізген тәрбиеші   бақытты. Балалар  — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен  баптағанда ғана өседі. Мектепалды даярлық тобының оқушыларының осылайша шығармашылығын  дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы  басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды  сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға  ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Қортындылай келе мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым  және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін  дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан  бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің  алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".

Эссе "Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі".
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.03.2018