І. Көбінесе тербелістердің гармониялық тербеліс деп аталатын түрі қарастырылады. Гармониялық тербеліс – оңға немесе солға ауытқуы бірдей болып отыратын тербеліс немесе гармониялық тербелістер деп уақыт өтуіне қарай кез келген шама (координата, жылдамдық, үдеу, энергия) синус немесе косинус заңымен өзгеретін тербеліс түрін айтады. Гармониялық тербелістің теңдеуі x=Xmaxcosφ немесе x=Аcosωt немесе x=Xmaxsinφ немесе x=Аsinωt немесе x=Аcos(2π/T)t немесе x=Аsin(2π/T)t немесе x=Аcos2πνt немесе x=Аsin2πνt түрінде, яғни, синус немесе косинус заңымен жазылады. Ал, гармониялық тербелістердің графигін осциллограмма деп атайды. Бұл графиктерді салу үшін бізге математикадағы осы тригонометриялық функциялардың графиктері туралы білімдер қажет. y=sinx функциясының графигі синусоида деп аталады,у =cosx функциясының графигі косинусоида деп аталады.
Егер дене тербелісті шеткі нүктеден бастаса, онда тербеліс графигі косинусоида болып, теңдеуі косинус заңымен жазылады. Ал, тербеліс тепе-теңдіктен басталса, графигі синусоида болып, теңдеуісинус заңымен жазылады. Себебі, sin00=0, cos00= 1


Математикадан туынды табу ережелерін беру: қарапайым функцияның туындысы, күрделі функцияның туындысы; туынды табу ережелерін қолдана отырып, координатаның теңдеуінен жылдамдықтың теңдеуін қорытып шығару; жылдамдықтың теңдеуінен үдеудің теңдеуін қорытып шығару;
Механикалық тербелістерді сипаттайтын негізгі дифференциалдық теңдеуді беру: a=-ω2x немесе: x=x''=a=-ω2x, яғни, координатаның екінші ретті туындысы координатаның өзіне тура пропорционал екендігін көрсету өте маңызды, себебі, жоғары сыныптарда электромагниттік тербелістердің теңдеуін оқу кезінде барлық гармониялық тербелістер – ол механикалық тербеліс болсын, ол ЭМ тербеліс болсын, тек бір ғана гармониялық заңға бағынатынын білу маңызды.
Есептер шығару:
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.