Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, адамгершілікке, ұлттар салт-дәстүрлерін, әдет- ғұрпын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
1-мамыр Қазақстан Халықаралық ынтымақтастық күніне арналған «Халықтар бірлігі» фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Қандай ғажап ажарлы аса көркем,
Қазақстан арайлы туған өлкем.
Одақтың орта қолдай ұлысың сен
Достығымен жарасып жайған өркен.
Қазақ халқын ортаға шақырайық. / 1 а сыныптары/Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, адамгершілікке, ұлттар салт-дәстүрлерін, әдет- ғұрпын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Халықтар бірлігі- 2017 фестиваль.doc
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шұбар орта мектебі
1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған фестиваль
2016 2017 оқу жылы Мақсаты: Оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, адамгершілікке, ұлттар салт
дәстүрлерін, әдет ғұрпын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
1мамыр Қазақстан Халықаралық ынтымақтастық күніне арналған «Халықтар
бірлігі» фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер.
Фестиваліміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры
Асқар Ануарбекұлына беріледі.
Жүргізуші: Қандай ғажап ажарлы аса көркем,
Қазақстан арайлы туған өлкем.
Одақтың орта қолдай ұлысың сен
Достығымен жарасып жайған өркен.
Қазақ халқын ортаға шақырайық. / 1 а сыныптары/
Жүргізуші: Қадірменді бір досымыз өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің.
Дәмтұзымыз араласпыз әріден,
Дастархандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәмінен.
Ортаға Өзбек халқын шақырайық. / 3а сыныбы, 8 а сыныбы /
Жүргізуші: Қазақ – ұйғыр, туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар,
Дос – туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Ортаға Ұйғыр халқын шақырайық. / 2 б сыныбы/
Жүргізуші: Жырласа қырғыз, түркімен,
Өзбек, татар үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мерейлері жарасқан.
Ортаға Татар халқын шақырылады / 9а сыныбы/
Жүргізуші: Жеранамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
Сөз кезегі Түрік мәдени орталығына беріледі. / 2 а –сыныбы, 4 а –
сыныбы, 7 а – сыныбы /
Жүргізуші: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым – орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің, Сенің даңқың – менің даңқым.
Ортаға Орыс халқын шақырайық. / 10 а – 10 ә сыныптары/
Жүргізуші: Жеранамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
Сөз кезегі Испан мәдени орталығына беріледі. / 5 а сыныбы/
Жүргізуші: Жолым түсіп, тағдыр қалап,
Грузин дос, болдым қонақ.
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол – ақ.
Ортаға Грузин халқын шақырайық. /6 а сыныбы/
Жүргізуші: Висло және Одра өзендерін бойлай орналасқан мемлекет Германия
мемлекеті германия мемлекетінің байырғы халқы Неміс ұлтын ортаға шақырайық. /
1б сыныбы , 6 б сыныбы /
Жүргізуші: Тербеледі сұлу саз,
Тереңнен сыр толғаған.
Билетеді сені де,
Би билесе сығандар.
Ортаға Сыған халқын шақырайық. / 5 б 8 а сыныптары/
Жүргізуші: Жеранамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
Сөз кезегі Гректер мәдени орталығына беріледі. / 2 а –сыныбы, 4 а –
сыныбы, 7 а – сыныбы /
Жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз – дей отырып Қазақстан Халықаралық
ынтымақтастық күніне арналған фестиваліміз аяқталды.
"Халықтар бірлігі-2017!" фестивалі
"Халықтар бірлігі-2017!" фестивалі
"Халықтар бірлігі-2017!" фестивалі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.