Хат жаздым өзіңе алғашқы рет
Оценка 4.9

Хат жаздым өзіңе алғашқы рет

Оценка 4.9
docx
08.05.2020
Хат жаздым өзіңе алғашқы рет
Асыл ұстазым Алтын апай, қалың қалай? Күніне бізді ойлап,шаршап шалдығып жүрсеңізде еш нәрсе сезбегендей жүремін.Сіз үнемі жарқын мінез жайдарыңқы көңіл-күймен жүресіз.Ешқандай қабағыңды кірбің шалмайды,сіз сыныпқа келгенде үйімізде отырғандай,сынып ішіне жылулық кіре бастайды. Өзіңнің бізге шын қамқоршы екендігің бәрімізге аян
Хат жаздым өзіңе алғашқы рет.docx

          Хат жаздым сізге алғашқы рет    

Асыл ұстазым Алтын апай, қалың қалай? Күніне бізді ойлап,шаршап шалдығып жүрсеңізде еш нәрсе сезбегендей жүремін.Сіз үнемі жарқын мінез жайдарыңқы көңіл-күймен  жүресіз.Ешқандай қабағыңды кірбің шалмайды,сіз сыныпқа келгенде үйімізде отырғандай,сынып ішіне жылулық кіре бастайды. Өзіңнің  бізге шын қамқоршы екендігің  бәрімізге аян. Сондықтан сіз,біз қателік жасасақта мұңайғың келмейдігін түсінемін.  Сіздің қайраттылығың, шыдамдылығың мен үшін үлкен өнеге, біле белсеңіз. Ағымнан ақтарылып, хат жазып көрмеген едім . Бүгін міне, қолыма қалам алып,сізге деген алғысым мен сағынышымды білдіргім келіп отырған жайым бар.Сіз нағыз көктемдей күлімдеп,жарқырап бізді қарсы аласыз,тіпті біздің жетістіктерімізді естігенде жүзіңіз бал-бұл жайнап кетеді.Сол сәттер көп болса екен деп іштей тілеп отырамын. Сіз өте мейірімдісіз,жан-жағыңа,айналаңа,ағайын-туыстарыңа қамқорсыз.Бір емес бірнеше отбасыны өз мойныңа алып, қамқолық жасап отырсыз. Менің сүйікті ұстазым, бәрі де тағдыр ғой, білем...Бірақ сен нағыз ерсің білесіз бе, сенің алдыңда мен бас иемін. Өйткені, сен сияқты еңбекқор, жанашырды әлі көрмеппін. Мен сен үшін бақыттымын, сіз соны сеземісіз? Неге дейтін боларсыз, мұның себебі сіз бізге үлкен тәрбие беріп,жарқын болашаққа  зор қуаныш сыйлап үлгердіңіз. Кейде сіздің оқушылардың ортасында миың ашып отырғаныңызды көргенімде мәз боламын.  Ал кейде оларға жекіп, ұстазымның шашын ағартатын болдыңдар ғой деп ұрысқым келеді. Жарайды, басыңызды ауыртып, көңіліңізді түсіргім жоқ, менің. Бар болғаны шәкіртіңнің саған Құдайдай сенетіндігін жеткізгім келді. Оқушың сізді қатты жақсы көреді. Әрдайым саған арқа сүйейді. Соны біліп жүріңізші, жарайма. Сіз біздің  өмірімімізде мәңгі сақталасыз. Сіз бізге жарқын болашаққа жол ашқан сияқты елестетем . Ұмытып барамын ұстазым, еркелігімізді кешіріңізші, сізді ренжіткен күндерімізді. Білесіз ғой менің мінезімнің қатқыл, тез ренжіп қалатынымды. Кейде  көтере алмай, сыныптастарыма ауыр сөздер айтып қалатыным бар емес пе? Міне, осылардың барлығы үшін сізден үлкен кешірім сұраймын. Өзіңе тура қарап айтпасам да, мен сізді жүрегімнің түбінде жақсы көремін ғой. Өзіңіз сондай қымбатсыз... Ал енді жолыққанша сау болып тұр. Сізге ден саулық берсін, аман болыңыз. 

            Шәкіртіңіз Нұрсая                                                                                                                  



 

Хат жаздым сізге алғашқы рет

Хат жаздым сізге алғашқы рет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.05.2020