Хош,балгын бастауыш!
Оценка 4.6

Хош,балгын бастауыш!

Оценка 4.6
Мероприятия
docx
воспитательная работа
4 кл
13.06.2017
Хош,балгын бастауыш!
Хош, балғын бастауыш деген тәрбие сағаты бастауыш сыныпты аяқтап отырған түлектерге арналады. Бұл тәрбие сағатында оқушылар төрт жыл білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымен және төрт жыл саясында аялаған бастауыш мектебімен қоштасады. Мерекеде әр оқушы өздерінің қабілеттеріне қарай білімдерін, өнерлерін көрсетеді.тарбие сагаты
Хош,балгын бастауыш.docx
Қош, балғын бастауыш! Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. 3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Барысы: Музыка ойналып Робот кіреді. Робот: Мен-мен- қайда тап болдым? Қандай елге,қандай мерекеге келіп қондым? Кім маған түсіндіреді екен? Бала: Сіз Қазақстан жеріне келіп түстіңіз.Бүгін «Шаңырақ» мектеп- гимназиясының 4 «а» сыныбының бастауышпен қоштасу салтанаты өтіп жатыр. Робот: Сәлем балақай! Мен ғарыштан келдім.Маған осы елің жөнінде, оқытқан ұстаздарың жөнінде және де білімдеріңнің қаншалықты екенін айтып берші. Егер маған ұнасаңдар мен сендерді білім биігіне , жұлдыздарға сапар шегуге алып кетемін. Бала: Ендеше келіңіз,төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің құтты қонағы болыңыз. І жүргізуші: Армысыздар құрметті:ұстаздар,ата­аналар. Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер! 2­ жүргізуші: Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей,мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын. І жүргізуші: Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. Қошеметпен шақырамыз ортаға, Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық І жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, 4 «а» сыныбын ортамызға! (Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.) ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге, Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы, «Ерен еңбегі үшін»медалінің иегері,қаламыздың құрметті азаматы Сәуле Мәдиқызына беріледі.(гүл тапсыру) Хор. Іжүргізуші: Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер,4- сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болсақ,бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкіртпіз. ІІ жүргізуші: Бұл күнге жәйдан –жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Бір сәт елестетер болсақ ...... экранға назар аударыңыздар. (слайд көрсетіледі). І жүргізуші : Иә,Дамир,енді бізді алдымызда 5-сынып күтіп тұр.Сені қорқыныш билемей ме? ІІ жүргізуші: Жоқ,Назерке. Бірақ та сыныптастарымыздың көпшілігінің жүрексініп жүргенін байқап қалдым. І ж: - Олай болса,олардың пікірлерін байқап көрейік. Тренинг өткізіледі. Шағын пікірталас. ІІ ж: Балалар,сендердің алдарыңда парақ қағаз жатыр.Сол параққа экраннан көрсетілген сұрақтар бойынша өз ойларыңды жазасыңдар.Содан кейін әр топтан бір бала шығып өз ой-пікірлерін айтады. 1-топ: 4-сыныпта не жеңіл, не қиын болды? 2-топ: алдағы 5-сыныпты қалай көздеріңе елестетесіңдер? 3-топ: 5-сыныптағы сынып жетекшінің қандай болғанын қалайсыңдар? Жағдаяттар.І ж:экранға назар аударыңдар. «Қош бол, кедергілер» жаттығуы. ІІ ж :Сендер 5-сыныпқа барасыңдар,қорқыныштарың болады,сол қорқыныштарыңды ақ параққа түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке саламыз.Сөйтіп қорқыныштарымыздан арыламыз. Іж:-Бәрекелді,достар енді «Майшам»жаттығуын жасап жіберейік. Менің қолымдағы сүйкімді ойыншыққа назар аударыңдар.Қазір ол сендердің қолдарыңнан өтеді.Бір- бірімізге өз тілектерімізді айтайық. Мен бастайын: - Еламан , 5-сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқы. ІІ ж: Енді пәндер бойынша білімімізді байқап көрейік: экрандағы 6 ұяшықтың біреуін таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз. Математика Ана тілі Қазақ тілі Дүниетану Бейне сұрақ Салт-дәстүр І ж:Пән мұғалімдерін қошеметпен ортаға шақырайық. (арнаулар оқылып,гүл тапсырылады.) ІІ ж: Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады. І ж: Біз нені сүйеміз? Хормен:  Отанды, ата­ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты. ІІ ж: Біз нені ажырата білеміз? Хормен: Жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны. І ж: Біз кім боламыз? Хормен: Адал азамат, оқымысты ғалым, елді, жерді сүйетін нағыз адам боламыз. ІІ ж:  Төрт жылда да міне, теп­тез өткерді, Білім жолда өтті талай өткелді. «Әліппені», «Ана тілін» үйреткен, Ұстазбенен қоштасатын сәт келді. І ж: Ортаға өзіміздің сүйікті мұғаліміміз  Мәншүк апайды шақырамыз. Мұғалім: , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым Орындалсын арман-тілек,талаптарың Қабылдап алғанымда 23едің 23-ыңды жекелеп парақтадым. Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін, Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе,- дей келе оқушыларыма құттықтау хат тапсыруға рұқсат етіңіздер.(табыс етіледі) Хор: Ұстазым. І ж:Ата-аналар комитетіне сөз беріледі. ІІ ж:Келесі құттықтау сөзді болашақ сынып жетекшімізге берейік. (гүл тапсыру) І ж: Кешіміздің ІІ бөлімінде концерттік бағдарлама. Ән. Бала тілегі. Ұлдардың орындауында. Ән Анашым. Диана,Айсара. Көрініс. Жарайсың бағдарламасы. Қазақ биі. Ән Қошақаным Ислам,Диана,Айсара. Көрініс.Үнді халқының хикаясы. Хор.Балалық шақ.

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!

Хош,балгын бастауыш!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.06.2017