Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 33.docx

Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы тұлғаға бағытталған білім беру траекториясын жобалаудың педагогикалық жолдары мен жағдайы

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына  өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ..

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған  тиімді жұмыс жоспарын  құрып, мақсатын анықтап аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша  жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады. (Жоспарды көрсету)

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің міндеттері:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру,  оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту, ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.

 

 

АҚСУ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2015/2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ИНФОРМАТКИКА ПӘНІНЕН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН

 ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖОСПАРЫ. 

 

Мазмұны

Мақсаты

Мерзімі  

1

Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру

Қыркүйек

2

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту

Қазан

3

Информатикалық марафон апталығын    ұйымдастыру:

1)               7 «А» сыныбында «Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойын өткізу.

2)               8 «А» сыныбында «Интеллектуалдық казино» атты информатикалық марафон өткізу.

3)      9 «Б»  сыныбында интерактивная игра  «Самый умный».

4)      11 «А» сыныбында «Білім биржасы» зияткерлік ойынын өткізу. 

Өз беттерімен алынған білімдерін ортаға салу, түсініктерді сипаттау, жауаптарын дәлелдей білу, бәсекеге түсу машықтарын дамыту.

Логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.

Қараша айының

1-4 жұлдызы

4

Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, сайыстарға қатыстыру

пәнге терең қызығушылығын арттыру

Желтоқсан

3

ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру

Қаңтар

4

Turbo Paskal программалау тілінде бағдарлама құруға үйрету.

Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Ақпан

5

Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, крассвордтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды жүргізу. 

баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту

Наурыз

6

Оқушылардың шығармашылық

қабілетін дамытуда

Microsoft PowerPoint бағдарламасын

қолданудың тиімділігі

Оқушыларға PowerPoint бағдарламасын жетік меңгертіп, білімдерін толықтыру, бағдарламамен істеген жұмысымызды қорғауға машықтандыру.

Сәуір

7

Оқушылардың логикалық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалармен жұмыс жасау.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Мамыр

 

Мен өз шәкірттерімнің жылт ете қалған таланты, қабілеті болса, оны дамытуға, жарыққа шығаруға тырысамын. Өйткені бойдағы бар қабілетті дамытпаса ол – жойылады. Адам бойындағы қабілеттің 1% туа біткеннен дамиды, 99%  еңбекпен келеді деген пікір орынды айтылған пікір. Сондықтан қабілетті тек еңбек ету арқылы ғана дамытуға, көрсетуге болады. Осы тұрғыдан алғанда мен өз шәкірттерімнен нәтижелі жұмыс атқара отырып,

Өз тәжірибемде дарынды балаларды мына жұмыстар барысында  анықтаймын.

Әр сабақ барысында оқушыға мынадай талаптарды қоя отырып жұмыс жасаймын:

o       алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

o       өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

·         басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

·         o       қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;

Бұдан шығатын қорытынды: әр бала қай саладан болсын дарынды әрі қабілетті. Сондықтан қабілетті балалармен жұмыс жасай отырып, жоғарғы биіктерден көрсету мұғалімнің бірден-бір абзал борышы. Оқушының бойына шынайы білім, білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған, білімнің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне, ата-анаға ең беделді, үлгі бола алған адам ғана ұстаз бола алады. Ендеше, бала тәрбиесіне жұмсаған күш-жігерлеріміз Алланың берген сыйы – балалар үшін екенін ұмытпайық!