Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық елдімекені
№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Жамиева А Қ. Информатика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің жазылу формалары және блок-схема
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алгоритмді жазуды және оны блок схема түрінде құрастыра білуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:Оқушыларға алгоритм өмірдегі іс-әрекеттер арқылы құрылымдалатынын түсініп, алгоритмді жазу түрлерін негіздей алады, схемалар түрінде суреттеуді үйренеді..
Негізгі идея:Оқушылардың ойлау,сөйлеу шеберліктерін арттыра отырып, ортада өз ойын еркін жеткізе біледі.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:АКТ презентация, «мен саған,сен маған» сөзжұмбақтар , ПОПС формуласы әдісі,Алгоритм әдісі , «Өзіңді тексер!» –тест
Пән аралық байланыс: математика,тарих
|
Сабақтың барысы |
||
|
1.Ұйымдастыру (1 минут) |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,көңіл күйлерін анықтау.Оқушыларды топтастыру |
Амандасады.Сергіту сәтін жасайды. Сандарды ретімен санау арқылы топқа бөлінеді. |
|
|
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (5 минут) |
Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасы бойынша «Мен саған,сен маған»әдісі бойынша сөзжұмбақтарды келесі топқа беруді тапсырады.
|
Әр топ мүшелері осы сөзжұмбақтарды шешеді.және Сөзжұмбақтарды құру қиындығы мен жеңілдігіне байланысты бағалайды. |
|
ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе (5 минут) |
Мұғалім оқушылардың ойын жинақтау мақсатында сұрақтар береді. |
Берілген тапсырма бойынша оқушылар алгоритмнің жазу жолдары туралы түсінік қалыптастырады. |
|
ІУ.Жаңа сабақ.ПОПС формуласы. (10 минут) |
Мұғалім оқушыларға мәтінмен жұмыс жасауға тапсырма беріледі.Тапсырма ПОПС формуласы арқылы жүргізіледі. Оқушыларды осы әдіс бойынша жаңа тақырыпты түйінді сөздермен жеткізуге бағыттайды. Мұғалім жаңа тақырып бойынша қосымша ақпарат береді. |
Оқушылар жаңа сабақты өз бетінше оқып,түсінеді. Бір-біріне түсіндіреді. П «Менің ойымша,....». О «Себебі........». П «Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдей аламын.....» С «Осыларға сүйене отырып,мен мынадай қорытындыға келдім.....» |
|
У. Жаңа сабақты бекіту . 1 тапсырма. (15 минут) |
Мұғалім әр топқа тапсырма түрлерін береді. №1.Робот-портреті алгоритмінде сурет пайда болатындай бұйрықтарды аяқта. №2.Мына есепке алгоритм құрыңдар.Есеп:Өзеннің жағасында қайығы бар шаруа ,ал оның жанында қасқыр,ешкі,орамжапырақ тұр.шаруа екінші жағалауға осыларды алып өтуі керек.Алайда қайыққа шаруадан басқа ,не тек қасқыр,не тек ешкі ,не тек орамжапырақ сияды.Барлығы зиян шекпейтіндей етіп,алгоритм құрыңдар. |
Оқушылар берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды. 1 тапсырма бойынша оқушы жұмыс дәптерінде робот –портреті шығатындай бұйрықтар тізімн жазады. 2 тапсырма бойынша топтан есепті шешудің тиімді тәсілдерін анықтайды және осы жұмысты постерде қорғайды.Схеам және жазба түрінде . |
|
УІ.Сабақты қорытындылау. (5 минут) |
Мұғалім бүгінгі сабақ бойынша «өэіңді тексер» тест тапсырмасын орындайды. Тест слайд түрінде беріледі. |
Оқушылар берілген тест сұрақтары бойынша жауап береді. Сағат тілімен бағыттас отырған оқушыға жұмыс дәптерін беріп,тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша бір-бірінің жауптарын тексереді. |
|
УІІ.Бағалау.Рефлексия (3минут) |
Осымен сабақ аяқталды. Бағалау парағын жинап алады. БББ кестесін жинап алады. |
Оқушылар өзара, топтық бағалау парағын таратады. |
|
УІІІ.Үйге тапсырма беру (1 минут) |
Алгоритмнің жазылу формаларына «Жұмыртқа қуыру,екі санды көбейту « мысалдарына блок-схема және жазба түрінде бейнелеу. |
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.