информатика

  • doc
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9.doc

6 Сабақ  жоспары

 

Топ

3 топ

Сабақтың  өткізілетін күні

 

 

Пәні:  Информатика  

Сабақтың тақырыбы:  Windows – тың басқаруын орнату.

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік Windows – тың басқаруын орнату тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

                  Тәрбиелік:  икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

                  Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту  (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)

Сабақты  өту  әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл

Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: компьютер 

Әдебиеттер:  В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»

«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер.  2001 ж. OC Windows 98, 2000,  XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин  «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии»  «Всемирная паутина WWW» Питер.  2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы  информатики  и  вычислительной техники» 

10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.

В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі

         а) ұйымдастыру  кезеңі

         б) үй тапсырмасын сұрау

         в) бағалау

         г) жаңа  сабақ

         д) бекіту

         е) үйге  тапсырма

         ж)  қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ  басталған соң баларды  ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру

Windows – тың басқаруын орнату.

Windows-тың әрбір терезесі экранның тік бұрышты аумағы болып саналады. Әдеттегідей, терезенің жоғарғы бөлігінде терезе тақырыбының (title bar) жолы тұрады. Тақырып жолының ортасында терезенің атауы бейнеленеді, тақырып жолының оң жақ және сол жақ бөлігінде жүйелік В менюдің батырмалары (бірақ міндетті емес)., сондай-ақ терезелерді орау мен жазу (немесе терезе мөлшерін қалпына келтіру) орналасады  (3-сурет).

 

3-сурет

Тақырып жолының батырмалар орналаспаған аумағын біз терезе тақырыбы деп атайтын болаиыз.

Жүйелік меню батырмасы да, орау мен жазу (терезе мөлшерін қалпына келтіру) батырмасы да жоқ бола алатынын байқауға болады: олар тек қана сәйкес әрекеттердің мән-мағынасы бар терезелер үшін ғана бар бола алады. Мысалы, Windows-тан шығу кезіндегі (1-сурет) терезе сұранысында орау батырмасы да, жазу батырмасы да болмайды.

Терезелер арасындағы ауыстырылым

Windows көп тапсырмалы жүйе болып саналады және оның басқаруымен бір мезгілде бірнеше бағдарлама орындалады. Сондықтан экранда бір мезгілде бірнеше бағдарлама тұра алады. Пайдаланушының сол немесе басқа әрекеті қай бағдарламаға және қай терезеге жататынын Windows білуі тиіс (мысалы, пернетақтадан символдарды енгізу). Сондықтаг уақыттың әрбір мезетінде тек бір ғана терезе белсенді болып саналады, ал басқалары белсенді емес. Белсенді терезенің тақырыбы бір түспен (әдеттегідей көк түспен) ерекшеленеді, ал белсенді емес терезелердің тақырыптары басқа түске (ақ түске) ие болады. Пернетақтадан символдарды енгізу белсенді терезеге жатады деп саналады. Белсенді терезе әрқашанда басқалардың бетінде орналасады.   

Windows-та жұмыс істей отырып, Сендер бір бағдарламаны, ал содан кейін оны аяқтамастан екіншісін және үшіншісін – компьютердің жедел жады қаншаға жетсе сонша бағдарламаны іске қоса аласыңдар. Бірақ Сендер уақыттың әрбір мезетінде тек бір бағдарламамен ғана жұмыс істейсіңдер (мысалы, пернетақтадан символды енгізесіңдер) және бұл бағдарлама белсенді деп аталады, ал басқа, яғни активті емес,  бағдарламалар фондық режімде Сенің қатысуыңсыз орындалына алады. Уақыттың кез келген мезетінде Сен ағымдағы (белсенді) бағдарламадан басқасына, оны активті етіп, ауыса аласың. Windows мұндай ауысудың бірнеше тәсілін ұсына алады.

1. Басқа бағдарламаға ауысудың барлығынан оңайы, егерде оның терезесі экранда көрініп тұрса, онда осы терезенің кез келген жерінде мауысты шерту керек.

2.      Егерде керек бағдарлама пиктограммаға оралған болса және осы пиктограмма экранда көрініп тұрса, онда осы пиктограмманы мауспен екі рет шерту керек.

3.      Егерде керек бағдарлама

4.      экранда көрінбесе, (Ctrl + ESC)-ті басып, экранға орындалатын бағдарламалардың (суреттің сол жағын қара) тізімін шығаруға болады, керекті бағдарламаны ерекшелеп және Switch То (ауысу керек) батырмасын басу керек. Жылдамдау тәсіл – тапсырмалар тізіміндегі керекті бағдарламаның атаулары бар жолды екі рет шерту керек.

5.      Тағы бір тәсіл – (Alt) пернесін басып және оны босатпастан (Tab) пернесін экранның ортасында керекті бағдарламаның атауы пайда болғанша басып тұру керек. Қалай ол пайда болады, пернелерді босату керек.

6.       Ақыр соңында, бағдарламаның келесі терезесіне ауытыратын (Alt)(Esc) пернелердің қисынын керекті терезеге жеткенше басып тұруға болады.

Терезені жабу

Әдеттегідей, бағдарламаның немесе құжаттың (екінші ретті терезе) терезесі осы бағдарламамен немесе құжатпен жұмыс істеу аяқталған кезде өзі жабылады, ал сұраныс терезесі осы сұраныстағы ОK, Can­cel (болдырмау) және т.б. батырмалардың тиістісін басқан кезде жабылады. Дегенмен де, Сендер терезені өздерің күштеп те жаба аласыңдар. Ол үшін Сендер тақырып жолының сол жақ бөлігіндегі (3-сурет) жүйелік менюдің батырмасы бойынша маусты екі рет шерте аласыңдар.

Егерде бағдарламаның терезесін немесе екінші ретті терезені жабу кезінде дискіде кейбір мәліметтер сақталмаған болса, онда, әдеттегідей, бағдарлама тиісті хабарды шығарады және Сендер не бағдарламамен өңделген мәліметтерді сақтайсыңдар, не мәліметтерді сақтамастан терезені жабасыңда, не терезенің жабылуын болдырмайсыңдар.

4. Жаңа материалды бекіту

Ол  үшін  студенттерге  жаңа  сабақтан бірнеше  сұрақтар  қоя  отырып сабақты  аяқтаймын.

5. Сабақты қорыту

Жаңа  материалды  пысықтау, оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау,  бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру:  жоғарыда келтірілген кестелер көмегімен мысалдар құрастыру.

  

    Оқытушы______________ У.Ш.Аликулов 

 

    ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев