Пән – Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: «MicrosoftVisualBasic 6.0 негізі»
Сабақтың мақсаты: MS Visual Basic туралы жалпы мағлұмат беру және бағдарламада есеп
шығару
1.Білімділік: Оқушыларға
Visual Basic, оның құрылымы туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын
арттыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды
ұқыптылыққа, жан – жақтылыққа,
ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың жабдығы: компьютер, кесте, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. (3 мин.)
ІІ. Үйтапсырмасынсұрау. (17 мин.)
ІІІ. Жаңасабақтүсіндіру. (25 мин.)
ІV. Кестеменжұмыс. (30 мин.)
Сабақтыбекіту. (12мин)
V. Үйтапсырмасын беру.(2 мин)
VІ. Сабақтықорытындылау. (1 мин)
І. Ұйымдастыру:
а) оқушыларды ТҚЕ мен таныстыру;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
II-бөлімдегі MS Access бағдарламасымен танысуды қорытындылау.
1-ші топ студенттері үйге берілген
тапсырмаға сәйкес MS Access бағдарламасымен жұмыс
істеуді қорытындылайды.
Бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Access деген не?
2. MS Access программасы мәліметтер базасының қандай
түрлерінқарастырады?
3. MS Access –те кестелерді байланыстыру
4. Сауал қою құралы болып табылатын Microsoft Access
обьектісі
5. Microsoft Access деректер базасы файлының кеңейтуі
6. MS Access -те сұраныс конструкторы режимі
7. Кестелер арасында байланыс ұйымдастыратын өріс
8. Формаға деректерді енгізу және көрсету үшін қолданылатын басқарудың арнайы элементі қалай аталады?
9. Деректер түрлері. Гиперсілтеме
10. Әр кестедегі деректердің біріктірудін, сақтауын, іздестіруін тиімді түрде ұйымдастыру үшін қай құрал қолданылады?
2-ші топ студенттері үйге берілген тапсырмаға сәйкес жаңа тақырып MS Visual Basiс 6.0 туралы жалпы мағлұмат береді.
Бекіту сұрақтары:
1. Microsoft Windows-қа арналған Visual Basic 1.0 версиясы
қай жылы шықты?
2. Visual Basic 5.0 версиясы қай жылы шықты?
3. Visual Basic 6.0 версиясы қай жылы шықты?
4. List Box компоненті
5. Picture Box компоненті
6. Қосымшаға әр түрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент
7. Command button компоненті
8. Мәтінді сол жақпен, оң жақпен немесе ортамен тузету калай аталады
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Visual Basic бағдарламалау тілі.
1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютерлік әлемге Visual Basiс бағдарламалау жүйесін ұсынады.
Visual Basiс – оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауды ұстанатын (поддерживающий) алғашқы тілдердің бірі. Оқиғалы-бейімделгіш бағдарламалауда әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін (реагировать) көрсетсеңіз болғаны.
Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, өзара байланысты микропрограммалары (процедура) бар қосымшасы құрастырылады. Visual Basiс көмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады, ол үшін міндетті түрде бұл тілді терең, профессионалды түрде меңгеру қажет емес.
Visual Basic алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы ерекшеліктерін оқып-үйренуге өте сай келеді, сондай-ақ кез келген қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар.
IDE (даярламаның жинақталған ортасы) – Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады.
IDE бірнеше элементтерден тұрады:
• Басты меню;• Инструменттер панелі;• Жоба терезесі;• Қасиеттер терезесі;• Пішін макетінің терезесі;
• Элементтер панелі;• Пішіндер конструкторы;• Объектілерді қарау терезесі
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Сол жақта файл меню тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.
Инструменттер панелі-басты менюдің тура астында Visual Basic инструменттер панелі болуы тиіс. Инструменттер панельдерінде Басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы – тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу.Әдетте экранда бір инструменттер панелі болады.
Жоба терезесі—қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Жоба терезесі экранның оң жақ бөлігінде, инструменттер панелі астында орналасады. Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады. Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар. Контекстік меню тікелей активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді. Бұл мүмкіндікке дағдыланыңдар, өйткені ол уақытты үнемдейді.
Қасиеттер терезесі-объектінің сипаттамаларын/өлшемі,түсі,экрандағы жағдайы/немесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic-тегі барлық объектілердің атрибуттары бар. Мысалы пішін белгілі бір өлшемге, фон түсіне, өз тақырыбына т.б. ие. Мұның бәрі пішіннің қасиеттері. Пішіндегі батырманың өзіндік қасиеттер жиынтығы – өлшемі,түсі, жазбасы бар.
ІV. Кестемен жұмыс.
Төменде келтірілген кестедегі мәліметті MS Access бағдарламасында әзірлеп, оны Microsoft Visual Basic негізінде арнайы құрылған бағдарламада көрсету (Label, TextBox – компоненттерін және Microsoft ADO Data Control 6.0 тізімінен Adodc - компонентін қолдана отырып).
|
Зейнеткерлік жасы (мемлекет бойынша) |
|||
|
р/с |
Мемлекет аты |
Еркек |
Әйел |
|
1 |
Австрия |
65 |
60 |
|
2 |
АҚШ |
65 |
65 |
|
3 |
Англия |
65 |
60 |
|
4 |
Армения |
63 |
63 |
|
5 |
Беларусь |
60 |
55 |
|
6 |
Бельгия |
65 |
65 |
|
7 |
Германия |
65 |
65 |
|
8 |
Грузия |
65 |
60 |
|
9 |
Испания |
65 |
65 |
|
10 |
Қазақстан |
63 |
58 |
|
11 |
Канада |
65 |
65 |
|
12 |
Қырғыстан |
63 |
58 |
|
13 |
Латвия |
62 |
62 |
|
14 |
Литва |
62 |
60 |
|
15 |
Молдова |
65 |
60 |
|
16 |
Ресей |
60 |
55 |
|
17 |
Тажікстан |
63 |
58 |
|
18 |
Өзбекстан |
60 |
55 |
|
19 |
Украина |
60 |
55 |
|
20 |
Франция |
60 |
60 |
|
21 |
Жапония |
70 |
70 |
Жаңа тақырыпты бекіту
сұрақтары:
1. Visual Basic дегеніміз не?
2. Visual Basic қандай операциялық жүйелерде жұмыс жасайды?
3. Visual Basic меню қатарын атаңыз.
4. Timer, Label, TextBox компоненттері қолданылуы
5. Visual Basic қандай артықшылықтары бар?
6. IDE қандай элементтерден тұрады?
7. Visual Basic кемшіліктерін атаңыз?
V. Үйге тапсырма:
Visual Basic 6.0 негізгітүсінігі, Label, TextBox, Adodc – компоненттері және оларды қасиеттер терезесінде өңдеу, IDE –элементтері.
VІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың алған білімін бақылап, сабаққа араласуын қадағалап, сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.