Пән – Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Топ – Күні
Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік ережелері. Гигиеналық талаптар. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
І.Білімділік: Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау,
оқушыларға ақпараттық жүйе,
ақпараттық жүйенің құрылымы туралы
түсінік беру;
ІІ. Дамытушылық: Есеп
беруді безендіруге қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
ІІІ. Тәрбиелік: оқушыларды
ұқыптылыққа, жан – жақтылыққа,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың жабдығы: компьютер, кесте, слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ. Біліктілікті, икемділікті, дағдылықты көкейкесті ету
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
V. Сабақты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру:
а) оқушыларды ТҚЕ
мен таныстыру;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
1. Жалпы ережелерді;
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
3. Жұмыс жасау кезіндегі;
4. Апаттық жағдайдағы;
5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
- Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
III. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
- Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
- Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
- Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
- Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы ттехника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
- Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
- Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
- Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
- Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
- Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
- Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
- Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
- Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
- Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
- Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
- Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
- Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
- Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
- Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
- Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
- Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;
- Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;
- Зақымданған жерге суық су құю;
- Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
- Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;
- Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
- Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;
- Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
1. Бас жаттығуларын жасау:
2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
6. Көз жаттығуларын жасау:
Көзге арналған жаттығулар
1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет
2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.
3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
ә) Ақпараттық жүйе ұғымы
Дәріс мақсаты: Жүйе, ақпараттық жүйе туралы түсінік беру.
Тақырып сұрақтары:
1. Әртүрлі элементтерден тұратын жүйелер.
2. Ақпараттық жүйе.
Дәрістің тезисі
Жүйе - әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртоптас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырылатын кез-келген обьект түсінігі болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша және бастапқы мақсаттар бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, әртүрлі элементтерден тұратын әртүрлі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді қарастырайық.
Кесте 2.1Әртүрлі элементтерден тұратын жүйелерге сипаттама
|
Жүйе |
Жүйе элементтері |
Жүйенің бастапқы мақсаты |
|
Фирма |
Адамдар, жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б. |
Тауарды өңдеу,өндіру |
|
Компьютер |
электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс линиясы және т.б. |
Мәліметтерді өңдеу |
|
Телекомуникациялық жүйе |
Компьютерлер,модемдер,кабельдер, желілік бағдарламалық жасақтама және т.б. |
Ақпараттарды беру |
|
Ақпараттық жүйе |
Компьютерлер,компьютерлік желілер, адамдар, ақпараттық және бағдарламалық жасақтама және т.б. |
Кәсіптік ақпаратты өндіру |
Информатикада жүйе түсінігі өте кең таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда, ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте жиі қолданылады.
Жүйе деп компьютердің ақпараттық бөлігін айтуымызға болады, нақты қолданбалы есептерді шешуге, құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды алуымызға болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функциялану (іс-қимыл жасауы) мақсаты бейнеленеді. Ақпараттық жүйе – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру жүйесі.
Олар, сонымен қатар, мәселелерді талдауға және жаңа өнімдерді құруға көмектеседі. Яғни, ақпараттық жүйе дегеніміз қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды сақтау, өңдеу, беру және т.б-лар үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персональдың өзара байланысқан жиыны. Қазіргі кезде ақпараттық жүйені дербес компьютердің, ақпаратты өңдеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдары ретінде қолданылып ұсынылады. Ірі ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық қорларына, құрамына дербес компьютерлермен қатар Mainframe (мэйнфрейм) немесе супер Э.Е.М енеді. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рольінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлермен ақпараттық жүйелер арасындағы ерекшелікті түсіну өте маңызды болып табылады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық жүйемен техникалық қорлар үшін негізгі құрал болып саналады.
IV. Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі
V. Оқушылардың алған білімін бақылап,
сабаққа араласуын қадағалап, сабақты
қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.