информатика

  • docx
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 44.docx

Пәні

Информатика

Тобы

 

Уақыты

 

Сабақтың тақырыбы

Интернет желісінің принципі және жұмыс істеуі. Серверлер және клиенттер.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат -міндеттері

А) Ақпараттық:  Интернет желісінің принципі және жұмыс істеуі, серверлер және клиенттер ұғымдарымен таныстыру, жаңа ақпарат беру.

Ә) Коммуникативтік: Пікірталаста ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдауға дағдыландыру.

Б) Проблеманы шешу:Интернетпен іс-әрекетінде бақылауды тапсырылған тәртіппен орындауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Дәріс

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар

АКТ

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Түсіндіру, баяндау, проблемалық ішінара -ізденіс.

Пән аралық байланыс

Тарих, ағылшын

Оқытудың құралдары

Компьютер, интерактивтік тақта, интернет көздері

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

(2 минут)

 

а) Амандасу

ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру

б) Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Оқытушымен амандасу.

Оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

Сабаққа дайындалады. Оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды.

IІ. Өткен материалды қайталау

(8 минут)

Студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын:

1. Деректер қоры түсінігіне анықтама беріңіз?



2. Сұраныс дегеніміз не?

 

 

3. Access обьектілері қандай?

 

4. Access бағдарламасын қалай іске қосамыз?

 

 

5. Кілттік өріс дегеніміз не?

 

6. Сұраныс нәтижесінде деректерді қалай өзгертуге болады?

7. Access мәліметтер қоры файлының кеңейтілуін атаңыз?

8. MS Access-тің типтері қандай?

Студенттер  сұрақтарға жауап береді.

 

1. Деректер қоры (ДҚ)- құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл.

2. Сұраныс – бұл кестедегі қажетті мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып беретін объект.

3. Access обьектілері: кестелер, сұраныс, қалыптар, есептер, беттер, макростар мен модульдер.

 4. Access- бағдарламасын іске қосу үшін: Іске қосу-Программалар- Microsoft Access командасын береміз.

5. Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өріс деп атайды.

6. Деректерді жаңартуға, таңдауға, жоюға және қосуға арналған сұраныстарды құруға болады.

7. MDB

8. Мәтіндік, Мерзім\уақыт, Санауыш, Memo, Ole, Логикалық

Мәліметтер қоры, Access-тің обьектілері туралы білімді меңгергенін, меңгермегенін анықтайды. Сұраныс туралы, MS Access-тің типтері туралы бұрын игерген білімдерін естеріне түсіреді, қайталайды.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

(10 минут)

Алдымен интерактивтік тақтада слайд арқылы түсіндіремін.

INTERNETмиллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

INTERNET сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTER-national  NET-work)

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында  Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPAnet желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет  еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл  ағылшынның   халықаралық  желі  деген  сөзі.

Интернеттің таралуы 3 бағытта жүргізіледі:

       техникалық немесе аппараттық компонент;

       программалық компонент;

       ақпараттық компонент.

Аппараттық компонент

Компьютерлердің әртүрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әртүрлі болып келетін байланыс арналарынан, компьютерлер мен  байланыс арналары арасындағы механикалық және электрлік құрылғылардан тұрады.

Программалық  компонент

Интернеттегі түрлі типтегі компьютрлер мен құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оның негізгі атқаратын қызметі:

-информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, бастапқы қалпына келтіру;

-желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;

-аппаратураның  функциональдық үйлесімдігін қамтамасыз ету.

Программалық жабдықтамалар екі топқа (класқа) бөлінеді:

- сервер-программалар, тұтынушылар компьютеріне қызмет ететін желі торабында (негізгі түйінді компьютерде) орналасады;

- клиент-программалар, тұтынушылар компьютерінде орналасып, сервердің қызметін пайдаланады.

 

Ақпараттық компонент

Ақпараттық компонент желідегі компьютерлерде сақталатын түрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Желідегі құжаттар бір- бірімен сілтеме адрестер арқылы беріледі.

Қажетті ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

 

 

 

 

Жаңа тақырып бойынша «Интернет» сөзінің мәнін ұғынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет деген терминнің, ARPAnet желiсiнің пайда болуымен танысады, қай елде және қашан шыққандығын меңгереді.

 

 

 

 

 

Интернеттің 3 таралу бағытын: -аппараттық компонент;

-программалық  компонент;

-ақпараттық компоненттерін ұғынып, түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалық жабдықтамаларды екі топқа

сервер-программалар және клиент-программалар деп бөліп, мәнін ұғынады, ажырата алады.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту

 (18 минут)

а) Интернеттен қарап кестені толтырыңыздар:

20 ғасыр тұлғалары

Аты - жөні

Өмір сүрген жылдары

Қызмет саласы

Фотосуреті

Джеф Раскин

 

 

 

Лев Ландау

 

 

 

Юрий Гагарин

 

 

 

ә) Ауызша сұрақтар қоямын

1. Интернет дегенді қалай түсінесіз?

 

 

2. «Интернет» термині қай тілден алынған, қандай мағына береді?

 

3. Интернет қашан және қай елде дүниеге келдi?

4. Интернеттің  таралу бағыттарын атаңыз?

 

 

 

5. Программалық жабдықтамаларды неше  топқа бөлінеді және қандай?

 

6. Программалық  компоненттің атқаратын қызметі қандай?

 

Интернетпен жұмыс жасап, 20 ғасыр тұлғаларын тауып, олардың өмір сүрген жылдары, қызмет саласы, фотосуретін тауып кестені толтырады.

Кестені толтырып, оқытушыға тексертеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.

1. INTERNET әлемдегі миллиондаған байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

2. INTERNET - ағылшын тілінен тікелей аударғанда

 халықаралық желі деген сөздібілдіреді. Ол тек желі ғана емес, ол – желілердің желісі.

3. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.

 

4. Интернеттің 3 таралу бағыты бар. Олар:    аппараттық компонент;

-программалық  компонент;

-ақпараттық компонент.

5. Программалық жабдықтамалар

сервер-программалар және клиент-программалар деп екі топқа бөлінеді.

6. -информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, бастапқы қалпына келтіру;

-желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;

-аппаратураның  функциональдық үйлесімдігін қамтамасыз ету.

Интернетпен жұмыс жасап, өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуды үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет туралы алған білімдері бойынша  сұрақтарға жауап беріп, білімдерін пысықтайды.

 

Интернеттің  таралу бағыттарын, программалық  компоненттің атқаратын қызметтерін айтады.

Ү. Үйге тапсырма. Қорытындылау.

(2 минут)

 

Интернет желісінің принципі және жұмыс істеуі, серверлер және клиенттер тақырыбын оқып, интернеттен қосымша ақпарат алып дәптерлеріне жазып келу.

Оқулықпен, Интернетпен жұмыс жасайды, «Интернет» туралы сайттардан ақпарат қарастырады.

Үй тапсырмасын  орындауға қажетті ресурстарды анықтайды.