Тақырып: МҚБЖ Access. Бағдарламаның мүмкіндіктері. Жаңа база құру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: МҚБЖ Access бағдарламасымен және бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру. MS Access бағдарламасында жаңа база құруды үйрету.
2. Дамытушылық: Өз ойын жеткізе білу және алғырлық қабілетін дамыту, пән бойынша білік - дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту
3.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа
тәрбиелеу, өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабаққа деген
қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке,
эстетикаға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, иллюстрациялық әдіс
Сабақта қолданылатын оқу-көрнекілік құралдары: ДЭЕМ, проектор, слайд, оқулықтар.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу және түгендеу, сыныптың сабаққа деген тазалығын тексеру
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақта бекітілген материалды қайталау ( үй тапсырмасын тексеру, сұрау)
1. Excel программасындағы функция дегеніміз не?
2. Функция жазылуы қандай бөлімдерден тұрады?
3. Excel-дің қандай стандартты функциялары бар?
4. Функцияны автотолтыру әдісі бойынша кестелеуге мысал келтіріңіз.
5. Excel-де сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін табу үшін берілетін команда.
ІІІ. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұндамасы
1. Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік
Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.
Мәліметтер қоры (МҚ) деп өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығын айтады. Көбінесе мәлімет қорлары нақты бір аумаққа, ұйымға немесе қолданбалы есептерге құрылады.
Мәліметтер
қорының құрылымының негізін кесте құрайды.
МҚ-ында файлдар кесте, жолдар жазба, бағандар
өріс болып анықталады. Кестені қандай да бір объектілер
жиынның атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге
болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған
сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа
объектілердің характеристикаларына, яғни өрістерге
сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған
мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады.
Өрістің аты – идентификатор. ол әртүрлі
программалардағы мәліметтерді манипуляциялау үшін
қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің
негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп
құрылады. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер т.с.с. болуы
мүмкін. Әрбір кестенің жолы берілген кестеде
сипатталған объектілердің біреуіне сәйкес келеді, оны жазба
деп атайды және оның құрамына берілген объектіні
сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді.
Мәліметтер қорын құрған кезде
информациялардың қарама – қайшылықсыз болуын
қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл әрбір
жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік өрісті
енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше өріс болуы
мүмкін. Өрістердің мәнін қолданушы өзі
енгізеді және ол мәліметтер қорында сақталады.
2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қорымен жұмыс жасауды жеңілдету мақсатында мәліметтер қорын басқару жүйесі – МҚБЖ (СУБД) автоматтандырылған жүйесі қолданылады. МҚБЖ дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені.
МҚБЖ өзінің құрылымында тек қана мәліметтерді сақтап қоймай, сонымен қатар түрлі амал-әдістердіде сақтайды. Ал олардың арқасында пайдаланушымен немесе басқа да программалық–аппараттық кешендермен байланыс түзіледі.
Мамандық саласына сәйкес ақпараттың өте үлкен көлемін тез арада өңдеп, пайдалану қажет болған жағдай – ақпараттық процестерді автоматтандыруды, яғни мәліметтерді жинау, тасымалдау, сақтау, т. с. с. мәліметтер қорымен жұмыс істеуді қажет етеді. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) арқылы мәліметтер қорымен жұмыс атқару–автоматтандырылған ақпараттық жүйені құруды талап етеді.
Мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль.
2. Программалаудың ортасы көмегімен – Visual Basic, Delphi.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен – Access, FoxPro.
Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған МҚБЖ–нің ең танымал түрі – MS Access. Access мәліметтерді енгізу үшін әртүрлі қарапайым және ыңғайлы үлгілер құруға, мәліметтерді өңдеуге және күрделі қорытынды есепті қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Access программасының басты терезесі меню қатарынан, аспаптар панелінен, қалып-күй қатарынан тұрады. Меню жолы ағымдағы терезенің меню командаларынқ ұрайды. Олар:файл,түзету,түр, кірістіру, формат, жазбалар,сервис,терезе. Аспаптар панелі меню қатарынан кейінгі Access жұмыс аймағына дейінгі аралықта орналасқан. Қалып күй жолы Access терезесінің төменінде орналасқан. Ол команданың орындалу жұмысын және жүйенің ағымдағы жай күйін көрсетеді.
MS ACCESS-те 7 түрлі танымал объектілер бар.
Кесте – Мәліметтер қорының негізгі объектісі. Біріншіден кестеде МҚ- дағы барлық деректер сақталады, екіншіден кестеде қор құрылымы сақталады.
Сұраныстар – кестеден мәліметтерді пайдалануға тиімді түрде беру үшін арналған. Сұраныс арқылы деректерді сұрыптау, фильтрлеу сияқты операциялар жүргізіледі.
Форма – егер сұраныс мәліметтерді алуға арналса, форма – мәліметтерді енгізуге арналған объект.
Есеп беру (отчет)– мәліметтерден құжат құрып, баспаға шығару объектісі.
Парақ неме себет (страница) – HTML кодында орындалған мәліметтермен қатынас жасау объектісі.
Макрос және модульдар – МҚБЖ- мен жұмыс кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функция жасауға арналған объектілер.
Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын негізгі қызметтері:
1. Мәліметтерді сақтау, алу және жаңарту;
2. Ақырғы қолданушыларға жүйелік каталогты жеткізу(аты, өрістердің типі және өлшемі, байланыс атаулары, шектеулер және т.б.);
3. Мәліметтердің бүтіндігін және қарама-қайшы келмеуін басқару; «Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бөлігінде сақталған мәліметтердің бір-біріне қарсы келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес.
4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қолдау;
5. Транзакцияны қолдау (қолданушының мәліметтер қорын қолдануға және өзгертуге арналған әрекеттер жиыны);
6. МҚ-ын қалпына келтіру;
7. МҚ-ын қолдануды басқару;
8. Мәлімет алмасуды қолдау(коммуникациялық бағдарламалық жабдықтардың интеграциясы);
3. Жаңа база құру
Мәліметтер базасы Ms Access-те Кесте құру үшін МҚ терезесін ашып, Кестелер⇒Құру командасын берукерек. Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді. Оған кесте құрудың үш режимі енгізілген:
- Конструктор режимінде кесте құру;
- Кестені шебер көмегімен құру (Кестені автоматты түрде құру);
- Деректерді енгізу арқылы кесте құру (Кестені қолдан құру).
Алғашқы кезде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн.
Конструктор терезесін ашу үшін:
Ms Access⇒Кестелерқондырмасы⇒Кесте⇒Конструктор Ашылған Кесте1 терзесіне Өріс аты мен Деректер типін енгіземіз. Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Деректер типі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.
Мәліметтер типі
Мәтіндік – шектеулі өлшемді (255 таңбаға дейін) форматталынбаған мәтінді сақтауға арналған тип.
Мемо - аймақ – үлкен көлемді (257-ден 65535-ке дейін таңбалар) мәтінді сақтауға арналған тип, негізінде мәтін ол аймақта сақталынбайды. Деректерді басқа жерге сақтауға жібереді, аймақта тек сілтеме көрсеткіші сақталады.
Сандық – нақты сандар типі.
Күн/уақыт–күнді және ағымдағы уақытты сақтау типі.
Ақша – ақша сомасын сақтау типі.
Есептеуіш – нақты сандарды автоматты өсуімен сақтау типі.
Логикалық –логикалық деректерді сақтау типі.
OLEО бьектісінің өрісі – OLE обьектісінің сақтау типі. Мысалы – мультимедия.
Гиперсілтеме – URL адресін және Web обьектілерін сақтау типі.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Мәліметтер базасы дегеніміз не?
2. Өріс, жазба және кілттік өріс дегеніміз не?
3. MS Access-те кесте құрудың режимдерін ата.
4. Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?
5. МҚБЖ дегеніміз не? МҚБЖ-нің түрлерін ата.
V. Үйге тапсырманың мазмұндамасы:
Ермеков Н.Т. 11сын. 29-74 бет
VІ. Бағалау
Топ студенттерін бағалау
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.