информатика

  • doc
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 156.doc

CLIL технологиясы  – пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы.  «CLIL» терминінің қолданыста жүргеніне  айтарлықтай уақыт болмағанымен (1994 жылы), ол жаңа құбылыс болып табылмайды. Адам баласы көп тілді қоғамда өмір сүріп келеді. Көп тілді меңгеру қоғамда өмір сүру құралы болып табылады.  «CLIL» терминін 1994 жылы  ғылыми айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде жүргізілуі үшін енгізген болатын. [1, 2] Мұндай оқытудың мақсаты бір уақытта оқытылатын пән мен тілді оқыту болып табылады, яғни мұнда тіл оқу объектісі ретінде емес, басқа пәндерді білу құралы ретінде қарастырылады. CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады.

CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдісті кеңінен қолданылуда.  Өйткені, кейбір пәндер оқушылардың ана тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет.

Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады.

1.   Мәдени аспект

2.   Әлеуметтік аспект

3.   Тілдік аспект

4.   Пәндік аспект

5.   Оқыту аспектісі

Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығына көзім жетті. Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен  сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді.

Оқытушы оқу материалын берерде, жұмысты ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолдануы, оқушының шығармашылық және жеке іс-әрекетіне назар аударуы қажет. Бұл оқушының пәнді оқуына деген қызығушылығы мен ынтасын оятары сөзсіз.

Оқытушы  кәсіби даму мақсатын оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру  негізінде  ала отырып, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру барысында әртүрлі формадағы тапсырмаларды дайындауды  дағдыға айналдырады.

 Әсіресе, карточкаға жазылған түрлі терминдерді сипаттау арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуы байқалады. Қандай да болмасын оқылып жатқан тақырыпқа байланысты тапсырма құрастыру кезінде әрдайым көмекші терминдер үлестіріліп немесе мұғалім қадағалап айтып отырса, оқушы жадында терминдердің жатталуы сөзсіз, әрі оқушы осы пән бойынша өз ойын академиялық тілмен жеткізетін болады.

Информатика сабағында «Компьютердің құрылысы, қосымша құрылғылары» тақырыбын оқыған кезде Үштілділікті енгізе отырып, оқушыларға органайзерлерді сиапаттау арқылы орыс және ағылшын тілдерін жетілдіруге қолдау жасап отырамын.  Мұндай жұмыстарды орындау оқушылардың қызығушылығын тудырады. Сонымен қатар сөйлеу дағысын жетілдіре отырып оқушы тіл мен пәнді түсіну үшін ойлау қабілетін де жетілдіргені дұрыс. Осы орайда бейне материал көрсетіп, кейін тоқтатып, әр оқушыға бос орындары көрсетілген бейне материалға сәйкес мәтін беріледі. Мұндай жұмыс студенттің есте сақтау дағдысын, пән бойынша ақпарат алуымен қатар сол тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Бейне материал көрсету арқылы мәтінді толықтыру жұмысын «Компьютердің құрылысы» тақырыбын меңгеру барысында сабақ жоспарына енгізген болатынмын. Оқушыларға бұл әдіс түрі ұнады. Одан кейінгі қайталауға бағытталған сабағымды жоспарлаған кезде дайын диаграмма арқылы оқушыларды сөйлетуге тырыстым. Алдымен студенттер  диаграммамен 1 минуттай танысып алып, кейін орыс және ағылшын тілдерінде сипаттап берді. Тапсырманы орындауға тілек білдірген оқушылар саны көп болды. CLIL әдісінің негігзі мақсаты – мұғалімнің сөйлеуін азайтып, керісінше оқушылардың бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр сабақтың басында немесе соңында «миға шабуыл» әдісін ұйымдастырып тұрған тиімді. Берілген ұғымға байланысты оқушылар өз ойларын, идеялары мен сабақ тақырыбының сан алуан аспектілерін қозғайтын болады. Осылайша олардың сөйлеу-ойлау дағдылары қалыптасып, сөйлеу тәжірибесі артатынына көз жеткіздім. Талқылауға қатысу оқушылардың қызығушылығын тудыруына, әртүрлі проблемаларды талқылауда сөйлеу дағдысы мен ойлау дағдысын қалыптастыруына әсер етеді. Дайындалатын тапсырмалар түрі пән мазмұнына бағытталған, оқушы түсінетіндей күрделілік деңгейі бойынша құрастырылуы тиіс. Әр тапсырма оқушының өздік жұмысына бағытталуы қажет. Жалпы сабақтарымды ұйымдастыра отырып, тақырыпқа байланысты келесідей тапсырмалар құрастыруды негізге алып жүрмін: диаграмманы құрастыру немесе толықтыру, командалардың орналасу тәртібін дұрыс анықтау, бос орындарды толықтыру, нақты ақпаратты іздеу, термин-анықтама, сөздерді табуға бағытталған ойындар. Тағы бір сабақтарымда жақсы көрініс тауып жүрген әдістің бірі оқушыларға қолдарына тақырыпқа байланысты сөздерді таратып, оның түсіндірмесін әрқайсысы қозғалыста жүріп отырып, бір біріне түсіндіру. Бұл тапсырманың мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының белгілі тақырып бойынша қаншалықты дайын екендігін анықтау.

Бір сабақта мынадай тапсырмалар беруге болады:

Сайыстың  шарты: Бір бала компьютерде жұмыс істегендігі  жайлы  әңгіме жазыпты. Әңгімені  оқып,  неше  қате  жібергенін  анықтаймыз?

?  Мен  компьютерде жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  сканерді  іске  қосамын.  Тышқанмен  әріптерді  теріп,  сурет  салу  керек  болса, сканерді  пайдаланамын.  Компьютерге  дайын  мәтінді  қолдан  енгізбеу  үшін  джойстикті  қолданамын.  Ал  мәтінді  басып  алу  үшін  жүйелік  блокқа  қағаз  саламын. Принтер  арқылы  әндерді тыңдап,  динамик деп  аталатын  плоттерде  құжаттарды  сақтаймын.

§    Мен  компьютермен  жұмыс  істегенде,  міндетті  түрде  монитор  мен  жүйелік  блокты   іске қосамын.  Пернетақтамен  әріптерді  теріп, сурет  салу  керек  болса, Paint  графикалық  редакторын  іске  қосып,  карандашты  пайдаланамын. Ал  мәтінді  басып  алу  үшін принтерге  қағаз  саламын. Колонка  арқылы  әндерді  тыңдап.  «Әндер»  деп    аталатын  бумада   құжаттарды  сақтаймын.

Берілген сөздерді пайдаланып, суретте белгілендер:

1.   Монитор- Монитор- Monitor

2.   Экран- Экран- Screen

3.   Пернетақта- Клавиатура- Keyboard

4.   Тінтуір, тышқан- Мышка- Mouse

5.   Басып шығарғыш- Принтер- Printer

6.   Мәтіналғы- Сканер- Scanner

7.   Модем- Модем- Modem

8.   Жүйелік қорап- Процессор- CPU

9.   Дыбыстық баған, жүйе- Колонка- Column

Жауабы:

 

 

 

    Бұл әдісіті өзім меңгере отырып, оқушыларға да мұғалімге де тигізер пайдасының мол екендігіне көз жеткіздім. CLIL әдісінің негізі тілді білу пән мазмұнын оқу құралы болып табылатындығында.

CLIL әдісін қолдану студентке  сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берсе, оқытушыға остуденттерді үштілділік бойынша қолдауға мүмкіндік береді.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

[1]- http://edu-resource.net  (Предметно-языковое интегрированное обучение).

[2] -https://infourok.ru (МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ CLIL. Алметов Н.Ш., ЮКГУ им. М.Ауэзова, 2016)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru