информатика

  • docx
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 165.docx

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

“Көлік колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 

 

 

 

 

«Келісемін»

Колледж әдіскері

_______Тортбаева Р.Б.

«___»________2018

                    «Бекітемін»

                    Оқу жұмысы бойынша

                    директордың орынбасары

                     _______Латыпова С.С.

                     «____»_______2018ж.

 

 

 

 

Ашық сабақ

Информатика пәні бойынша

 

Тақырыбы: MS WORD – та кестемен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                Дайындаған: Койшыбаева А.К.

 

                                                                           Жалпы білім беру пәндерінің

                                                                       комиссиясымен құпталды

                                                            ______Слямова А.Т.

                                                                                    Хаттама №___ «___»______2018ж.

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2018-2019 оқу жылы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

“Көлік колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 

Сабақ жоспары №8

 

Өткізілетін күні: 24.10.2018ж

Пән аты:информатика

Оқытушы:Койшыбаева А.К.

Топ: 11-ДМк

Сабақтың тақырыбы: MS WORD – та кестемен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды көрсету.

Дамытушылық: Білім деңгейлерін анықтау,  пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Базалық құзыреттіліктер

БҚ 2. Қазіргі заманғы қолданбалы программалармен танысу, олардың өзектілігі мен маңыздылығын анықтау, қолданылу аясы мен негізгі принциптерін қалыптастыру.

-Ақпараттық түрлендіру процесімен, кестелер және мәліметтер қорымен жұмыс істеу.

-Мәліметтерді сақтау, іздеу және оңдеу

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Оқушы білуі тиіс:

—          Кесте жасау тәсілдерін;

—          Ұяшықтарды қосу, алыптастау, біріктіру және ерекшелеу амалдарын;

Оқушы меңгеруі тиіс:

—          Дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосу;

—          Кестеден баған, жол немес ежекелеген элементтерді алып тастауды;

—          Ұяшықтарды біріктіруді және бөліктерге бөлуді;

—          Кестені қоршау, қаріптің және кесте ұяшықтарын бояудың түстерін таңдап алуды;

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технология, ойын технологиясы элементтері

Сабақтың көрнекілігі:   ДК, PowerPoint-та дайындалған презентация-слайдтар. Үлестірме парақшалар

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Пәнаралық байланыс:  сызу, қолданбалы инфоратика, орыс тілі, Қазақстан тарихы

  Жоспар:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

1

Ұйымдастыру

3 мин

2

Өткен тақырыптарға шолу

20 мин

3

Сабақты таныстыру

4 мин

4

Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

10 мин

5

Зертханалық жұмыс

43 мин

6

Сабақтың бекіту

7 мин

7

Үй тапсырмасын беру

1 мин

8

Сабақ қорытындысы

2 мин

 

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына,  оқушылардың киіміне назар аудару. Оқушыларды  түгендеу. Журнал толтыру.

Сабақ жарыс түрінде өтеді «Информатика лидері» анықтаймыз, жинаған ұпайларымен тәжірибелік жұмыстарының қорытындысы бойынша тағайындалып қойылады.

 

2.     Өткен тақырыпқа шолу

Тақтада берілген сұрақтарға жауап береді. «Жүзден жүйрік» ойыны

1.     Пернетақта не үшін керек?

2.     M Word бағдарламасы

3.     ДК дегеніміз?

4.     Мониторды не үшін қолданамыз?

5.     Байт неше биттен тұрады?

6.     Компьютердің негізгі құрылғылары?

7.     Компьютерлік вирустар дегенеміз не?

8.     Компьютердің қосымша құрылғылары?

9.     Мұрағат дегеніміз?

10. Ең белгілі мұрағаттаушы?

11. Қай жылы «Марк-1» машинасы дүниеге келді?

12. Алгоритм дегеніміз не?

13. Алгоритмнің неше қасиеті бар?

14. ДК неге дербес деп аталады?

15. Компьютер қандай мағынаны білдіреді?

16. 70см аз болмауы тиіс?

 

3.     Сабақты таныстыру: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты анықтап мақсатын айту.

4.     Зертханалық жұмысқа рұқсат алу

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды түсіндіру:                                                                               

1.     Кесте дегеніміз не?              

2.     Кесте жасау әдістерін.   

3.     Ұяшықты біріктіру және бөліктерге бөлу операцияларын.

     Кесте дегеніміз-жолдар мен бағандарда реттеліп берілген  ақпарат.   Кесте жолдар мен бағандардың қандайда бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Word мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады.                                                         

        1-әдісі: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып,    Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою    https://lh3.googleusercontent.com/lE8rfEjaDOc6qtSpnOAxXlW3zyG1pxc1CNU4cdohCdus333mkAsz46QukbqNn7_xnzBaOvCZEsFblrvBGOlliNapZDWyXzpswMorKaulZEJ2hHhqApWd4YM1idSGfJCddi8L9sZ0lxo (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз.  Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық.

2-әдісі: Қою–Кесте–Кесте қосу (Вставка–Таблица–Вставить таблицу) https://lh5.googleusercontent.com/gL46U9nXh70FPURkje1lR0SEbGkcj7l29--oeMcMx0LjnHvqDbu1ThRX5N2OYYZCYZoJrITsZqYv2Nsy6BDxsUiet39tqAK2kYMSaRpg2-2IP4TbrQvt7Jwi3bcOv6YM3Oi3eQc7v1oбатырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезе декеректі ұяшық сандарын тінтуірдің сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз. Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық.

        3-әдісі:  Қою–Кесте–Кесте салу (Вставка–Таблица– Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені сызайық.

      Міне, біздер кесте салуды үйрендік.

     Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа  біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік.  Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте– Ұяшықтарды біріктіру  (Таблица –Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара  (Таблицы и границы) тақтасындағы  батырманы шертеміз.

  Ал, екінші жағдайда  Кесте – Ұяшықтарды бөлу  (Таблица –Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе  батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де Ok батырмасын шертеміз.

                             https://lh4.googleusercontent.com/LQkTh1y3ewva32FroJqJwovEVMkZ7z1Cx2le6ETVDNog8IKgGxYb-U4y2W0p4tfwbooQ4HszgQvBcp41kuw8mEdPv05wxrXTdTuWqDFn235ZlOp2iU3vVeoGh-17czEnjBXACBEjV6Y

Мысалы: 1.Соңғы кестеміздің біріншіжолындағы ұяшықтарды  біріктірейік.

     2. Осы жолды  4 баған, 2 жолға бөлейік.

      Кестеге элементтер (жол, баған, ұяшық ) қосу үшін  кез-келген ұяшыққа тінтуір нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда  бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен, ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз.

       Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет – Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз.  Кесте ішіндегі қозғалыс тінтуірдің нұсқағышының көмегімен немесе пернелер көмегіме  Tab,  Shift+Tab орындалады.

    

5.Зертханалық жұмыс

1 тапсырма.

Берілген кестені құр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     Кестенің соңғы екі жолын алып таста

2.     Кестеге бір баған қос

 

2 тапсырма.

1.     Берілген кестені құр.

11ДМк тобының  оқушылары туралы мәлімет

Оқушының аты-жөні

Туған күні

Мекен-жайы

Телефон

1

Оспанов Даурен

12.02.2000

Сатпаев 12-11

51-91-22

2

Ақылбекова Айнұр

02.11.2000

Өтепов 13-15

62-14-13

2.     «Туған күні» бағанының сол жағына 1 баған қос. Оған «тобы» деп жаз

3.     Кестеге тағы 1 жол қос. Оған өзің туралы мәлімет қос.

4.     Құрылған кестені өз қалауыңша көркемде.

№3 тапсырма.

Қазақстан тәуелсіздігінен кейінгі жылдардағы еліміздің тарихынан үзінділерді қолданып «Тәуелсіздік-тұғырым!»  тақырыбына кесте құру

«Тәуелсіздік-тұғырым!»

Жылдар

Айлар

Толықмәліметтер

1986 жыл

16 желтоқсан

Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан Желтоқсан көтерілісі болды.

1991 жылы

16 желтоқсан

Еліміз өзалдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

1991 жылы

1-желтоқсан

Республика жұртшылығы тұңғышрет Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды. 

 

6.Сабақты бекіту. Сәйкесін тап

Әрекеттер

Командалар

1. Кесте құру

Таблица Þ Добавить строку

2. Кестеге баған қосу

Таблица Þ Добавить таблицу

3. Кестеге жол қосу

Таблица Þ Добавить столбцы

4. Кестедегі ұяшықтарды бөлу

Таблица Þ Удалить строки

5. Кестедегі ұяшықтарды біріктіру

Таблица Þ Разбить ячейки

6. Кестедегі жолды өшіру

Таблица Þ Объединить ячейки

VI. Қорытынды. Жиналған ұпау сандарына байланысты «Инфорамтика лидері» марапатталады. Жауап берген сұрақтарына және орындаған тәжірибе жұмыстарына  байланысты бағаланылады.

VIІ. Үйге тапсырма беру: қайталау