Сабақтың тақырыбы: Адамға пайдалы сусындар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының емдік сусындары туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Өлең мазмұнымен жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу және өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының емдік сусындарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: Сусындардың суреті, оқулық, грамматикалық ережеге арналған сызбалар.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5-7 мин әңгіме жүргізу.
II Үй тапсырмасын сұрау. «Өзің пісірген ас тәтті» атты өлеңді жатқа сұрау,бағалау.
III Сабақтың мақсатымен таныстыру: Қазақ халқының емдік сусындары туралы мәліміттермен танысып, өлеңдарді оқу. Және де грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білу.
IV Бекіту. Оқылым.
1-тапсырма Өлең жолдарын ұйқастырып аяқтап айту.
Шай ішетін кесе
Сатып алдық...(кеше)
2-тапсырма. Қазақ халқының емдік сусындары туралы мәліміттермен танысып, өлеңдарді жаттау
1)Мәтінді оқу, аудару.
2) Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
3-тапсырма «Шұбат», «Қымыз» мәтіндерін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау 3-деңгей. Жазылым.
1. Сөйлемдерді аяқтаңдар.
2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін анықтаңдар.
Өте шипалы сусын, сіңімді, пайдалы заттар, емдік дәрі, қышқыл сүт.
2-деңгей. Сөйлемдерден сым есім, етістіктерді тауып, астын сызыңдар. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
1-деңгей.
V.Сергіту сәті: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
VI.Сабақты пысықтау. 5-тапсырма. Берілген сөздерге сын есім тіркеп, сөз тіркестерін құрау.
VII.Сабақты қорытындылау: Вендиаграммасы арқылы салаыстыру ұқсастығын ажырату.
Қымыз Жылқы сүтінен алынады, қышқыл сүт өнімі |
Ұқсастығы Емдік, шипалы қасиеті бар. Қазақ халының сусындары |
Шұбат Түйе сүтінен алынады, қан толықтырады. |
VIII Үй тапсырмасын беру: 4-тапсырма сұрақтарға жауап беру.70 бет
Бағалау.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.