Үй жануарлары
Оценка 4.9

Үй жануарлары

Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
Детсад
09.04.2017
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы білігін бекіту. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек-үйректер-үйректің балапаны; түйе – түйелер – бота – боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Үй жануарлары.docx
Ұйымдастырылған оқу іс  әрекетінің  технологиялық  картасы. Тобы:  Білім беру саласы:  Бөлімі:  Тақырыбы:  Үй жануарлары  Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін сөздерді қолдана  отырып, жануарлар туралы білігін бекіту. Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың  төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін (үйрек­ үйректер­үйректің балапаны; түйе – түйелер – бота – боталар) қолдана білу іскерлігін  дамыту. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.  Сөздік жұмыс: Үй жануарлары – домашные животные, сиыр –корова, жылқы –  лощадь, түйе – верблюд, қой – баран, ешкі – коза. Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық материалдар.   Іс­әрекет кезеңдері Мотивациялық қозғаушы күш Іздену ұйымдастырушы Тәрбиешінің әрекеті Шаттық шеңбері ­Балалар, сендерді үйде ата­әжелерің  «ботам», «қозым» деп еркелете ме?   Ендеше, менің қолымдағы қазақтың  киіз үйін бір­бірімізге сыйлау арқылы  еркелете отырып тілек айтайық. ­Анель, ботам сен аман бол! ­ Әлия, құлыным денсаулығың зор  болсын! Сабақтың барысы (Үнтаспадан баяу әуен естіледі.) ­Балалар, жайлап қана көзімізді  жұмып, көз алдымызға ауылдағы ата­  әжелеріміздің ауласындағы жайылып  жүрген үй жануарларын елестетейік. ­Ал, көзімізді ашайық, бізге кім келіп  тұр екен? ­Бұл төрт түлік малдың, яғни осы  жердің иесі Ақылман ата екен. Ақылман ата: ­Амансындар ма, құлындарым? ­ Сендер үй жануарларына яғни төрт  түлік малға нелер жататынын  білесіңдер ме? ­ Ал, енді олардың төлдері қалай  Балалардың әрекеті           Шаттық шеңберінде  бір –біріне тілек  айтады.         Көз алдарына  елестетіп отырады.       Тәрбиешіні мұқият  тыңдап, Ақылман  атамен амандасады.    Сұрақтарға жауап  береді. Сиыр, жылқы, түйе,  қой, ешкі. аталады? ­Жарайды мен сендердің қастарыңа  отырып демалып, үй жануарлары  туралы айтып берейін. (Ата отырып оқу іс­әрекетіне  қатысады.) ­Балалар , біз үй жануарлары туралы  әңгімемізді жалғастырайық. Үй жағдайында ұстайтын, оларға  адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй  жануарлары. Ертерек заманда, көшпенділік кезінде  қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына  мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы  осы малды ас қылып етін жеген, сүтін  ішіп, айран, қатық, майларын алып  отырған. Біздің еліміздің жері, мал  өсіруге өте қолайлы. Қазақ халқын  малсыз елестету мүмкін емес. Әр жануарларды сипаттап өту: Сиыр  ­бұзаулайды, түйе­ боталайды, бие  ­құлындайды, қой ­қоздайды, ешкі –  лақтайды. Бұл жануарлардың өздеріне  тән дыбыстары болады. Төлдері енесі  өріске кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді. «Не қалай дыбыстайды?» үнтаспадан  жануарлардың дыбыстарын келтіру.   Үй жануарларын қалай шақырады?               Билингвальды компонент:  Үй жануарлары – домашные  животные, сиыр –корова, жылқы –  лощадь, түйе – верблюд, қой – баран,  ешкі – коза.   Бұзау, құлын, бота,  қозы, лақ.   Тыңдайды     Балалар өз ойларын  қосады.     Балалар дыбыстарды ажыратып айтады Қой – қозы: Пұшайт  – пұшайт Сиыр­бұзау: Аухау – аухау Ешкі – лақ: Шөре –  шөре Жылқы –құлын:  Құрау – құрау. Түйе  – бота: Көс­көс Суреттерді атайды       Балалар қайталайды. Рефлексті коррекциялаушы  Сергіту сәті: «Қошақан әні»     Тапсырмаларды орындау: «Төлдерін тап» сурет бойынша төрт  түлік малдың төлдерін тауып, қасына  орналастыру. «Жануарларды жапсыру» өзіне ұнаған  жануарларды таңдап алып, ақ қағазға  жапсыру. Тәрбиеші: ­Төлдер туралы өлең оқиын, сендер  қай төл екенін табыңдар. Шөре –шөре лағым, Тентек болма шырағым. Секеңдемей деміңді ал, Селтеңдеме құлағың.   Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнін үлбіреп, Қарасам көз тоймайды.   Әукім – әукім әукешім, Қасиыншы әукесін. Енең әне келеді, Ақ мамасын береді.   Құлыншағым құндызым, Құлдырайды  шабады. Жылтыңдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.    Балалар біз Атаймен бірге ойын  ойнайық. Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап та, көрсет» Шарты: тақтада көсетілген  жануарлардың төлдерін сызық сызу  арқылы көрсету. Сергіту сәтінде әнді  орындайды     Балалар  тапсырмаларды  орындайды           Лақ       Бота         Бұзау         Құлын           Ойынға белсене  қатысады   Күтілетін нәтиже: Балалар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылық танытады. Нені біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін  біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады. Қандай түсініктерді игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі  екенің игереді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына деген қамқорлық  сезімдерін қалыптасады.

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары

Үй жануарлары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017