Тапсырма: Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар:кремний → кремний оксиді → натрий силикаты → кремний қышқылы → кремний оксиді
Сабақтың мақсаты: Тақырып негізінде теориялық білімді қолдана отырып, жоспар бойынша өздігінен алған білімді көпшілік алдында қорғай білу, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай білу, топтық жұмыста бір-бірінен көмек ала отырып, білімді толықтыра білу және өз жұмыстарын бағалай білу, қорытынды жасау.
Сабақтың жоспары:1. Кремний қышқылы және силикаттар;2. Қыш өндірісі;3. Шыны өндірісі;4. Цемент өндірісі;5. Өндірістік есептер.
Кремний қышқылы және силикаттарКремний қышқылының формуласы: nSiO2 · mH2O SiO2 · H2O→H2SiO3 метакремний қышқылы SiO2 · 2H2O→H4SiO4 ортакремний қышқылы 3SiO2 · 2H2O→H4Si3O8 трикремний қышқылы
Кремний қышқылын алу: 1. Na2SiO3 + H2SO4 = Na2SO4+H2SiO3↓ SiO3ˉ+2H⁺= H2SiO3↓ 2. Кремний қышқылдары кремнийдің кейбір қосылыстарын гидролизінен түзіледі (SiS2 )n + H2O → H4SiO4
ЕсепҚұрамында 50% қоспасы бар 240 г техникалық натрий силикаты тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кремний қышқылының зат мөлшерін есептеңіздер.
Кремний қышқылдарының тұздары
силикаттар
жай
күрделі
Na2SiO3
K2SiO3
CaSiO3
Табиғи силикаттар
kЭ2O3 · nSiO2 · mH2O
Алюмосиликаттар:
ортоклаз К2О · Al2O3 · 6SiO2 (дала шпаты)
альбит Na2О · Al2O3 · 6SiO2
анортит СaО · Al2O3 · 2SiO2
слюда 2Э2О·2Н2О · 3Al2O3 · 6SiO2 (Э=Na,K)
Каолин Al2O3 · 2SiO2 ·2Н2О
Асбест СaО · 3MgO · 4SiO2
Тальк 3MgO · 4SiO2 ·Н2О
Силикат өнеркәсібі
шыны
Қыш
Цемент
Құрылыс материалдары: кірпіш, құбырлар
Тұрмыс-
тық нәрселер: кәрден ыдыс-аяқтар және т.б.
Кәдімгі, химиялық, хрустальді, кварцты, шынытал-
шықтар
Цемент, бетон, темірбетон
Шыныларға жалпы сипаттама Шыны – тұтқырлығы жоғары оттексіз қосылыстар мен оксидтер қоспаларының балқымасын салқындату нәтежиесінде алынатын аморфты қатты зат. Кристалдық заттарға тән торлар шыныда жоқ. Шынының белгілі бір балқу температурасы жоқ. Қыздырғанда 450˚С - тан бастап біртіндеп жұмсарады, 1000-1400˚С арасында сұйықтыққа айналады. Шыны бірден қатпайды, тек біртіндеп қоюланып қатады.
Шынылардың негізгі түрлері:
Әкті натрийлі шыны;
Әкті калийлі шыны;
Қорғасынды калийлі шыны;
Бор силикатты шыны;
Ситалдар;
Есеп
Кәдімгі шынының құрамында 13% натрий оксиді, 11,7% кальций оксиді және 75,3% кремний (ІҮ) оксиді болады. Осы берілгендерге сүйене отырып, шынының құрамын өрнектеңіздер.
Берілгені: Шешуі:
Әкті натрийлі шыны:
Құрамы: Na2O·CaO·6SiO2 Шынының бұл
түрінен
тұрмыстық,
асханалық ыдыстарды дайындайды
Әкті калийлі шыны:.
Құрамы:K2O · CaO · 6SiO2 Натрий оксидін калий оксидіне алмастырсақ шыныға мөлдірлік, беріктілік және сәулелендіру қабілеті жоғары болады. Шынының бұл түрінен терезе әйнектері мен жоғарғы сортты химиялық, оптикалық шыны түрлерін алуға болады
Қорғасынды калийлі шыны:
Құрамы: SiO2·K2O·PbO.
Шынының бұл түрінің сәулелендіру қабілеттілігі жоғары. Егер:24-30% аралығында болса қорғасынды хрусталь деп атайды.18-24% аралығында болса төменгі хрусталь деп атайды.
Бор силикатты шыны:
Құрамы:В2О3·SiO2 Шынының бұл түрінің термиялық қасиеттері жоғары және химиялық тұрақтылығы ерекше болғандықтан одан ыстық пен отқа төзімді ыдыстарды жасауға болады.
Ситалдар: Құрамы: SiO2 – 72-75%, Al2O3 – 12- 36%, Li2O – 2-15%, TiO2 – 3-7%, K2O – 4%. Олардың термотұрықтылығы, механикалық беріктігі және химиялық тұрақтылығы жоғары. Ситалдарды арнайы термоөңдеу арқылы даярлайды.
Шыны өндірісі үшін қолданылатын шикізаттар :
Негізгі шикізаттар
Қосымша шикізаттар
Құм (SiO2),
сода (Na2CO3),
натрий сульфаты ,
поташ (К2CO3),
бор (СаCO3),
қорғасын жосасы (Pb3O4),
мырышты ақ сырлар(ZnO),
каолин (Al2O3·2SiO2·2H2O),
доломит (СаCO3 ,MgCO3)
Бояғыштар:
алтын , күміс , марганец оксидтері – күлгін ,
кобальт (ІІ) оксиді-көк түсті Хром (ІІІ) оксиді – жасыл ,
Никель (ІІ) оксиді – көк күлгін түс береді.
Есеп1 т шынының түрін өндіруге қажет шикізаттарды есептеңіздер?1-топ “Кәдімгі шыны”2-топ “Термиялық шыны”3-топ “Хрусталь шыны”4-топ “Боросиликатты шыны”
Цемент өндірісінегізгі шикізаттары: саз балшық пен әктас Al2O3 · 2SiO2 ·2Н2О = Al2O3·2SiO2+ 2Н2О↑СаСО3 = СаО + СО2↑ СаО + SiO2 = СаSiО3
Бетон
Бетон көпір, бассейін, тұрғын үйлер жасалатын бағалы құрылыс материалы. Бетонға темір өзектен қаңқа жасап салып, қатайған соң пайда болатын ерекше затты темір-бетон деп атайды
«Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ 1997 жылы Өскемен цемент зауыты негізінде құрылған.Ұйымдағы цемент сапасының мінсіздігі теңдессіз шикізаттың (батпақ және әк) қоры есебінен қамтамасыз етіледі. Тек осындай сападағы шикізаттан құрылыста жоғарғы маңыздылығымен кеңінен қолданылатын 500-маркалы және одан да жоғарғы сападағы цемент алынуады. 2008 жылдың сәуір айынан бастап бетонды және темірбетонды, ішкі ауыр бетондардың гидротехникалық құралдары үшін цементтің жаңа түрі – шлакопортландцемент (ШПЦ 400) шығарылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында орналасқан Шымкентцемент АҚ 1958 жылы негізі қаланды. Шымкентцемент» АҚ 1.3 Млн тонна цемент өндіруге қабілетті. Зауытпен өндірілген цемент Байқоңыр космос кешенінің, Алматы және Тәшкент әуежайының, Қашыр және Нүрек ГЭСі, Қарақұм каналының құрылысында, сондай-ақ Қазақстанның және көрші елдердің басқа да әйгілі нысандарында қолданылған. Бүгінде біздің цементіміз бүкіл Қазақстанның көптеген ірі нысандарында бұрынғыдай талап етіледі. Шымкент цемент зауытының жоғары сапалы цементінің қолданылуымен «Асар» ықшамуданында тарихи отанына оралған оралмандар үшін үйлер салынып жатыр. Сонымен бірге «Шымкентцемент» АҚ цементтің арнайы түрін – Көксарай құрылысына арналған сульфатқа төзімді цемент шығарып жатыр. Шымкентцемент АҚ 1998 ж. Italcementi Group-тың бөлігі болды. Italcementi өзіне 4 құрлықтағы 22 елдің ноу-хау тәжірибесі мен мәдениетін біріктіретін холдингілік компания болып табылады, 59 цемент зауытынан, 15 ұсақтау орталығынан, 5 терминалдан, 373 бетон зауыты мен 92 толтырғыш кен өндіру карьерінен тұратын өндірістік желісі бар. Дүниежүзі бойынша 21000-нан астам қызметкері бар және сату көлемінің сомасы 5 миллиард евродан жоғары цемент сату және өндіру саласында дүниежүзілік лидер болып табылады.Italcementi Group Қазақстанда үлкен көпұлтты компанияның ауқымды тәжірибесіне ие және жергілікті тұтынушылардың қажеттілігін ескере отырып, оларға қызмет көрсетуді ұмытпайды. Топтың көзқарасы - «Жергілікті мүдделерге бар назарын аудара отырып, әлемдік сыныптағы компания болу».
ЕсепҚұрылыста қолданылатын цемент ерітіндісін даярлау үшін цемент ұны, құм, суды 1,5:6,0:2,5 қатынасында араластыру керек. Осындай ерітіндінің 2 тоннасын алу үшін әр заттың қандай массасы керек екенін есептеңіздер.
Қыш өндірісі
Саз балшықтан және кейбір металл оксидтерінен тұратын заттарды қыш дейді. Қолданылуына қарай отқа төзімді, химиялық берік, техникалық, тұрмыстық және құрылыстық қыш бұйымдар жасалады.
Қыш бұйымдар жасау процессі бірнеше сатыдан тұрады. Алдымен су қосып сазды илеп, созылғыш масса даярлайды, оған тиісті пішін береді де, кептіріп күйдіреді.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.