Сабақтың мақсаты
Білімділік. Спирттердің классификациясы,
номенклатурасы,изомериясымен физикалық,
химиялық қәсиеттерімен таныстыру спирттердің зияны және пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық,
танымдық ойларын арттыру, оттекті органикалық қосылыстардың құрылысының ерекшелікерін
түсіндіре отырып тақырыпты меңгерту мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысу, басқа оқушыны тыңдау.
Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатын, практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, өзін-өзі бағалай алуға тәрбиелеу
.
Сабақ жоспары:
1.Спирттердің классификациясы
2. Гомологтық қатар .
3. Изомериясының түрлері.
4.Физикалық қасиеттері
5.Алынуы.
6.Химиялық қасиеттері.
7. Қолданылуы.
Жаңа сабақты оқып үйрену.
Сабақтың тақырыбы: Қаныққан біратомды спирттер.
Спирттер дегеніміз, малекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан
(ОН) гидроксил тобы бар заттар.
Жалпы формуласы СnH2n+1OH немесе R-OH
Қаныққан біратомды спирттердің қатары:
1.Метанол, метил спирті
2.Этанол, этил спирті
3.Пропанол, пропил спирті
4.Бутанол, бутил спирті
5.Пентанол, пентил /амил/ спирті
Оқушыларға осы спирттердің молекулалық формуласын ауызша құрастыру тапсырмасы беріледі.
Гомолог қатарының алғашқы 2 өкілі изомер түзбейтін заттар
Ал қалғандары осы берілген класс ішінде тізбек және - ОН тобының орналасуын байланысты құрылым изомерлерін түзеді.
1.Функциналдық тобының орналасу изомериясы
2.Көміртек атомының орналасу изомериясы
3.Классаралың изомерлер /жәй эфирлермен/
Гидроксил тобының орналасуына байланысты спирттерді біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп ажыратады.
1. C4H8OH
CH5CH2-CH2-CH2OH – бутанол 1- біріншілік спирт
CH3CH2-CH-CH3
I
OH – бутанол 2 – екіншілік спирт
СЛАЙД 5
2. C4H8OH
CH3CH2-CH2-CH2OH – бутанол- 1
CH3
I
CH3 – CH -CH2ОН – 2 метил пропанол -1
С2Н5ОН және СН3 –О – СН3
этанол диметил эфирі
№ | Алынуы | Химиялық реакцияның теңдеуі |
1. | Гамогеналканадарды гидролиздеу | R-Hal+H2O→R-OH+HCl /H Hal/ |
2. | Алкендерді гидротацялау арқылы (Морковников ережесі бойынша) | RCH= CH2+H2О→R-CH - CH3 |
3 | Алкендерді тотықтыру | CH2= CH2+[0]+ H2О→ HО CH2- CH2 ОН |
4 | Өнеркәсіпте метанолды синтез-газдан | CО+ H2 CH3 ОН |
5 | Көмірсуларды(глюкозаны) ашыту арқылы | C6H12O6 2C2Н5OH+2CO2 |
t, p кат
ферменттер
II. Алынуы
Біратомды спирттердің химиялық қасиеттері:
1.Гидроксотоптағы сутек атомының белсенді металдарымен әрекетесуі
2 Na+R-OH→2RONa+H2↑
2.Галогенсутектермен әрекеттесуі
R-OH+HBr→RBr+H2O
3.Дегидратациалануы /молекулаішілік/
C2H5OH→C2H4+H2O
4.Жануы:
CnH2n+2O+( )nO2→ nCO2+(n+1)H20+Q
O
5.Дегидрленуі: R-CH2-OH Cu,t→R – C +H2
H
6.Молекуларалық сусыздануы /жәй эфир тузуі/
R-OH+ R-OH R-O-R+H2O
R1-OH+ R2-OH R1-O-R2+H2O
7.Тотығуы:
Біріншілік спирттердің тотығуы:
О
R-CH2-OH R-C-H+H2O K-COOH/карб /
СЛАЙД 8
Спирттердің жеке өкілдерінің адам организміне зияны туралы:
Метанол СН3ОН – өте улы зат.Адам организміне түскен аз мөлшері оны соқырлыққа алып келсе, 50мл мөлшеріндегі шамасы өлімге әкеліп соқтырады!
С2Н5ОН этанолдың аздаған мөлшері адам организмінің ми қыртысында тежеу туғызып, организмді сусыздандырып, оны уландырса, үнемі қолданған адам миының жұмысы нашарлап, бауырын цирроз ауруына әкеліп соқтырады.
Бекіту:
Спирттердің шарөзек моделдерін дайындау.
1 топшаға- метил спиртінің,
2 –топшаға этил спиртінің,
3- топшаға пропил спиртінің
Келесі қосылыстардың структуралық формуласын жазыңдар:
1)Бутанол-2;
2)Пентанол-3;
3)2-метилпропанол-2;
4) Пропанол-1;
5)2,2-диметилбутанол-2.
Рефлексиялы бағалау.
Оқушылыр алдарындағы тестерге жауап бере отырып келіскен жерлеріне «+» белгісін қояды.
Бүгін көп жаңалық білдім.
Маған бұл өмірде керек болады.
Сабақ кезінде ойланатын жағдайлар болды.
Маған сабақ кезінде туындаған сұрақтарға жауап ала білдім.
Сабақ барысында мен жақсы қатысып отырдым, және сабақ өз мақсатына жетті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.