Көктем аруы сайысы. 8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында. Мектеп оқушыларына арналған мерекелік сайыс. Бұл сайыс қыздар қатыса алады. Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезең талаптары жазылған. Сайыс уақытында түрлі мерекелік сайысқа арналған ән шумақтары айтылды. Капитоновка орта мектебінде өтілді.
әрбие сағатының тақырыбы.docx
Тәрбие сағатының тақырыбы: Салауатты өмір салтын сақтау.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Салауатты өмір салтын сақтау,оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру.
Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға
ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін
балаларға ұғындыру. Өзінөзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті,
сұлулықты сезіне білуге баулу.
Түрі: ашық сынып сағаты
Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақалмәтел айту, сұрақжауап, плакаттар.
Көрнекілігі: Суреттер, дәрігер салауат
Тәрбие сағатының барысы:
1.Кіріспе бөлім.
Мұғалім: Күндей жарқырап,
Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым.
2. Негізгі бөлім.
Видео. «Денсаулық»
Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта әңгімескелі отырмыз. .Денсаулық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында
адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны
нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс
тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
3.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
4. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу,
жағымсыз әдеттерге әуес болу /
5. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.
6. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?
Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін
дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтануденсаулық негізі.Өмір сүру үшін
тамақтанамыз.
3.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер
4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай
спортшыларды білесіңдер? Жақсы! Балалар ендеше кім маған денсаулыққа байланысты тақпақ айтып бере алады.
Оқушылар шығады.
2. Ситуациялық жағдайлардан шығу.
1 жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан
естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға
келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2жағдаят:
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол
неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн
көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар
едіңдер?
Жақсы ! Біз қазір әр топ өзіміздің күн кестесін құрастырамыз.
Күн кестесін құрастырамыз.
Дидактикалық ойын: « Егер де..не болар еді? »
Егер де күн болмаса не болар еді?
Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.
Егер де су болмаса не болар еді?
Шөптер құрғайды, шөлдейміз.
Егер де ауа болмаса не болар еді?
Дем ала алмаймыз.
Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.
Балалар , дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?
Денсаулық.
Ең бастысы денсаулықты сақтауымыз қажет екен.
Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Емнің алды еңбек.
3.Аман болса басым,
Тағы шығар шашым.
Жарайсыңдар!
Балалар біз жаңа денсаулықты сақтауымыз күтуміз керек дедім?
Ал, біз денсаулықты сақтау үшін, күті үшін нені сақтануымыз керек?
Жеке бас гигиенасын.
Гигиена не үшін қажет?
Таза жүруіміз үшін не қажет бізге?
Қане алдарымыздағы параққа таза жүруіміз үшін не қажет екенің жазып шығайық.
«Кластер құрастыру». Балалар, сонымен таза жүруіміз үшін не істеу қажет?
Иә, дұрыс ол үшін жеке бас гигиенасын сақтау керек. Уақытылы жуынып, өзөзімізді күте
білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің
әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.
Жарайсыңдар! Балалар біз жеке бас гигиенасы туралы айттық. Енді балалар деніміз сау
болу үшін біз тағы не істеуіміз керек?
Иә, спортпен айналысу қажетпіз.
Ендеше балалар біз қазір бір демалып алу үшін жаттығу жасап жіберійік. Сендердің
қаншалықты күшті екендерін көрейік.
Көңілді жаттығу.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар, біз айтып жатырмыз денсаулығымыз мықты болу үшін спортпен айналысу қажет
деп, ал сендер қандай спорт түрлерімен айналысасындар?
Қанша уақыт дайындаласындар?
Спортпен айналысқанда белгілі бір уақыт қоюға бола ма?
Әлде үздіксіз дайындалу қажет пе ?
Жақсы!
Балалар менің сендермен осы денсаулыққа байланысты тағы бір ойнағым келіп тұр.
Ойын «Мимикалық ойын» деп аталады.
Темекінің зиян екенін көрсету.
Таңғы жаттығу және спортпен айналысу.
Серуендеу.
Балалар, бұның барлығының денсаулыққа не қатысы бар?
Шылымның бізге қандай зияны бар?
Шылымнан басқа қандай зиянды заттар бар ?
Зиянды заттар туралы айту.
Балалар, біз осы зиянды заттарды орнына нені қолдануымызға болады.
Денсаулығымыз мықты болу үшін бізге тағы не керек?
Иә, тамақ ішуіміз керек.
Ал, балалар барлық тағамдар бізге пайдалы ма?
Жоқ, олардың ішінде де пайдасыздары бар екен, ендеше сендерге тапсырма,
Пайдалы және пайдасыз тағамдардан коллаж құрастырамыз.
Коллаж. Балалар, пайдалы тағамдардың ішінде денсаулыққа пайдалы нелер бар?
Дәрумендер.
Дәрумендер.
Балалалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
Бұл тамақтану пирамидасы деп аталады.
Қазір біз тамақтану пирамидасын құрастырамыз.
Ол үшін жұмбақтардың жауабын шешейік.
Тамақтану пирамидасын құрастыру.
3. Қорытынды бөлім
.Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1.Ерте тұру.
2.орта тазалығын сақтау.
3.Үнемі денені таза ұстау.
4.Сергек жүру.
5.Артық тамақ ішпеу.
6.Спортпен шұғылдану.
7.Салауатты өмір салтын сақтау.
8.Зиянды нәрселерден аулақ болу.
Оқушылар бірбіріне жақсы тілектерін айтумен сабақ аяқталды.
"Көктем аруы" сайысы
"Көктем аруы" сайысы
"Көктем аруы" сайысы
"Көктем аруы" сайысы
"Көктем аруы" сайысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.