Көңілді қыс
Оценка 4.7

Көңілді қыс

Оценка 4.7
doc
02.02.2020
Көңілді қыс
Көңілді қыс.doc

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Ашық менің жүрегім

Ылғи күліп жүремін

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Балалар ендеше таза ауаға серуенге шыққыларың келе ме
?
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Сондықтан жылы киініп сыртқа ауаға шығайық.
Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.
Балалар қарды қолмен ұстап көреді.
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?
Балалар: Мұздай
Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады
Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?Балалар: Дөңгелек
Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:
Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)
Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Қыс мезгілі
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Аққала
Барлығымызға ұнады ма?
Иә
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы

 

 

                                        


Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Білім беру саласы: «Коммуникация»

Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.02.2020