Тақырыбы: «Кім тапқыр»
Мақсаты: 1.Оқушылардың білімін, ойын жинақтап,тереңдету.
2.Білімге деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3.Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу,өзгенің пікірін құрметтеу, ұйымшылдыққа баулу.
Ойынға 4 топ қатысады. Әр топтың аты ұраны болуы керек.
Ойын 4 айналымнан тұрады.
Мұғалім:
Уа ,жарандар, жарандар !
Зейін қойып тыңдаңдар!
Ғылымдардың патшасы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз!
------------------------
Математика ермек емес балалық
Математика – көрегендік даналық
Математика құрметтеуге лайық
Кел,достарым мұны жақсы ұғайық!
Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар! Математикалық «Кім тапқыр» сайысына қош келдіңіздер! Сайыс болған соң,әділ бағасын берер ,әділқазылар алқасын сайлап алсақ:.......
Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
І –айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа 3 сұрақ беріледі. Тез дұрыс жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
ІІ –айналым «Ойлы болсаң, озып көр». Әр топқа 1 тапсырма беріледі. 4 ұпай. Берілген мысалдан 4 мысал жазу:
ІІІ- айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ» Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Дұрыс орындаған топ 5 ұпайға ие болады. Ал іске сәт. (2 мин)
ІҮ- айналым «Білгенге маржан» Соңғы шешуші сәтте балалар топпен амалдардың дұрыс бұрыстығын тауып, тез тез шешеді. Дұрыс орындаған топ 15 ұпайға ие болады
І - айналым: «Ұшқыр ой»
1 топқа 2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын.
Үшбұрыштың неше қабырғасы бар ? (3)
10- 2 + 1 (8)
2 топқа
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
2.Төртбұрыштың неше қабырғасы бар ? (4)
3. 10-9 +4 (5)
3 топқа
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Дөңгелектің неше бұрышы бар ? дөңгелекте бұрыш жоқ
3. 10 -8+1 (3)
4 топқа
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Шаршының неше қабырғасы бар ? (4)
3. 10 -2 +2 (10)
ІІ – айналым: «Ойлы болсаң, озып көр» берілген сандардан 4 мысал құрастыр:
1 топқа- 3, 7 ,10 2 топқа 2,8 ,10
3 топқа 1,10, 9 4 – топқа 6, 4,10
1 А сынып оқушыларының сазды сәлемін қабыл алыңыздар!
ІІІ- айналым «Тапқыр болсаң талас жоқ» Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Дұрыс орындаған топ 5 ұпайға ие болады. Ал іске сәт. (2 мин)
Қарындаш -8 Ұшталғаны – 7
ІҮ- айналым «Білгенге маржан» Соңғы шешуші сәтте балалар топпен амалдардың дұрыс бұрыстығын тауып, тез тез шешеді. Дұрыс орындаған топ 15 ұпайға ие болады
Міне, осымен кезеңдерімізде ағына келіп жетті . Әділқазылар шешімін шығарғанша әсем әнге кезек берсек.
Қайыржан Ақжан __________________________________________
Қорыта келе........
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі. Әділқазылар сөз сөйлеп, қорытындысын айтады.
Барлық ғылымдардың патшасы математика деп бекер айтпайды. Қазіргі экономика заманында есепке жүйрік болуымыз керек. Сонда ғана өз заманымыздың алдыңғы қатарлы азаматы мен азаматшасы боламыз. Сайысымызды аяқтаймыз. Марапаттарыңыз құтты болсын .
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.