Кондуктрометрия
Кондуктометрия электролиттердің концентрациясын
кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің
электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген. Кондуктометрия – ең
қарапайым және талдап сұрыптаудың электрохимиялық әдісі.
Кондуктометрлік әдістердің барлығы
жылдамдығымен, өлшеуіш
аспаптарының оңай табылуымен,
жұмысының ыңғайлылығымен,
қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік,
технологиялық және лабораториялык
жағдайларда талдауды автоматты түрде,
әрі қашықтықтан жүргізу мүмкіндігімен сипатталады
Кондуктрометрия
Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтаганда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды. Кондуктометрлік ұяшықтарды термостатсыз өлшегенде, бұл қателіктер 3 %-ке артады, өйткені температураның бір градусқа жоғарылауы электр өткізгіштікті 2 не 3 проценттей өзгертеді. Демек, ерітінділерді термостаттау кондуктометрлік талдау әдісінің дәлдігін арттырады.
Кондуктометрияның теориялық негізі
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі - осы ерігіндінің кедергісіне кері шама,
әрі ол сыртқы электр өрісінің әсерінен еріген заттыіі электр тогын өткізу қабілетіне байланысты.
Ендеше бүл эдіс электрдің негізгі заңдарының бірі Ом заңына бағынады:I = Е / Rмұндағы I - ток күші, Е - потенциал айырымы, R - кедергі.Кондукгометрияда өлшенетін шама ерітіндінің кедергісі немесе электр өткізгіштігі болуы мүмкін.
Электр өткізгіштігінің бірлігі - кедергісі 1 Ом өткізгіштің өткізгіштік қабілеті.
Кондуктометрияның сандық параметрлері
l-ерітінді қабатының қалыңдығы электродтар арасындағы электролит
S-электродтар бетінің ауданы
ρ-электрлік қарсылық
ϰ = 1 / ρ-нақты электрөткізгіштік
𝑅𝑅= 𝑙 𝑦 𝑙𝑙 𝑙 𝑦 𝑦𝑦 𝑙 𝑦 = 𝑙 𝑥∙𝑆 𝑙𝑙 𝑙 𝑥∙𝑆 𝑥𝑥∙𝑆𝑆 𝑙 𝑥∙𝑆
Кондуктометрияның теориялық негізі
Электролит арқылы ток өткенде, оң зарядталған болшекіер катодка (теріс зарядталған электродқа), ал теріс зарядталған бөлшектер анодқа (оң зарядталған электродқа) қарай жылжиды. Демек, электролиттегі әрбір зарядталған бөлшек электр өткізгіштік сияқты жалпы процеске қатысады.
Барлық белгілі және табиғатта кездесетін немесе қолдан жасалған өткізгішгер олар арқылы электр тогы өткен кездегі электрдің тасымалдану механизміне тәуелділігіне қарай үш топқа бөлінеді :
электрондык, иондық, аралас.
Элекптрондық өткізгіштер. Мұнда өткізгіштердегі электрді тасымзлдаушылар - электрондар. Электрондық өткізгіштерге металдар, жартылай еткізгіштер, металл құймалары, көміртек және кейбір тұздар мен тотықтар жатады.
______________________________________________________________________________
Иондық өткізгіштер. Мұндағы электр тасымалдауыштар - иондар. Өткізгіштердің бұл тобына газдар мен электролиттер, олардың ерітінділері жатады._______________________________________________________________________________
Аралас откізгіштер әрі электрондық, әрі иондық қасиетке ие болады. Бұған сұйық аммиактағы сілтілік жер элементтердің ерітінділері, кейбір сұйық (балқыма) құймалар мен тұздар жатады. Мұндай өткізгіштердегі ток өткізу сипаты температураның белгілі бір аралықтарында өзгереді.
________________________________________________________________________________
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.