«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
5 «___» класс _________________________________________________________________
Қазақстандағы ұлттар достастығы
Ұлы Дала табиғаты
Ер есімі – ел есінде!
I - нұсқа
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прослушайте текст, выполните задания.
1. Қазақстанда 1 мамыр мейрамы қай жылдан бастап мерекеленеді?
А) 1996 жылдан
В) 1886 жылдан
С) 1890 жылдан
Д) 1917 жылдан [1]
2. ІІ конгресте 1 мамыр қандай күн болып жарияланды?
А) Ресей жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
В) Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні
С) Қазақстан жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
Д) халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні
[1]
3. Нақты ақпарат кездесетін сөйлемді белгілеңіз.
А) Мерекенің тарихы туралы не білеміз?
В) Қазақстанда 130-дан аса ұлт тұрады.
С) Жұмысшылар демонстрацияға шықты.
Д) Мерекеде халық салтанатты шеруге шығады.
[1]
4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А) Чикаголық жұмысшылар неге көтеріліске шықты?
[1]
_____________________________________________________________________________
В) Елімізде 1 мамыр қандай мереке?
_____________________________________________________________________________
[1]
Оқылым
Сәлеметсіңдер ме, менің ардақты анам мен бауырларым!
Анашым, денсаулығыңыз жақсы ма? Бауырларым, сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Туған-туыстар, ауыл аман ба?
Сіздер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қатты қуанып отырмын. Өзімнің қал-жағдайым жақсы. Хатты шамның жарығымен окопта жазып отырмын. Қазір Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Біздің батальон екі апта бойы күндіз-түні жаумен жан аямай соғысып жатыр. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: қираған үйлер мен өртенген ғимараттар, атылған зеңбірек дауысы.
Ауа райы да қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Саз-балшықта қару-жарақты көтеріп жүру де өте қиын. Бірақ біз қандай қиындыққа болса да шыдаймыз, берілмейміз. Барлығымыз жауды жеңіп, елге аман-есен оралуды армандаймыз. Сіздердің суреттеріңізге қарап, сағынышымды басамын.
Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар. Жақын арада соғыс біткен соң, елімізге білімді адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңыздар.
Ыстық сәлеммен: Мәриям
6. Мәтін мазмұнына сай келетін 3 ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпараттар |
Шын |
Жалған |
А. Мәриям Прибалтиканы қорғау үшін соғысып жатыр. |
|
|
В. Сағынғанда отбасының суретін қарайды. |
|
|
С. Прибалтикадағы қатты аяз ыңғайсыздық туғызады. |
|
|
Д. Мәриям бауырларының білімді болғанын қалайды. |
|
|
Е. Марат жазда Арманға барады. |
|
|
[3]
7. Мәтінде кездесетін хат жанрының екі ерекшелігін көрсетіңіз.
А) термин сөздер қолданылған
В) сұраулы сөйлемдер қолданылған
С) адресат және адресант көрсетілген
Д) сәлемдесу, қоштасу сөздері қолданылған
[2]
Жазылым
Төмендегі тақырып бойынша хат мәтінін құрастырып жазыңыз. Хатта жанрлық, стильдік ерекшеліктерін ескеріп, сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз. Сөз саны-70-90.
[10]
Тақырып: Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хат жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жағдаятты сипаттап, ауызша мәтін құрап айтыңыз. 10-15 сөйлем.
[10]
Тірек сөздер: бірлік пен татулық мекені, бейбіт заман, Қазақстан халықтарының ассамблеясы, ортақ мақсат, ұлттар мекені, ортақ тарих
Тірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат - мүсінші, кең дала, өзен-көл, жасыл желек
Тірек сөздер: Ұлы Жеңіс, ұмытылмас ерлік, жанын пида ету, батырларға тағзым, ардагерлерге құрмет
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
5 «___» класс _________________________________________________________________
Қазақстандағы ұлттар достастығы
Ұлы Дала табиғаты
Ер есімі – ел есінде!
II - нұсқа
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прослушайте текст, выполните задания.
1. Қазақстанда 1 мамыр мейрамы қай жылдан бастап мерекеленеді?
А) 1996 жылдан
В) 1886 жылдан
С) 1890 жылдан
Д) 1917 жылдан [1]
2. ІІ конгресте 1 мамыр қандай күн болып жарияланды?
А) Ресей жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
В) Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні
С) Қазақстан жұмысшыларының ынтымақтастығы күні
Д) халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні
[1]
3. Нақты ақпарат кездесетін сөйлемді белгілеңіз.
А) Мерекенің тарихы туралы не білеміз?
В) Қазақстанда 130-дан аса ұлт тұрады.
С) Жұмысшылар демонстрацияға шықты.
Д) Мерекеде халық салтанатты шеруге шығады.
[1]
4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
А) Чикаголық жұмысшылар неге көтеріліске шықты?
[1]
_____________________________________________________________________________
В) Елімізде 1 мамыр қандай мереке?
_____________________________________________________________________________
[1]
Оқылым
Сәлеметсіңдер ме, менің ардақты анам мен бауырларым!
Анашым, денсаулығыңыз жақсы ма? Бауырларым, сабақтарыңды жақсы оқып жүрсіңдер ме? Туған-туыстар, ауыл аман ба?
Сіздер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қатты қуанып отырмын. Өзімнің қал-жағдайым жақсы. Хатты шамның жарығымен окопта жазып отырмын. Қазір Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Біздің батальон екі апта бойы күндіз-түні жаумен жан аямай соғысып жатыр. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: қираған үйлер мен өртенген ғимараттар, атылған зеңбірек дауысы.
Ауа райы да қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Саз-балшықта қару-жарақты көтеріп жүру де өте қиын. Бірақ біз қандай қиындыққа болса да шыдаймыз, берілмейміз. Барлығымыз жауды жеңіп, елге аман-есен оралуды армандаймыз. Сіздердің суреттеріңізге қарап, сағынышымды басамын.
Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар. Жақын арада соғыс біткен соң, елімізге білімді адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңыздар.
Ыстық сәлеммен: Мәриям
6. Мәтін мазмұнына сай келетін 3 ақпараттарды анықтаңыз.
Ақпараттар |
Шын |
Жалған |
А. Мәриям Прибалтиканы қорғау үшін соғысып жатыр. |
|
|
В. Сағынғанда отбасының суретін қарайды. |
|
|
С. Прибалтикадағы қатты аяз ыңғайсыздық туғызады. |
|
|
Д. Мәриям бауырларының білімді болғанын қалайды. |
|
|
Е. Марат жазда Арманға барады. |
|
|
[3]
7. Мәтінде кездесетін хат жанрының екі ерекшелігін көрсетіңіз.
А) термин сөздер қолданылған
В) сұраулы сөйлемдер қолданылған
С) адресат және адресант көрсетілген
Д) сәлемдесу, қоштасу сөздері қолданылған
[2]
Жазылым
Төмендегі тақырып бойынша хат мәтінін құрастырып жазыңыз. Хатта жанрлық, стильдік ерекшеліктерін ескеріп, сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз. Сөз саны-70-90.
[10]
Тақырып: Қазақстанның болашақ ұрпағының атынан соғыс ардагерлеріне хат жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым
Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жағдаятты сипаттап, ауызша мәтін құрап айтыңыз. 10-15 сөйлем.
[10]
Тірек сөздер: бірлік пен татулық мекені, бейбіт заман, Қазақстан халықтарының ассамблеясы, ортақ мақсат, ұлттар мекені, ортақ тарих
Тірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат - мүсінші, кең дала, өзен-көл, жасыл желек
Тірек сөздер: Ұлы Жеңіс, ұмытылмас ерлік, жанын пида ету, батырларға тағзым, ардагерлерге құрмет
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прослушайте текст, выполните задания.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамы елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Бүгінде 18 миллионнан аса халқы бар Қазақстанды 130-дан аса ұлт өкілдері мекен етеді.
Бұл мерекенің тарихы туралы не білеміз?
1886 жылы халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні чикаголық жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, демонстрацияға шықты. Алайда көтеріліс соңы полиция мен көтерілісшілердің арасындағы қақтығысқа айналды. Ал үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1 мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атады.
Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы аталып өтілді. Ал 1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойланды. 1 мамыр ұзақ уақыт бойы барлық елдер жұмысшыларының ынтымақтастығы күні болып тойланып келді.
Қазір тәуелсіз елімізде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні деп аталады. Еліміздегі барлық ұлт өкілдері осы мереке күні салтанатты шеруге шығып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып тойлайды. (130 сөз)
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Тапсырма |
Жауабы |
Балл |
Қосымша ақпарат |
Тыңдалым |
|||
1 |
А
|
1
|
Әр дұрыс жауапқа 1 балл |
2 |
Д |
1 |
|
3 |
В |
1 |
|
4-5 |
А. 8 сағат жұмыс күнін талап етті. В. Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні |
1 1
|
|
Оқылым |
|||
6 |
А, В, Д |
3 |
Әр дұрыс жауапқа 1 балл. |
7 |
В, Д |
2 |
Жазылым
Балл |
Мазмұны (5 балл) |
Тіл сапасы (5 балл) |
5
|
Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. |
Өте жақсы Жалғауларды және пунктуациялық тұлғаларды, сұраулы сөйлемнің барлық формаларын өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 |
Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. |
Жақсы Жалғауларды және пунктуациялық тұлғаларды, сұраулы сөйлемнің бірнеше формаларын дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 |
Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. |
Қанағаттанарлық Жалғауларды және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Сұраулы сөйлемнің бір формасын қолданады. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 |
Төмен. Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. |
Төмен Жалғауларды және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. Сұраулы сөйлемнің формасын қолдануда қате жібереді. |
1 |
Өте төмен. Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы өте шектеулі. |
Өте төмен Жалғауларды және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. Сұраулы сөйлемнің формасын қолдануда өрескел қате жібереді. |
Айтылым
Балл |
Негізгі ойды ашуы (5 балл) |
Сөз қолданысы (5 балл) |
5
|
Өте жақсы Суреттегі әр детальді өте жақсы сипаттау арқылы жағдаятты әңгімелейді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
|
Өте жақсы Тірек сөздердің барлығын суретті сипаттауда өте дұрыс қолданады Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 |
Жақсы Суреттегі детальдарды жақсы сипаттау арқылы жағдаятты әңгімелейді. Ойын орынды жеткізеді. |
Жақсы Тірек сөздердің кейбірін суретті сипаттауда дұрыс қолданады Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3 |
Қанағаттанарлық Суреттегі кейбір детальдарды ішінара сипаттау арқылы жағдаятты әңгімелейді. Ойын орынды жеткізеді. |
Қанағаттанарлық Тірек сөздердің кейбірін суретті сипаттауда қолданады. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
2 |
Төмен Суреттегі детальдарға мән бермей, жалпы сипаттау арқылы жағдаятты әңгімелеуге тырысады. . Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. |
Төмен.Тірек сөздерді суретті сипаттауда шектеулі қолданады. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1 |
Өте төмен Суретті жалпы сипаттау арқылы жағдаятты әңгімелеуге қиналады Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. |
Өте төмен.Тірек сөздердің кейбірін суретті сипаттауда орынсыз қолданады. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.