Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Оценка 4.9
Лабораторные работы
docx
информатика
10 кл—11 кл +1
15.05.2017
Лабораторная работа разработана для специальности 1304000 "Вычислительная техника и программное обеспечение" для студентов 2 курса. Дисцплина: Основы алгоритмизации и программирования. Лабораторная работа на казахском языке. В этой лабораторной работе учащимся дается теоретическое пояснение по теме лабораторки. Далее по этой теме выданы уже решенные примеры на языке Object Pascal. В конце лабораторной работы студентам нужно будет выполнить самостоятельную работу и ответитиь устно на вопросы.
Зертханалық жұмыс №1.docx
Зертханалық жұмыс №1. OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері
Теориялық мағлұматтар
1970 жылдарды швейцариялық математик Н.Вирт студенттерге дербес компьютердің көмегімен қолданбалы
математиканың есептерін шешу үшін Pascal тілін құрды.
1. Тілдің алфавиті, қызметші сөздер, идентификаторлар
1.1. Тілдің алфавиті
Кезкелген бағдарламалау тілінің алфавиті – бұл осы тілде рұқсат етілген символдар жинағы.
Object Pascal тілінде келесі символдар қолданылады:
Латын алфавитінің үлкен және кіші әріптері, астын сызу белгісі
Ондық сандар – 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ;
Орыс алфавитінің әріптері (түсініктемелер және экранға шығару үшін)
Арнайы символдар
Кесте 1. Арнайы символдар
Симво
л
+
*
/
>
<
=
Түсініктеме
Қосу
Азайту
Жұлдызша
Бөлу сызығы
Үлкен
Кіші
Тең
Симво
л
,
.
:
;
‘
[]
{}
Түсініктеме
Үтір
Нүкте
Қос нүкте
Нүктелі үтір
Апостроф
тік жақша
Фигуралы
жақша
Симво
л
()
$
^
@
#
Түсініктеме
Дөңгелек жақша
Доллар белгісі
Дәреже
Айқұлақ
Бос орын
нөмір
1.2. Қызметші (кілтті) сөздер. Кілтті сөздер дегеніміз – бағдарламаны жазу үшін резервтелген сөздер.
Мысалы,
Program
Uses
Label
Const
Type
Var
Begin
End
If
Read, readln
және т.б.
бағдарламаның тақырыбы
кітапханалық модульдерді қосуға арналған
белгілерді сипаттауға арналған
атаулары бар тұрақтыларды сипаттауға
арналған
қолданушының типін беруге арналған
айнымалыларды сипаттауға арналған
бағдарламаның басталғанын білдіреді
бағдарламаның аяқталуын білдіреді
шартты оператор
шығару операторы
1.3. Идентификаторлар.
Мысалы, S, A, B, mysal1.
Идентификаторларды жазу ережелері:
Идентификаторлар бағдарламаның объектілерін білгілеу үшін қолданылады.
Идентификатор латын алфавитінің әріптерінен, араб сандарынан және астын сызу белгілерінен
тұруы мүмкін;
Идентификатор тек қана әріптерден немесе астын сызу белгісінен басталады;
Идентификатор қызметтік сөздермен сәйкес келмеуі тиіс.
Мысалы:
M12 дұрыс!
2graphika – дұрыс емес! (саннан басталмау керек)
Block_56 – дұрыс!
Nomer.doma – дұрыс емес! (нүкте қолданылмайды) 2. Тұрақтылар, айнымалылар
2.1. Тұрақтылар. Тұрақтылар нақты бір мәнді белгілеу үшін қолданылады және оның мәні өзгермейді. Мысалы,
5.25, 100. Тұрақтының өз аты болуы мүмкін. Мысалы, const A=7;
2.2. Айнымалы. Айнымалылар қандай да бір мәнді белгілеу үшін қолданылады және оның әрқашан атауы болады.
Оның мәні бағдарлама барысында өзгеруі мүмкін. Мысалы, var a:integer;
Айнымалыны жариялаған кезде оның мәнін меншіктеу үшін жадыдан арнайы орын бөлінеді.
3. Амалдар, амалдардың реті, арифметикалық өрнектер.
3.1. Амалдар. Есептерді шешу кезінде амалдар өрнектерді есептеу үшін және шарттарды беруде қолданылады.
Амалдар арифметикалық және салыстыру деп екіге бөлінеді.
Арифметикалық амалдар:
+ қосу
азайту
* көбейту
/ бөлу
Div – санның бүтін бөлігін табу
Mod – санның бөлшек бөлігін табу
Салыстыру амалдары:
= тең
<> тең емес
> үлкен
< кіші
>= үлкен немесе тең
<= кіші немесе тең
3.2. Амалдардың реті. Амалдардың реті дегеніміз – өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі.
Жақшасыз өрнектегі амалдардың реті:
1. *, /, div, mod
2. +,
3. =, <>, <, >, <=,>=
Күрделі өрнекте алдымен жақшаның ішіндегі өрнектер есептеледі, сосын кему реті бойынша қалған амалдар
орынлады. Мысалы:
6 5 3 1 2 4 7
| | | | | | |
1 2 + 1 4 / ( 8 + 2 * 3 / 6 2 ) 4
3. Мәліметтер типі. Компьютер әртүрлі мәліметтерді өңдейді. Айнымалылар мен тұрақтыларға меншіктелетін
мәліметтер бірдей типте болуы керек. Мәліметтер типі айнымалылар мен тұрақтылардың өзгеру диапазоны мен
сол типке орындалатын амалдар диапазонын анықтайды. Object Pascal тілінде барлық мәліметтер типтерін үш
топқа бөлуге болады: скалярлы(қарапайым), құрылымдық(күрделі), арнайыланған.Скалярлық тип стандартты
және қолданушылық деп бөлінеді. Стандартты типке бүтін, нақты, символдық, бульдік типтер жатады, ал
қолданушылыққа – саналушы және интервалды типтер жатады. Құрылымдық типтер скалярлық типтерден
қалыптасады, оларға қатарлар, массивтер т.б жатады. Арнайыланған типтерге көрсеткіштер, процедуралық
типтер мен Variant типі жатады.
3.1. Бүтін, нақты типтер. Жиі қолданылатын integer бүтін типі 2 147 483 648ден 2 147 483 647ге дейінгі
диапазондағы сандарды қолданады. Integer типіне келесі арифметикалық: +,,*,/,div,mod және салыстыру:
=,<>,<,>,>=,<= амалдары мен стандартты функцияларды қолдануға болады. Нақты типтер бөлшек бөлігі нөлдік
емес сандарды беру үшін қолданылады. Жиі қолданылатын Real типінің диапазоны 2 147 483 648 және
2 147 483 648 сандар аралығын қамтиды. Real типіне келесі арифметикалық: +,,*,/ және салыстыру:
=,<>,<,>,>=,<= амалдары мен стандартты функцияларды қолдануға болады.
3.2. Символдық, қатарлық мәліметтер типі. Char типі компьютердің кодтық кестесінің мәндер жиынымен
анықталады. Әрбір символға 0 мен 2161ге дейінгі сандар сәйкестендіріледі. Кодтау үшін ANSI коды
қолданылады. Символдық типке пернетақтадағы барлық символдарды, сонымен қатар, кейбір басқарушы символдарды қолдануға болады. Символдық типтің мәндерін пернетақтадан теруге, оларды экранға шығаруға
және салыстыруға болады, ол кезде үлкені ANSI кодының санына байланысты анықталады. Char типіне келесі
салыстыру: =,<>,<,>,>=,<= амалдары мен стандартты функцияларды қолдануға болады.
String типі мәтіндік хабарламаларды сақтауға арналған. Мысалы, ‘Object Pascal’екі сөзден құралған қатарлық
тұрақты, ‘Сәлем’ бір сөзден құралған қатарлық тұрақты. Қатарлық типтің рұқсат мәні бір немесе бірнеше сөз,
бір немесе бірнеше сөйлем болуы мүмкін. String типтік айнымалылар жадыдан 2 байт немесе 2 Гбайт орын алуы
мүмкін. String типіне келесі салыстыру: =,<>,<,>,>=,<= амалдары мен стандартты функцияларды қолдануға
болады.
4. Object Pascal тіліндегі бағдарлама құрылымы. Object Pascal тілінде бағдарлама құрылымы қатаң
анықталған. Бағдарлама құрылымы дегеніміз – бағдарлама бөлімдерінің жиыны мен олардың орналасу тәртібі.
Ол келесі түрде беріледі:
Бағдарлама тақырыбы
Модульдерді қосу бөлімі
Белгілер бөлімі
Атаулары бар тұрақтылар бөлімі
Қолданушының типтерінің бөлімі
Айнымалыларды сипаттау бөлімі
Қоллданушының ішкі бағдарламаларының бөлімі
Негізгі бағдарламаның басы
Негізгі бағдарламаның операторларының бөлімі
Негізгі бағдарламаның соңы
Бағдарламада бір немесе бірнеше бөлім қолданылмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде бағдарлама тақырыбы,
қосылатын модульдер бөлімі, негізгі бағдарламаның басы, негізгі бағдарламаның операторлар бөлімі, негізгі
бағдарламаның соңы болуы қажет.
Қарапайым бағдарламаның құрылымы:
Program
mysal;
Uses …;
Var…;
Begin
…
End.
{Тақырып}
{Модульдерді қосу бөлімі}
{Айнымалыларды сипаттау бөлімі}
{Бағдарламаның басы}
{операторлар бөлімі}
{бағдарламаның соңы}
Оператор дегеніміз – орындалатын әрекет сипатталған Object Pascal тілінің сөйлемі. Әрбір оператор ; мен
аяқталады.
Write, writeln шығару операторлары. Бұл екі оператор мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады.
Түсініктемелер бағдарламаның арасына түсіндірулерді кірістіруде қолданылады. Түсініктемелердің мәтіні (* *)
немесе {} аралығында жазылады.
Қарапайым бағдарламаның мысалы
Экранға келесі мәтінді шығаратын бағдарлама құру:
Менің алғашқы бағдарламам
*************************
S=A+B
*************************
Бағдарлама
Program primer;
{$APPTYPE CONSOLE}
Uses SysUtils;
Begin
Writeln(‘Менің алғашқы бағдарламам’);
Writeln(‘*************************’);
Write(‘S=’);
{бағдарлама тақырыбы}
{бағдарлама типін беру – консольді қосымша}
{консольді режимде жұмыс жасау үшін SysUtils модулін қосу}
{бағдарламаның басы}
{Экранға «Менің алғашқы бағдарламам» хабарламасын шығару}
{экранға жұлдызшаларды шығару}
{экранға «S=» мәтінін шығару} Write(‘A’);
Write(‘+’);
Writeln(‘B’);
Write(‘*************************’);
Readln;
End.
{экранға А әрібін шығару}
{экранға + белгісін шығару}
{ экранға B әрібін шығару}
{экранға жұлдызшаларды шығару}
{нәтижені көру үшін бағдарламаны тоқтату}
{бағдарламаның соңы} Өзіндік тапсырмалар
π
1. Жүздікке дейін дөңгеленген
2. Ондыққа дейін дөңгеленген e санын шығарыңыз
3. Пернетақтадан енгізілген санды шығару бағдарламасын құрыңыз, «Сіз мынадай санды енгізіңіз – » деген
санын шығарыңыз.
хабарламадан кейін шығарыңыз.
4. Пернетақтадан енгізілген санды шығару бағдарламасын құрыңыз, « cіз осы санды енгізіңіз» деген
хабарламадан бұрын шығарыңыз.
5. Бір қатарға 1,13,49 сандарын арасына бір бос орын қалдырып шығарыңыз
6. Бір қатарға 7,15,100 сандарын арасына екі бос орын қалдырып шығарыңыз
7. 50 және 10 сандарын бірінің астына екіншісін шығарыңыз
8. 50, 10 және 21 сандарын бір бірінің астына шығарыңыз
9. 00
Мұндағы t,v,x,y – бүтін типті айнымалылар, олардың мәндері пернетақтадан енгізіледі және айнымалылар
атауының орнына шығарылуы тиіс.
10. Келесі ақпаратты экранға шығаратын бағдарлама құрыңыз:
Мұндағы a,b,x,y – нақты типті айнымалылар, олардың мәндері пернетақтадан енгізіледі және
айнымалылар атауының орнына шығарылуы тиіс. Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Бағдарламалау тілінің алфавиті дегеніміз не?
2. Object Pascal тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Резервтелген сөздер(кілтті сөздер) дегеніміз не?
4. Идентификатор дегеніміз не? Олар не үшін қолданылады?
5. Идентификатор қазақ алфавитінің әріптерінен құралуы мүмкін бе?
6. Идентификатор қандай символдардан басталады?
7. Резервтелген сөз идентификатор ретінде қолданылуы мүмкін бе?
8. Бағдарламада атаулары бірдей екі идентификаторды қолдануға болады ма?
9. Тұрақты дегеніміз не?
10. Айнымалы дегеніміз не?
11. Тұрақты мен айнымалының айырмашылығын атаңыз
12. Амал дегеніміз не?
13. Object Pascal тілінде қандай амалдар қолданылады?
14. Object Pascal тілінде қолданылатын арифметикалық амалдарды атаңыз
15. «/» және «div» амалдарының айырмашылығы неде?
16. Div және mod амалдарының айырмашылығы неде?
17. Object Pascal тілінде қандай салыстыру амалдарын қолдануға болады?
18. Өрнек дегеніміз не?
19. Амалдардың реті дегеніміз не?
20. Егер өрнекте жақша болатын болса, бірінші қандай амал орындалады?
21. Егер өрнекте жақша болмаса, қандай амал бірінші орындалады?
22. Қайсы амалдың реті жоғары: арифметикалық немесе салыстыру?
23. Мәліметтердің типтері дегеніміз не?
24. Object Pascal тілінде қандай типтерді білесіндер?
25. Стандартты тип дегеніміз не?
26. Мәліметтер типі не үшін қолданылады?
27. Скалярлы типке қайсысы жатады?
28. Integer типіне мысал келтіріңіз
29. real типіне мысал келтіріңіз
30. Символдық типке қандай мәліметтер жатады?
31. Бағдарламада қатарлық типтегі мәліметтер не үшін қолданылады?
32. Object Pascal тілінде символдық және қатарлық типтерге қандай амалдар қолдануға болады?
33. Object Pascal тіліндегі бағдарлама қандай бөлімдерден құралады?
34. Ең қарапайым бағдарламада қандай бөлімдер мен кілтті сөздер болуы қажет?
35. Object Pascal тілінде қай бөлімдер міндетті емес?
36. Айнымалылар қай бөлімде сипатталады?
37. Тұрақтылар қай бөлімде сипатталады?
38. Object Pascal тілінде оператор дегеніміз не?
39. Шығару операторы не үшін қолданылады? Оларды атаңыз
40.Write және Writeln операторларының айырмашылығы неде?
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Лабораторная работа "OBJECT PASCAL тілінің негізгі элементтері"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.