LED 3D форматты теледидар
Оценка 4.6

LED 3D форматты теледидар

Оценка 4.6
Лабораторные работы
docx
информатика
Взрослым
12.02.2018
LED 3D форматты теледидар
«3D» ұғымы ағылшынның «3 dimensional», яғни «үш өлшемді» деген мағына береді екен. Қазір біз айтып жүрген «3D» дегеніміз үш түрлі өлшем мағынасында жұмсалады. Қазір «3D» форматының түрі көп. Мәселен, кино, компьютерлік ойындар, тіпті кәдімгі принтердің де «3D» түрлері жарыққа шығып жатыр. Компьютерлік жаргонда «үш өлшемді кеңістік», «үш өлшемді графика», «3D дыбыс», «3D сканер» және өзге де түрлі ұғымдар пайда¬ланылып жүр. Тіпті тұр¬мыстық тіршілікте қолданып жүрген теледидар, компьютер¬лер¬дің аталмыш форматтағы түр¬лері шықты.«3D кино» бүгінде бүкіл әлемнің қызыға тамашалайтын ерекше форматты фильмі саналады. Мұндай форматтағы кинол¬арға көпшіліктің аса қатты қызығушылық танытып отырғандығының өзіндік се¬беб¬і бар.
Сабак жоспары 6.docx
Сабақтың     тақырыбы:  LED   3D   форматты   теледидардың   сызбалары   арқылы   жүйелерін тексеру. Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға LED 3D форматты теледидар жайлы мағлұмат бере отырып, білімдерін дамыту. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жабдықтармен жұмыс істеу барысында, жұмыс орнында техника және еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға тәрбиелеу.  Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Білім   алушылардың  теориялық  білімдерін   практика жүзінде ұштастыруын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдыларын дамыту.  Сабақтың   материалдық­техникалық   жабдықталуы:  Технологиялық   картасы,   бейне көрсетілім, схемалар, слайдтар. Сабақ  барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру 2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру ІІ. Кіріспе нұсқау: 1. Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру Білім алушыларға жаңа сабақ бойынша нұсқау беру:   «3D»   ұғымы   ағылшынның «3 dimensional», яғни «үш өлшемді» деген мағына береді екен. Қазір біз айтып жүрген «3D» дегеніміз үш түрлі өлшем мағынасында жұмсалады. Қазір «3D» форматының түрі көп. Мәселен, кино, компьютерлік ойындар, тіпті кәдімгі принтердің де «3D» түрлері жарыққа шығып жатыр. Компьютерлік жаргонда «үш өлшемді кеңістік», «үш өлшемді графика», «3D дыбыс», «3D сканер» және өзге де түрлі ұғымдар пайдаланылып жүр. Тіпті   тұрмыстық   тіршілікте   қолданып   жүрген   теледидар,   компьютерлердің   аталмыш форматтағы   түрлері   шықты.   Ол   ол   ма,   кәдімгі   киімдердің   де   «3D»   түрлері   қалың жұртшылықтың назарын аударып отыр. «3D теледидар» кең таралып келе жатқан тұрмыстық дүниенің біріне айналды десек болады. Арнайы көзілдірік арқылы үйден шықпай­ақ кинотеатрдың өзінде отырғандай сезінуге болады.   Бұл   көрерменге   айналасында   болып   жатқан   дыбысты   анық,   әрі   сапалы   етіп жеткізетін, 3D әсерін күшейтетін заманауи жаңа технология  болып  табылады. Кіріспе нұсқауды пысықтау: «3D   кино» бүгінде   бүкіл   әлемнің   қызыға   тамашалайтын   ерекше   форматты   фильмі саналады.   Мұндай   форматтағы   киноларға   көпшіліктің   аса   қатты   қызығушылық   танытып отырғандығының   өзіндік   себебі   бар.   Фильм   тамашаламас   бұрын   міндетті   түрде   «3D» форматына арналған көзілдірікті кию қажет. Ол сіздің кинодағы «әсерлі» кезеңдерді қалт жібермеуіңізге сеп болады. Қысқасы, телеэкран мен адамдар арасында беймәлім «байланыс» жүреді. Ал кино өндірісінде қолданылатын 3D форматының өзінің үш түрлі әдістемесі бар. Imax, Reald және Dolby деп аталатын бұл технологиялардың қолданылуы да әр алуан. Кино саласы   мамандарының   айтуынша,   осылардың   ішінде   біздің   елде   әзірге   тек   соңғысы   ғана қолданылып   жүр.   Алғашқы   екеуіне   қарағанда,   арзан   тұратын   интерференцияланған   сүзгі технологиясының   айырмашылығы   –   3D   форматындағы   кинофильмдер   көрсету   үшін қарапайым   экран  да  жеткілікті.  «Годзилла»,  «Космическии  пират  Харлок»,  «Кот Гром  и заколдованный»   кинолары   қазіргі   «3D»   форматпен   көрсетіліп   жатқан   үздік   кинолар топтамасына кіреді. ІІІ. Ағымдық нұсқау: 1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу 2. Тексеру мақсатында білім алушылардың  жұмыс орындарын аралау 3. Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау  картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру 1­аралау. Білім алушылардың жұмыс орындарын аралау. 2­аралау. Білім алушылардың жұмыс барысында техникалық нұсқау картамен жұмыс  жасауын тексеру. 3­аралау. Жаттығу кезінде іс­қимылдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің  дұрыстығын тексеру. 4­аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын  қадағалау. 5­аралау. Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп,  түзету және қосымша нұсқау беру. 6­аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру, 7­аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал­аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру. ІV. Қорытынды нұсқау: 1.Сабақты қорытындылау ,бағалау. 2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып  білім  алушылардың  жақсы жұмыстарын атап өту. 3. Үйге тапсырма беру:  Арнайы технология,жадығаттану,т.б.

LED 3D форматты теледидар

LED 3D форматты теледидар

LED 3D форматты теледидар

LED 3D форматты теледидар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2018