Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар І.Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді.
Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;
Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында орыс тілі пән мұғалімдері - Сагимбекова Ч.А. , Даутова А.А., Нуриева А.М., Сеитова Е. Абуова Н.К.
– Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 4«Ә» сыныбын алдық.
– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа орыс тілінен сабақ беретін пән мұғалімі – Абуова Набира Куанышбаевна, сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Инфографикада берілген қосымша мәліметтерді қолдана отырып, ойын тұжырымдай білу» – деп алдық.
– Зерттелетін пәннің мұғалімімен, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.
– Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Абуова Н.К №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда инфографикамен жұмыс істеуді, қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.
– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.
– №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші пән бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын бір бақылаушы болды.
– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.
№1 зерттеу сабағы 18 ақпан 2021 жылы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Земля – наш общий дом» болды. Оқушыларға инфографика берілді, тапсырма инфографикада не көрсетілген, қандай мәліметтер берілген, түсінігін өз сөзімен айтып жеткізу. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін тек берілген мәліметтерді оқумен шектелді. С оқушысы – сыныптастарының жауабын қайталаумен шектелді. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық. Сөйтіп, «Пирамида» әдісін қолдануды жоспарладық.
№2 зерттеу сабағы 26 ақпан 2021 өтті. Сабақтың тақырыбы: «Давайте, Землю сохранять!» Бірінші сабақтың қорытындысын ескере сабақ жоспарын жасалды. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасалынды, мазмұндау және мәтіндегі мәліметтерді сәйкестендіру. А оқушысы – жұбымен белсенді жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік байқалды, алайда асығыс жауап беремін деп қателіктер жіберіп отырғанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.
№3 зерттеу сабағы 09 сәуір 2021 жылы болды. Сабақтың тақырыбы: «Путешествие в космос». «Тыңда, оқы, қайтала» әдісі қолданылды. Оқушылар жаңа сөздермен жұмыс жасап, мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар сабақта іс-әрекеттің аяқталғандығын білдіретін етістік сөздерін анықтай білді. А оқушысы –өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, өздігімен қосымша мәліметтерді ізденуін қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.
Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
· Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
· Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
· Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
· Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
· Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
· Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
· Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
· Оқушының оқуы жақсарады.
· Функционалдық сауаттылығы дамиды.
· Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.