Тәрбие сағаты: «Үлкендерді ардақтайық»
Мақсаты: Қарияларды құрметтей отырып, үлкенді сыйлауға,
оларды құрметтеуге ,балаларды адамгершілікке баулу.
Армысыздар қадірменді шақырулы қонақтар, әріптестер және
балалар. Бүгін бізде ерекше мейрам, барша баланың ең жақсы
көретін ата-әжелерінің мерейлі мерекесі қариялар мерекесі.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі
Сіздер үшін айтылады баталар
Сіздерсіздер мақтанышым қариялар
Сіздер жайлы жыр шалқып ән ұялар
Өткенімен жалғаған болашақты
Ақылы ұшан теңіз дариялар
Ән: «Әжетайым»
Жанерке: Әжем өрнек тереді
Сырммақ отыр оюллап
Басы аура береді
Шай ішпесе қоюлап
Мадияр: Айналайын ақ мамам
Мен өзіңдей ақ балаң
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанға барамын
Айзере: Әжем менің пісірген
Қызыл күрең бауырсақ
Шықпай қояр түсімнен
Біраз жемей сағынсақ
Алияр: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Атамды мен сыйлаймын
Еркеназ: Менің әжем әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Керек болса бәріңе
Әли: Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйііп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін »
Ән: «Ойыншықтар»
Би: «Қамажай»
Тәрбиеші: Құрметті біздің қонақтар үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Талай жасты тәрбиелеп бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған ата мен әжесіздер. Сіздерге зор денсаулық тілей отырып, бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.