Логикалық есептер
Оценка 4.8

Логикалық есептер

Оценка 4.8
Занимательные материалы
docx
математика
1 кл—2 кл
26.02.2017
Логикалық есептер
Бұл материал бастауыш сыныпқа математика пәніне арналған логикалық есептер жинағы болып табылады. Логикалық есептер қатар, тағы да көңілді есептер берілген. 1.Ет пісіру. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? 2. Кімде қандай моншақ? Үш түрлі моншақ бар:занимательные материалы по математике на казахском языке
логикалық есептер.docx
Логикалық  есептер 1.Ет пісіру. Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі? 2. Кімде қандай моншақ? Үш түрлі моншақ бар: 1) Рауан қызыл моншақ алмады, ал Асыл ақ моншақ алмады. 2) Самал көк моншақ алмады, ал Рауан ақ  моншақ алмады. Егер екі жауап та дұрыс болса, бұлардың әрқайсысы қандай моншақ алды? 3. Әріпті есеп А+Ә=АБ жазуында бірдей әріптер, бірдей цифрларды көрсетеді, ал әртүрлі әріптер­ әр түрлі цифрларды көрсетеді. Есептің сырын аш. 4. Баланың жасы Бір баланың жасы 3 жылдан соң одан бұрыңғы жасынан 2 есе артық болды. Бала қанша жаста? 5.Балықтың салмағы  Балықтың салмағы 8 кг­ға және өзінің салмағының жарытысын қосқанға тең. Балықтың салмағы қанша кг ?  6. Мүшел есебі Ақсақал жеті мүшелде болса, ол неше жаста болғаны? 7.  Қарт есебі 1 Қарттың 45 қойы бар еді. ОЛ немересінің тапқырлығын білгісі келіп, оған мынандай   есеп   берді.   Төрт   балама   қойларымды   түгел   бөліп   бергенде, біріншісінің қойына екі қой қоссам, екіншісінің қойынан екі қой шегерсем, үшіншісінің қойын екі есе өсірсем, ал төртіншісінің қойын екі есе кемітсем, төртеуінің қойлары бірдей болып шығады. Әр балаға неше қойдан тигені? 8.  Қанша теңге қалды?  Алмат 18 теңгеге 3 дана сызғыш немесе 9 дана өшіргіш ала алады. Алмат   1   өшіргіш   және   1   сызғыш   алғанына   қарағанда,18   теңгеден     қанша қалды? 9. Аңыз есеп Бір әйел  баққа алма жинауға барды. Ол бақтан шығу үшін қорықшы тұрған төрт   қақпадан   өтуі   тиіс   болды.   Бірінші   қорықшыға   терген   алмасының жартысын   берді.  Екінші     қорықшыға   қалған   алманың   тең   жартысын   берді. Үшінші қорықшыға да осылай істеді. Төртінші қақпашыға қалған алмасының жартысын, бергенде, әйелдің өзінде 10 алма қалды. Бақтан әйел барлығы неше алма жинады? 10. Жанұяда қанша бала? Болаттың   ағалары   мен   апаларының   саны   бірдей.   Ал,   оның   туған   апасы Айымның ағаларының саны апаларынан екі есе көп. Сонда жанұяда қанша бала болған? 11. Салмағын тап Кенгуру  әр қыс  сайын 5 кг салмақ қосып, жазда 4 кг­ға арықтайды. Көктем мен күзде оның салмағы өзгермейді.2009 жылдың көктемінде кенгуру салмағы 100 кг болса, 2005 жылдың күзінде оның салмағы қанша болғаны?  12. Туған күнін тап   2 Мұқтар  28­ші   қаңтарда   туған   күніме 2  апта   қалды  деді.  Мұқтар   қай  күні туған? 13. Бөренені кесу Бөренені   бес   бөлікке   бөлгенде,   әрбір   бөлікті   кесуге   бес   минут   жұмсалса, бөренені бөлуге қанша уақыт жұмсалады? 14. Балмұздақ қанша тұрады?1 балмұздақ сатып алуға Қанатқа 35 тиын, ал Жанарға 1 тиын жетпейді. Екеуі қолда бар тиындарын қосқанмен, ақшалары 1 балмұздаққа да жетпейді. Балмұздақ қанша тұрады? 15.  Қанша   уақытта   жетеді?Құрт   биіктігі  20  м   бағананың   бойымен   жоғары қарай   өрмелейді.   Ол   күндіз   5м   көтеріліп,   түнде   4м   төмен   түседі.   Ол бағананың төбесіне қанша уақытта жетеді? 16. Аспазшы  есебі 3 нан тілім нанды табада қарып алу керек. Бабаға 2 ғана тілім нан сияды. Нанның   бір жақ бетін қару үшін 1 минут уақыт кетеді. 3 тілім нанның   екі жағында қару үшін ең аз дегенде қанша уақыт кетеді? 17. Ең бойы биігі кім? Қайраттың бойы Алматтан биік, Талғаттан аласа. Изеттің бойы Жәнібектен биік, Қайраттан аласа. Ең бойы биігі кім? 18. Матаның ұзындығын тап. Матаның  жартысы  сатылды. Біраздан  кейін  қалғанының  жартысы  сатылды. Осыдан кейі қалған мата жарты метр. Жалпы матаның ұзындығы қанша? 19. Неше тауық, неше қоян? Айкеннің үйінде қоян мен тауық бар. Олардың жалпы саны ­21. Айкен  бірде олардың аяқтарын   санап шықты. 64  екен.   Сонда ауладағы тауық қанша? Қоян қанша? 3 20. Ағаш отырғызу. 10   түп   жас   шыбықты   әр   қатарда   4   шыбықтан   болатындай   етіп   5   қатарға отырғызуға бола ма?   10 түп жас шыбықты  4   түптен   болатындай етіп 6 қатарға орналастыруға бола ма? Көңілді есептер 1. Қалпақ Ақ қалпақ, көк қалпақ, Барлығы алты қалпақ. Ақ қалпақ бесеу болды, Көк қалпақ нешеу болды? 2. Біз  қаншамыз? Нанбасаң кеп сұрағын, Бір ауылда тұрамыз. 3 Ардақ, 2 Бауыржан, 5 Медет, 3 Сабыржан. 2 Айбарша, 4 Санат, 3 Айгүл, 2 Мамыржан, Тез  есепте дәл санын, Сонда біздер қаншамыз? 3.Қосу Бесбайда бар бес іні Естайда бар екі іні Қоссаң 5­пен 2­ні Неше екен шешуі? 4. Қанша тұяқ? Тоғыз қойдың   Ақпанда Егіз туды жетеуі. Қырға көшіп жатқанда, Жалқы туды екеуі. Тағы да бір тұсақ бар, Қысыр қалды олбірақ та. Біздің үйде ұсақ мал Жетті неше тұяққа? 5. Бір топ бала Бір топ бала тоғаннан Он бес балық ұстадық. Бөліскенде оларды, Тиді әркімге үш балық. 6. Қанша кісі? Атам, әжем, ағаммен Әкем, інім және мен. 4 Анам және енесі, Енесінің бөлесі­ Отыр едік шай ішіп. Жеңгем кірді майысып, Арқасында­ кіші інім. Саны қанша, айта ғой, Үйдегі бар кісінің? 7.Қанша алма?  Табақта   5 алма, Қолымда 2 алма. Қосқанда барлығын Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма апама Нешеуін алады, Нешеуі   қалады? 8. Қанша қауын? Самат  қаппен арқалап, Бес қауыннан тасыды. Қабы болмай ал талап Қос қауыннан тасыды. Он ретсабылып, Екеуі әбден  шаршады. Тасып алған қауынның Қанша болды бар саны?   9. Бұзаулар. Жаңа ғана шалғында Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып Жүргенін айт, айырып? 10.  Қанша тырна? Аспан қандай күздегі!... Қарап тұрмын ауладан. Тырналардың тізбегі­ Сүйір бұрыш аумаған. Әр қанатта­он бірден Басшысынан бөлегі. Бар тырнаны кім бірден Тез есептеп береді? 11.Неше оқушы? Ортаға әкеп тосты Оспан Отыз жеті қаламды. Тиді әркімге   қос­қостан, Балалардың бәрі алды. Өзгелерден бір қалам Артық тиді Қүләшқа. 5 Береді айтып кім маған Неше жан бар сыныпта?   12. Неше жапырақ? Тал басында Тізіліп Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да, Үзіліп, Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның Жұлынып Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп Жапырақтың нешеуі? 13. Қанша жұмыртқа қалды? Тауықтың біреуі Бес балапан шығарды. Көптеген күтіп жүр еді, Інім қатты қуанды. Он жұмыртқа бастырған, Күте­күте шаршады. Тауығының астында  Жатыр әлі қаншауы? 14. Неше құс? Су құйып ем астауға, Үш қаз ұшты аспанға Үш қсқалдақ, бірқазан, Екі үйрек, бір сазан. Бір көксерке, бір қарға Қосылды кеп бұларға. Айт, неше құс ұшып жүр, Неге екенін түсіндір?! 15. Тез есепте. Жайылып жүр сегіз лақ, Есептеуге кім шебер . Бала болғың келер егер, Сегіз лақтың енесін Тез есептеп бересің. 16. Қанша  ара? Алшаға кеп Күнара Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға Келіп қонды қанша ара?  17. Қанша сәбіз еді? Біздің үйде көжек көп, Іштеріңде өжет көп Әсіресе бес көжек 6 Маған нағыз дос көжек. Еміп жатыр 6 қозы, Қолымнан кеп жем жейді, Оның бірі жалқы қозы, Басқалары келмейді. Ал, қанеки, мөлдір көзім, Бес көжекке достасқан Ой қорытар келді кезің, Сәбіз бердім  қос­қостан Бір сәбізім соңында, Қозы нешу? Саулық нешеу? Қалып қойды қолымда. Есептеші жалғыз өзің! Сәбізімді әуелгі Санап берші ал енді? 18. Қалай бөлесің? Үш алма сал табаққа Біреуін бер Талапқа, Біреуін бер Таңатқа, Біреуін бер Қанатқа, Бірі қалсын  табақта. Ұшқыр болса қиялың, Орындайсың заматта. 19. Нешеу? 11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 5 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі Таба алмасаң бол күлкі! 20. Есепте! Жайылып жүр 8 қозы, Екеуі оның егіз қозы, 7 8

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер

Логикалық есептер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.02.2017