Әліппемен қоштасу. Тәрбие сағаты
Оценка 5

Әліппемен қоштасу. Тәрбие сағаты

Оценка 5
docx
06.02.2023
Әліппемен қоштасу.  Тәрбие  сағаты
Әліппемен қоштасу.docx

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Мақсаты:

        Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін  көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

        Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы,  шарлар.

Жүргізушілер: Мансур, Айару.

І  кезең.

1 жүргізуші:

   *Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар!

        Балалар , мектеп  табалдырығын  аттап, қолдарына тұңғыш рет ұстаған оқулықтары - Әліппе!  «Әліппе» әріптерді үйреткен ғылымның атасы! Бүгін  міне ,  Әліппені  тәмәмдап, қоштасқалы  отыр! Әліппемен  қоштасу  тойымыз  құтты болсын! Ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат  етіңіздер!

2 жүргізуші:

 Қайырлы күн, уа, халайлық!

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

1-жүргізуші

   Әліппемен  қоштасып жатқан 1ә сынып оқушыларын және  ұстазымыз - Фарида  Жанұзаққызын қарсы  алыңыздар!

(Қолдарында  көк  шарларын ұстап ортаға келеді)

Хор: «Менің  атым  Әліппе»

 (Залдағы   орындықтарға  отыру)

 2 жүргізуші:

Жұмбақ жасырайын  шешіп  алыңдар.

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не? (Әліппе)

 

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті-Әліппе

Ол сүйікті-Әліппе

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!

Балалар ! Әліппе  досымызды  ортаға  шақырайық»
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

(Әліппе сахнаға  шығады)
Әліппе: (Бақыт)
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ұстаздар ! ата-ана!

Балалар!
Мені  оқып, тауыстыңдар !

Маған  құрметпен  қарадыңдар

Мен  бүгін  сендермен қоштасамын

Мен  сендерге  өте  ризамын!

1-жүргізуші:

--Құрметті Әліппе сіз шаршаған шығарсыз, келіңіз тойымыздың төріне шығып отырыңыз, балалардың сізге айтар алғысы мол,отырып,тыңдаңыз.

(Сахнада  орындыққа  отырады)

1-оқушы: (Азиз)
Әліппем менің - Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы(Кәусар)
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы(Айқын)
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4 оқушы: (Дана) 

Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

5 оқушы: (Нұрәли)

Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

6 оқушы: (Аяла)

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

7 оқушы: (Алина)

Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала.

Қай  әріптен  басталған?  (А)

 

8 оқушы: (Раян)

Мұғалім, мектеп,мекеме

Молда, мешіт, меккеде

М-әрпінен басталар

Мемлекет-мекен сөзі де.

 

9  оқушы: (Радамесов А.) 

Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп? (Ғ)

 

 

10 оқушы(Расул)

 Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақты жұлдыздар
«Ж» әрпінен басталған.

11 оқушы: (Нұрым)

 Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.

12 оқушы: (Сезім)
Ай, тай, май,

Шай, жай, сай,

Ой, той, қой,

Сөз соңында кілең «Й»

Аты оның - «қысқа й»

 

13 оқушы: (Рахметқали  Арсен)

Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
(Ө)


14  оқушы: (Саида)

 «Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.

15 оқушы: (Наргиза)

Қызықтырып әркімді,

Суда жүзер жалтылдап.

Б әрпінен басталған

Сол жүзгіштің атын тап.

 

2-жүргізуші:

     Балалар, Әліппеден  не  үйрендік? Не  білдік? Әліппе оқулығына саяхат жасайық!

 Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

Оқушылар:  Ия, ия

  1-жүргізуші:

1.        Қазақ тілінде қанша әріп бар?             (42) 

2.      У дыбысы қандай дыбыс?              (Дауысты да, дауыссыз да) 

3.      2 дыбыстан тұратын әріптерді ата.             (ю,я,ё) 

4.      Дыбыс бермейтін әріптер. (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 

5.Дыбыстар неше түрі бар? (дауысты, дауыссыз дыбыстар)

6.Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

7.Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?

8.Сөз неден құралады?    (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 

9.Буын  дегеніміз не? (Слайд: Сөзде  қанша  дауысты дыбыс  болса, сонша буын болады)

2-жүргізуші:

Жарайсыңдыр ! Балалар! Ендеше Әліппе  досымызға  ән айтып  берейік!

Хор: «Рахмет  саған, Әліппе»

(Орындарында тұрып  айтады)

Әліппе: (Бақыт)

Балалар ! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер.

Менің  кететін  уақытым  келді. Сендерді Ана  тілі  досыммен  таныстырып  кетейін. Мені  қалай оқып, құрметтесеңдер ., Ана тілін  де  солай сыйлап, жақсы көріп оқыңдар. Ана тілін ренжітпеңдер!

Ана  тілі  досымды ортаға  шақырайын.

(Ана тілі ортаға шығады)

 

Ана тілі: (Еркеназ)

Армысыңдар жас достар!

Туған елдің тілімін.

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәнімін.

 

   ** * Әліппе  досым! Балаларды  әрі  қарай  білімге  жетелеп, білімін ары  қарай  мен  дамытамын! Балалар  сізді  өте  жақсы  оқып, білім  алыпты.  Сізге  көп  рахмет!

*** Балалар! Енді  мені  оқитын  боласыңдар. Мененде  көп  білім  үйренетін  боласыңдар.

***Жаңа  достарым! Әліппе  досымды  рахмет  айтып  шығарып  салайық!

7 оқушы: (Муслим)

  Қош, сүйікті Әліппем

 Тіл  тұсауын  кестің  сен.

 Аяулы  анам  болып  сен

 Айыбымды  кештің  сен

Оқушылар:

Қош,қош, Әліппе!

Рахмет, саған, Әліппе!

(Әліппе  ортадан  кетеді)

ІІ  кезең.

Ана   тілі:(Еркеназ)

-         Мен көп ауылдарды, қалаларды   және  ертегілер  елін аралап ,сендерге тапсырмаларды алып келдім.Ал енді білімдеріңді көрсетіңдер.

-          Тапсырмаларды  орындау  үшін  үш  қақпадан  өтесіңдер. Кім  білімді  солар  ғана  өте  алады.

-         1. «Тас» қақпа  тапсырмасы. (Слайд)

-         2. «Күміс  қақпа» (Слайд)

-         3. «Алтын  қақпа» (Слайд)

Ана   тілі:(Еркеназ)

-***Рахмет, балалар , менің  барлық  тапсырмаларымды  жақсы  орындадыңдар! Мен  сендермен  дос  болуға  дайынмын!

ІІІ  кезең.

Қорытынды.

1.     «Қаражорға» биін  билеу. (Барлығы)

2.     «Құмырсқа, бүрге  және  адам» көрініс.

3.      Хор. «Біз  бақытты  баламыз»

 

                                Соңы


 

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту

Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту

Білімдегі жарық не? (Әліппе)

Білімдегі жарық не? (Әліппе)

Айқын ) Әліппе деген алтын жол

Айқын ) Әліппе деген алтын жол

Расул) Түн шымылдық ашқаннан

Расул) Түн шымылдық ашқаннан

Балалар, Әліппеден не үйрендік?

Балалар, Әліппеден не үйрендік?

Ана тілі: (Еркеназ) Армысыңдар жас достар!

Ана тілі: (Еркеназ) Армысыңдар жас достар!

Барлығы) 2. «Құмырсқа, бүрге және адам» көрініс

Барлығы) 2. «Құмырсқа, бүрге және адам» көрініс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.02.2023