Құм әлемі
Оценка 5

Құм әлемі

Оценка 5
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Детсад
04.11.2019
Құм әлемі
Топтың жас ерекшелігі: ортаңғы топ. Тақырыбы: «Құмды әлем» Мақсаты:Балаларды құмның әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру. Міндеттері: БМ:Балаларға тәжірибе жасау арқылы құмның әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру, ақыл-ой белсендігін күшейту. ДМ:Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту. ТМ:Балаларды құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу Құрал-жабдықтар: Әр-түрлі пішіндегі ойыншықтар,пирамидалар, пластмасса бөтелкелер.
Эксп№2.құм.docx
КОНСПЕКТ №2 Өткізген: Жакуова Б.Ж. Өткізу мерзімі: 27.10.2017ж. Топтың жас ерекшелігі: №12 ортаңғы топ. Тақырыбы: «Құмды әлем»                                                                                       Мақсаты:Балаларды құмның әр­түрлі қасиеттерімен таныстыру.                       Міндеттері:  БМ:Балаларға тәжірибе жасау арқылы  құмның әр­түрлі қасиеттерімен  таныстыру, ақыл­ой белсендігін күшейту. ДМ:Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық  қабілеттерін  дамыту. ТМ:Балаларды құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу Құрал­жабдықтар: Әр­түрлі пішіндегі ойыншықтар,пирамидалар, пластмасса бөтелкелер. Сөздік жұмыс: жабысқақ,сусылдап. Қостілділік компонент: құм­песок­sand, жабысқақ­липкий­sticky. Сабақтың барысы:                                                                                               Ұйымдастыру кезеңі: Тәрбиеші: Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым  келеді.Ол қала жәй қала емес,құмдар қаласы. ­Сендер менімен бірге барасындар ма? Балалар: Барғысы келетіндерін айтады. Тәрбиеші: Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды  алдыға созыңдар. Алақанға қараймыз Жылы сезім табамыз. Ақылды болып өсеміз, Биіктерге жетеміз. Балалар: Қайталайды.                                                                                               Сабақтың негізгі бөлігі: Құмның бетіндегі матаны алады. Тәрбиеші:Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды  бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды , іздемпаз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай  бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады. Балалар: Ашуланған бала, жылауық бала,таңқалған бала, күлген бала. Тәрбиеші:Мінекей қараңдаршы құм  да күлген ақылды балаларды жақсы  көреді. Балалар сендерге бір айта кететін жағдай; Құмды ауызға салуға болмайды; Шашуға тағы да болмайды; Жеуге болмайды келісеміз бе? Балалар: Иа, келісеміз. Тәрбиеші:Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдар қатты ма жұмсақ па,  құрғақ құм ба, су құм ба?  Балалар: Өз ойларын білдіреді.   Тәрбиеші: Балалар сендермен құмның қасиеттерімен танысайық. Құмның қасиеттері: 1­тәжірибе. Бірінші құмның жартысын су құйып дымдаймыз. Балаларға құрғақ құмнан және су құйылған дымқыл құмнан әр түрлі пішіндегі ойыншықтар арқылы торттарды мүсіндету. Балалар ойын барысында дымқыл құмның жабысқақ екенін,ал құрғақ құмның  бірікпей сусылдап,шашылып, кететінін түсінеді. Сөздік жұмыс: жабысқақ,сусылдап. 2­тәжірибе.   Тәрбиеші балаларға пластмасса бөтелкелердің біріне дымқыл  құмды,екіншісіне құрғақ құмды толтыртады.Осы бөтелкелердегі құмдарды  пайдалану арқылы жерге әр­түрлі жолақтар салуды ұсынады. Балалар жерге жолақтар салу барысында дымқыл құм бөтелкеден түспейтінін, жабысқақ екенін,ал құрғақ құм оңай сырғып түсетінін көреді. Қостілділік компонент: құм­песок­sand, жабысқақ­липкий­sticky.      Тәрбиеші: Балалар құмды да өзіміз сияқты күлдірейікші. Қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс деп  жаңбыр жаудырыңдар. Балалар:Қайталайды. Тәрбиеші:Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып, ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті,іздеп шығарайық. ­Қандай пішін? ­Түсі қандай? ­Пирамиданың қайсы үлкен, қайсы қысқа.  Қандай пішіндерді жинадық? Балалар: Пішіндерді тауып,атап,түсін айтады. Тәрбиеші:Балалар мен мына бір хатты тауып алдым. Хатта балалар сендер  мына ойынды бізге ойнап көрсетіңдерші, құм жаласының балалары депті. Ойын: «Көңілді адамдар» Ойын шарты: Қандай түсті адам болса, сондай түсті пішіндерді жинау. Рефлексия. Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін немен таныстық? Балалар: Құмның қасиеттерімен. Тәрбиеші:Құм дымқыл болғанда қандай күйде болады? Балалар: Құм жабысқақ болады. Тәрбиеші:Құм құрғақ болғанда қандай күйде болады? Балалар:Құм бір­біріне бірікпейді,шашылып тұрады.

Құм әлемі

Құм әлемі

Құм әлемі

Құм әлемі

Құм әлемі

Құм әлемі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.11.2019