Жүрек түкпірінде асыл да, мол қазынам, мақтанышым, мамандығым – тәрбиеші. Бұл мамандық өзіме қатты ұнайды. Тәрбиеші болу - бақыт.
Тәрбиеші дегеніміз - балалардың ақыл сұрайтын данасы, ересек досы. Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап айтқандай, осы үш асыл қасиеттерді бүлдіршіндердің бойына сіңіре білу - тәрбиешінің негізгі міндеті. Тәрбеишінің жұмысы қиын да, қызықты. Кішкентай балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші. Бала мөлдір бұлақтың бастауы. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан, баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Әртүрлі жағдайларға байланысты түрлі рөлдерге жиі енуі керек. Менің ойымша, жақсы тәрбие беру, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі. Тәрбиешінің өткізген сабағы баланың ой-өрісін дамыта білетіндей, жас ерекшелігіне сай құрылуы тиіс. Өзімнің еңбек жолымды әрдайым сөздік қорын ақыл, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ойын кірістіріп ұйымдастырамын.
эссе Асель.docx
"Мамандығыммен мақтанамын
(эссе)
Кунабаева Асель Жолдыгалиевна
Ш.Қалдаяқов ауылы,
«Бөбек» бөбекжайбалабақшасы» МКҚК тәрбиешісі
Жүрек түкпірінде асыл да, мол қазынам, мақтанышым, мамандығым –
тәрбиеші. Бұл мамандық өзіме қатты ұнайды. Тәрбиеші болу бақыт.
Тәрбиеші дегеніміз балалардың ақыл сұрайтын данасы, ересек досы. Абай
атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
болуы керек деп атап айтқандай, осы үш асыл қасиеттерді бүлдіршіндердің
бойына сіңіре білу тәрбиешінің негізгі міндеті. Тәрбеишінің жұмысы қиын да,
қызықты. Кішкентай балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші. Бала мөлдір бұлақтың бастауы.
Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан,
баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Әртүрлі жағдайларға
байланысты түрлі рөлдерге жиі енуі керек. Менің ойымша, жақсы тәрбие беру,
ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі. Тәрбиешінің өткізген
сабағы баланың ойөрісін дамыта білетіндей, жас ерекшелігіне сай құрылуы
тиіс. Өзімнің еңбек жолымды әрдайым сөздік қорын ақыл, ойөрісін, тіл
байлығын дамыту мақсатында ойын кірістіріп ұйымдастырамын. Себебі:
балаларды оқыта отырып ойнату, ойын арқылы ойлана білуге жетелеу.
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканы ойын арқылы
меңгерту тиімді, өйткені жасырып тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап
табу, ми қыртыстарының жұмысын шыңдайды. Балаға қойылатын сұрақ
жүйелі әрі түсінікті болуы керек. Тәрбиеші балалардың дұрыс ойлап
үйренуіне күш жұмсауы керек, өйткені жас балаға ойлау тым ауыр. Тәрбиеші
баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен ісәрекет етуі керек. Әр ойынды
өткізгенде тәрбиешіге шығармашылық қажет. Балалар ойнау арқылы белгілі
бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Бала жүрегіне
жылылық ұялатып, ойлау қабілеті мен дарынын ашу ең басты міндетім екенін
түсіндім. Балалардың атааналарымен үнемі байланыста болып, түрлі іс
шараларға белсене қатыстырып отырдым. Тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің
бойынан жауапкершілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым.
Тәрбиеші бақытты – сол кішкентай шәкірттерінің ұядан ұшып, өмірдің
толқынына қосылып, үлкен, мықты, дарынды азаматтар болғанына куә болып,
сол жеткіншектің тағдырына аз да болса өз үлесін қосқанымен бақытты.
Мамандыгыммен мактанамын...
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.