математика

  • docx
  • 26.04.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 65.docx

Сыныбы: 8                            Күні: 16.02.2017 ж

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадраттық функция және оның дербес жағдайларының графигін салуды үйрету. 

Дамытушылық: оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды жүйелі сөйлеу білуге, ойларын еркін жеткізе білуге жағдай жасау.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: ойын, практикалық, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (оқушылармен амандасу, түгендеу және сабаққа назарларын аудару) /3 мин/

ІІ. Үй жұмысын тексеру: №405 есеп  /5мин/

ІІІ. Ой қозғау. (өткен сабақта өткен ережелерді еске түсіру) /7мин/

-Математикалық диктант

  1. у=ax2+bx+c  функциясын .......................... .........................деп атайды.

2. Мұнда а,в,с -............. ................................

3. у=ax2+bx+c  формулада х айнымалысы кез келген ........................ мәндер қабылдайды.

4. Сондықтан бұл функция бүкіл сан осінде...................., яғни функцияның анықталу облысы  ...................... жиыны болады.

 

- кестемен жұмыс (функцияның  коэффициент және дискриминант (Д ) таңбасын анықтау )

ІҮ.Есептер шығару: (тақтамен жұмыс) /15 мин/

№406 (1-3 шығарамыз)

1.        y=3(x-2)2-2              a=3      m=2     n=-2

парабола төбесінің координатасы (2;-2)

2.         y=3-2x-x2

y=-x2-2x-1+4

y=(-x2-2x-1)+4

y=-(x2+2x+1)+4

y=-(x+1)2+4            a=-1    m=-1     n=4

парабола төбесінің координатасы (-1;4)

     3. y=x2+12x+22

y=x2+12x+36-14

 y=(x2+12x+36)-14

 y=(x+6)2-14              a=1       m=-6      n=-14

 парабола төбесінің координатасы (-6;-14)

 

№407 (тақ номерлерін шығарамыз)

1.      y=3x(x+2)

y=3x2+6x

y=3x2+6x+3-3

y=(3x2+6x+3)-3

y=3(x2+2x+1)-3

y=3(x+1)2-3       a=3     m=-1     n=-3

3.y=(x2-4)2-(x2+1)2

y=x4-8x2+16-x4-2x2-1

y=-10x2+15     a=-10     n=15

 

Ү. Сабақты бекіту кезеңі: (ашық тест) /5 мин/

1. Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?

А) 2х+3   В) х3 – х -7  С) х4-19х   Д) 3х2 -9х -1

2.y=x2+1,5функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?  

А) Оу осі бойымен 1,5 бірлік жоғары   В) Ох осі бойымен 1,5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 1,5 бірлік төмен Д) Ох осі бойымен 1,5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.

3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі  қандай түске боялған?  

А) қызыл    В) көк     С) жасыл   Д) басқа

4. y=(x+5)2функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?

 А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға   В) Ох осі бойыменбірлік солға  С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 5 бірлік  жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5. y=(x - 1)2 -7  параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар

 А)1;-7   В) -1;7   С) -7;-1   Д)7;1

Дұрыс жауаптары:

1.Д     2.А       3.А        4.В           5.А

 

ҮІ. 5 кімге бұйырады? /5 мин/

1.    а<0 болғанда, парабола тармақтары қалай бағытталады?

2.    D<0 болғанда , параболаның абсцисса осімен орналасуы туралы не айтуға болады?

3.    Абсцисасы-аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның

сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны.

4.    у=ах2+вх+с функциясының анықталу облысы?

5.    у=а(х-m)2+n функциясымен берілген функция графикгі n>0 болған жағдайда қай бағытқа жылжиды?

6.    «Функция-қатынастар жүйесіндегі қайсы бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі» деп аударылады

ҮІІ. Үйге тапсырма беру: /1 мин/

ҮІІІ. Кері байланыс: /3мин/

Сабақта

      Мен білдім ...

      Мен үйрендім ...

      Маған ұнады ...

      Қиындық туғызды

ІХ. Оқушыларды бағалау. /1мин/