математика

  • docx
  • 26.04.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 73.docx

Жамбыл облысы , Талас районы, Қараой ауылы, «Бірлестік» орта мектебі

Пән мұғалімі: Мырзабекова  Жаныл Тайыровна

 

Тақырыбы:  «Дарындылар додасы»

Сабақтың мақсаты:

            1.    Оқушылардың  математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

            2.    Сана сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру.

            3.    Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

                   Оқушыларды төзімділікке, алғырлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Ұлағатты сөздер, слайд, логикалық есептер, әр топқа

                           даярланған үстел.               

                                            Жоспар:

                    1.     Таныстыру.

                    2.     Тапқырлық  сайысы.

                    3.     Біліктілік  сайысы.

                    4.    «Ойымды  жалғастыр»

                    5.    «Кім  жылдам ?»

Ойынның  барысы:
 Жүргізуші :
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды

 ортаға салу. Олай болса, «Дарындылар додасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа үш топ қатысады, сол топтарды ортаға шақырамыз.

бюбю.jpg

І. «Таныстыру» (Әр топ өзін таныстырады.Топтардың танысуы    5  ұпай).


ІІ. «Тапқырлық сайысы» (Сұрақ – жауап. Әр дұрыс жауапқа    2  ұпай. Әр топқа 12 сұрақтан қойылады ).


IIІ. Біліктілік сайысы. (Әр командадан бір оқушыдан шығып  сұрақтарға жауап береді.Әр дұрыс жауап 5 ұпай.)


ІV. «Ойымды  жалғастыр».(
Мақал-мәтелдер.)

«Кім жылдам ?»(Әріптері араласып кеткен сөздерді табу).

Бірінші кезең: «Өзін - өзі таныстыру». Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.

          

20180118_154742.jpg

II. Екінші кезең.
2. «Тапқырлық  сайысы» (сұрақ – жауап). Бұл бөлімде әр топқа 12 сұрақ қойылады,

     сол сұраққа жылдам жауап берулері тиіс.

 

мими.jpg1-топ

1.     1. Үш сызықтан пайда болған фигура. 
(Үшбұрыш).

2.     2. Қысымды немен өлшейді?. (барометр) 

3.     3. 7 майшам жанып тұр, 4-еуін сөндірсек    неше майшам қалады? (4) 

4.     4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама) 

5.     5. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен

    екі есе артық болса, қазір сағат неше?. (8) 

6. Жарты  түзу. (сәуле) 

7. Көрші үйлердегі 4 баланың жастарының қосындысы 50 жас. 4 жылдан соң олардың жастарының қосындысы неше жас болады?. (66) 

8. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп) 

9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос ыдыстан)

10. Ток күші немен өлшенеді? (Ампер)

11. 100 жылдың басқа атауы   (ғасыр)

12.  25%  санның қандай бөлігі?  (1/4 бөлігі)

 

 

 

20180118_154114.jpg2-топ

1. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)

2. Терператураны немен өлшейді?  (термометр)

3. Түнгі сағат 11де жаңбыр жауса, 48сағаттан соң күн шығады

     деуге  бола ма?  (жоқ)

4. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не?  (ток)

5. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

6. Ең үлкен хорда. (диаметр)

7. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы.(принтер)

8. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?  (тең)

9. Шеңбер сызуға арналған құрал.  (циркуль)

10. Әр түрлі цифрмен жазылатын ең кіші үш таңбалы сан.  (102)

11. Бөренені 14 жерінен кессек неше бөлік пайда болады?  (15)

12. Картадағы өлшемнің жердегі өлшеміне қатынасы.  (масштаб)

ячяч.jpg3-топ

1.     1. Ең үлкен натурал сан. (шексіз) 

2.     2. Екі ғасырда неше жыл бар? (200) 

3.     3. Ұшақ Алматыдан Семейге қарай 1сағат 20 минут ұшты,ал кері қарай 80 минут ұшты. Айырмашылығы қанша минут ? (тең) 

4.     4. Бір айда 5 жексенбі бола ма?. (жоқ) 

5.     5. 2 жылда қанша ай бар. (24) 

6.     6. Күн көзі жылына қанша рет шығады?. (365) 

7.      7. Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы.(пернетақта)

8.      8. Столдың 4 бұрышы бар,егер бір бұрышты кесіп тастаса неше бұрыш қалады?(5)

9.     Бұрышты өлшеуге арналған құрал. (транспортир)

10.  Ең  кіші  жай  сан. (2)

11.  Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан. (аралас сан)

12.  Ұзындығы 1 метр жіпті әр бөлігі 20 см болу үшін неше рет қию керек?.(4 рет)

III.Үшінші кезең

«Біліктілік сайысы»

IV. Төртінші кезең

 «Ойымды жалғастыр»

1-топ

1.     Отыз  тістен шыққан сөз,  отыз елге тарайды.

2.     Білгенің бір тоғыз,   білмегенің тоқсан тоғыз.

3.     Бір кісі қазған құдықтан,  мың кісі су ішеді.

4.     Алтау ала болса аыздағы кетеді,  төртеу түгел болса төбедегі жетеді.

5.     Ер бір рет өледі,    қорқақ мың рет өледі.

6.     Жігіт сегіз қырлы,  бір сырлы.

 2-топ

1.     Жеті жұрттың тілін біл,    жеті түрлі ілім іл.

2.     Білекті бірді жығар,  білімді мыңды жығар.

3.     Екі жақсы қас болмас,   екі жаман дос болмас.

4.     Досыңды үш күн сынама ,  үш жыл сына.

5.     Бір елі ауызға -     екі елі қақпақ.

6.     Жүз сомың болғанша ,  жүз досың болсын.

3-топ 

1.     Бес бармақ жиналса,  жұдырық болады.

2.     Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келсе де пәс емес.

3.     Бір тал кессең , он тал ек.

4.     Бес саусақ ,     бірдей емес.

5.     Айдың он бесі жарық,  он бесі қараңғы.

6.     Жеті рет өлшеп,  бір рет кес.

V.            Бесінші кезең

Кім  жылдам     (Әр топқа бірдей тапсырма)

     

      апрцетяи          трапеция

      ылмаынай        айнымалы

      демаиан           медиана

      цияпорпор        пропорция

      теринпр             принтер

      еедңту               теңдеу

 

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.