математика

  • docx
  • 05.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 42.docx

Сабақ жоспары

№ 81

Пән:   математика

Сынып:  6 «ә»

Күні:      ___________

Сабақтың тақырыбы:  Берілген сандар қатарының медианасы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Берілген сандар қатарының медианасы ұғымымен таныстыру

Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:   Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақ барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі:

                                а)  Сәлемдесу

                                ә)  Оқушылар тізімін тексеру

                                б)  Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

-      Жай бөлшектің ондық жазылуы деген не?

-          Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің  артығымен ондық жуықтауы қалай табылады

-          Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің  кемімен ондық жуықтауы қалай табылады?

ІІІ Жаңа тақырып:

Анықтама:  Медиана –шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама

      Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:

-          Берліген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;

-          Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек

      Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.

Анықтама:  Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды

өсу (кему) ретімен орнастырғанда қақ ортасында тұрған сан.

Анықтама:  Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның прифметикалық ортасына тең болады.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Ауызша орындалатын тапсырмалар: №652, 653

№ 652 Сандардың айырмасын табыңдар:

1)5/8;     2) -9/7;  3) -9/4;    4) -2,01;     5) 0;     6) -1;     7) -98/99;    8) -9/8

№ 653 Сатушы бір күнде 37 ертегі кітап, 120 оқулық,  24 сурет дәптерін, 9 географиялық атлас сатты. Тұтынушылар үшін қандай зат мода болды?

Жауабы: 120 оқулық

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 655,  №659, №665

№ 655 Бастауыш сынып оқушыларының бір минутта оқыған сөздері санының кестесі берілген.

 

Оқушылар аты

Сәуле

Айдын

Дархан

Марал

Болат

Қасым

Бақыт

Оқыған сөздерінің саны

100

70

80

70

100

90

60

 

Жауабы: 70 медианасы.

№659 Сандар қатарының медианасын табыңдар:

1)                                                     2)

№665

Шебер жұмыс күнінің алғашқы төрт сағатында даярлаған тетіктерінің санын кестеге толтырып отырды. Шебердің бірінші сағатта даярлаған тетіктерінің саны кестеде берілді.

 

Жұмыс сағаттарының реті

1-сағ

2-сағ

3-сағ

4-сағ

Даярланатын тетіктерінің саны

120

108

96

100

 

Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңдар:

1)      Шебердің екінші сағатта даярлаған тетіктерінің саны бірінші сағаттағыға қарағанда 10 % -ке кем болды. Шебер екінші сағатта неше тетік даярлады?

1 сағ -120-100%

2 сағ – х-   90%

2)      Шебердің үшінші сағатта даярлаған  тетіктерінің  саны екінші сағатта даярлаған тетіктері санының 8/9-іне тең еді. Шебер үшінші сағатта неше тетік даярлады?

3)      Шебер төртінші сағатта үшінші сағатттағыға қарағанда 4 тетік артық даярлады. Шебер төртінші сағатта неше тетік даярлады?

96+4=100

4)      Шебердің 4 сағатта даярлаған  тетіктері санының медианасы неге тең?

5)      Шебердің 4 сағатта даярлаған тектері санының арифметикалық ортасын табыңдар.

106 тең.

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №656, №657

№656 Көңілділер мен тапқырлар сайысында  Марат 7 ұпай, Айман 4 ұпай, Зарина 8 ұпай, Самат 5 ұпай, Дина 6 ұпай жинады. Кім орташа ұпайлар санын жинады? Орташа ұпайлар саны неге тең? Балалардың алған ұпайларының медианасы неше ұпай?

Шешуі:

Орташа ұпайлар санын Дина жинады.

орташа ұпай саны

8;7; 6;5; 4

Медианасы 6 ұпай құрайды.

Жауабы: Орташа ұпайлар санын Дина жинады. Орташа ұпай-6, Медианасы 6 ұпай құрады.

 

№657 Айдың күнгей нүктесінде температурасы 1300 С, ал оған қарама-қарсы нүктесінде  - 1700 С. Айдағы температурасының өзгеріс ауқымы неше градус?

Шешуі:

1700 -1300 =400

Жауабы: өзгеріс ауқымы 400

Сабақты бекіту кезеңі:

- Медиана нені анықтайтын статистикалық сипаттама?

-  Берілген сандардың саны тақ болса, медиана қалай табылады?

- Берілген сандардың саны жұп болса, медиана қалай табылады?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №661, №662, №666