Сабақтың тақырыбы:
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Қызылорда облысы, Арал қаласы №64 орта мектептің математика пәні мұғалімі Сералиева Жеңіскүл Құттымұратқызы
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Оқушыларға жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесімен таныстыру. Координаталары бойынша нүктені салуды үйрету,меңгерту.
Дамытушылық.Сызбаларды дұрыс сызуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.Ойлау қабілетін дамыту.Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік.Ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті, сұрақ – жауап, түсіндірмелі, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнкілігі: интерактивті тақта, презентациялар, суреттер, үшбұрышты сызғыш,оқушылардың жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: сызумен, геометриямен, географиямен
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын қарау.
ІІ. Үй тапсырмасы
№ 1119 есеп.
k және l – паралелль түзулер. s – қиюшы түзу, <2= 400, <5,<6,<7,<8 – тың градустық өлшемдерін табыңдар.
s
k 1 <2= 400
3 4
l 5 6
7 8
Шешуі: k ║ l,
<1=<5, <1 = 1800 - <2= 1800 - 400 = 1400, <5 = 1400
<6 = <2 = 400
<6 = <7 вертикаль бұрыштар,<7 = 400
<5 = <8 вертикаль бұрыштар,<8 = 1400
Жауабы: <5 = 1400,<6 = 400,<7 = 400,<8 = 1400
№1120
142 – суреттегі а және в – параллель түзулер. с және d - қиюшы түзулер.
<1 =1200;<3 = 1100.<2+<4+<5+<6 қосындысы неше градус?

с d
а <1 =1200 <3 = 1100
2 4
в 6 5
Шешуі:
<1 = <2 = 1200 вертикаль бұрыштар
<3 = <4 = 1100 вертикаль бұрыштар
<6 = 1800 - <1 = 1800-1200=600, <6= 600
<5 = 1800 - <3 = 1800-1100=700, <5= 700
<2+<4+<5+<6 = 1200+1100+600+700=1800+1800=3600
Жауабы: 3600
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Тездет, бірақ қателеспе » ойыны
1. Түзу дегеніміз не?
2. Кесінді дегеніміз не?
3. Сәуле дегеніміз не?
4. Екі түзудің орналасуы туралы не білесіңдер?
(қиылысатын түзулер, перпендикуляр түзулер, айқас түзулер, параллель түзулер)
5. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
6. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?
7. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара қиылыса ма?
8. Параллель түзулерге өмірден мысалдар келтір.
ІV.Жаңа сабақты баяндау.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Жазықтықтағы
тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша
нүктені салу.
Алдымен мына нүктелердің координатасын табайық:
Д е к а р т
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
-4 -3 -2 -1 0 1 2
3 4 5 6 х
Жауабы: Д(-4),е(-3),к (0),а(1),р(3),т(5)
Нүкте координаталық түзуде бір ғана санмен – координатасымен анықталатынын білеміз.Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренейік.Ол үшін мына мысалдарға назар аударайық.
1. Сыныптағы партаның орнын анықтау үшін бір ғана сан жеткіліксіз.Мысалыға, осы сыныптағы Нұрболдың отырған партасы 2 – ші қатардағы 3 – ші парта.Мұндағы 2 – қатар ретін анықтаса, 3 – парта ретін анықтайды.
2. Қаладағы кинотеатрларға барғанда, қолыңдағы билетпен отыратын қатардағы орныңды табасың.Мысалыға, 5 қатардағы 9 – шы орын.

3. Сол сияқты өзіңнің тұрған үйің мысал болады.(көшең,үй нөмірің)

4. Әрбір қаланың Жер бетіндегі орны екі санмен: ендігімен, бойлығымен анықталатынын география пәнінен білеміз.Біздің Арал теңізі 450 оңтүстік ендікте, 600 шығыс бойлықта орналасқан.


5. Шахмат тақтасы да мысал бола алады.
Нүктенің
жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір -
бірімен санақ басы нүтелерінде қиылысатын өзара
перпендикуляр екі координаталық түзуден, тік бұрышты
координаталық жүйе құрастыру қажет. Санақ
басы О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр екі
координаталық түзу тік бұрышты координаталар
жүйесін құрайды.

У - ордината осі
у![]()
х
|
||||||||
|
||||||||
|
||||||||
х

«Координаталар» сөзі латынның сөзінен алынған, қазақша «реттелген» деген мағына береді. Координаталық түзулер - координаталық осьтер деп аталады.
Көлденеңінен сызылған координаталық түзу абсциссалар (Ох) осі деп аталады да, солдан оңға қарай бағытталады. Тігінен сызылған координаталық түзу ординаталар (Оу)осі деп аталады да, төменнен жоғары қарай бағытталады.
Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координаталар басы О әрпімен белгіленеді.Бұл латынша origo - « басталу» сөзінің бірінші әрпінен алынған. Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
Координаталық жазықтықтағы А нүктесінің координаталарын табу үшін:
1) А нүктесінен абсциссалар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Ох осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек.Сол А нүктесінің абсциссасы болады.
2) А нүктесінен ординаталар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Оу осімен қиылысу нүктесінің координатасын табу керек.Сол А нүктесінің ординатасы болады.
А нүктесінің абсциссасы 4 – ке тең, ал ординатасы 3 –ке тең нүктенің координаталары жақша ішіне жазылады: А (4;3).Оқылуы: «А нүктесінің координаталары 4 және 3». Нүктенің координаталарын жазғанда абсциссасы бірінші орынға, ординатасы екінші орынға жазылады.Нүктенің жазықтықтағы орны сандар жұбымен анықталады.
Х осіндегі кез келген нүктенің ординатасы 0 – ге тең: (х;0)
Мысалы: Е (-3;0). К (4;0)
У осіндегі кез келген нүктенің абсциссасы 0 – ге тең: (0;у)
Мысалы: Т(0;2). С (0;-4)
Координаталары бойынша нүктені салу.
Мысалы: С(-2;4) нүктесін салу үшін абсцисса осінен - 2 нүктесінен перпендикуляр түзу жүргіземіз.Ордината осінен 4 нүктесінен перпендикуляр түзу жүргіземіз.Осы түзулердің қиылысу нүктесі С(-2;4) нүктесі.
Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі.Оларды ширектер деп атайды.
![]() |
ІV ширек (+;-) ІІІ ширек (-;-) І ширек (+;+) ІІ ширек (-;+)
V. Жаңа сабақты бекіту.
№1124 есеп
Тік бұрышты координаталар жүйесін сызып, координаталары берілген нүктелерді салыңдар:
1) х = 2, у = 3 3) х = -4, у = -2 5) х = -1, у = 0
2) х = -3, у = 1 4) х = 0, у = - 3 6) х = 0, у = 5
№1125 есеп
Координаталық жазықтықтан:
А(-2;4), В(-1;-3),С(-1;5),Д(1;-3),Е(-5;2),К(0;-1) нүктелерін табыңдар.
№1126 есеп
Ұштарының координаталары бойынша АВ, СД және EF кесінділерін сызыңдар: А(3;1),В(-3;3), С(-2;-3),Д(4;-1),Е(1;3),F(3;-4).
№1127 есеп.
Координаталық жазықтықта А(3;2) нүктесін белгілеңдер.Координаталары А нүктесінің координаталарына қарама – қарсы сандар болатын В нүктесін табыңдар.АВ кесіндісін сызыңдар.
№1128 есеп. Нүктелерді координаталарымен жазыңдар.(148 – сурет)
VІ . Сергіту сәті.
Тік бұрышты координаталар жүйесіне А(-3;3), В(3;3), С(3;-3), Д(-3;-3) нүктелерін кесінділермен қосып, шыққан фигураның атын атаңдар.
(тік төртбұрыш шығады).
Содан соң тік бұрышты координаталар жүйесіне салынған суреттер көрсетіледі.












VІІ. Үй тапсырмасы
1. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу.
2. №1129 есеп.
Координаталық жазықтықта ұштарының координаталары бойынша MN және KL кесінділерін сызып, олардың қиылысу нүктесінің координаттарын табыңдар: M(-2;-3), N (2;4), K(-3;4), L(3;1)
3.Оқушылардың жұмыс дәптерінде.
Тік бұрышты координаталар жүйесіне мына координаталары бойынша нүктені салып, кесінділермен қосып, белгілі жануардың суретін шығарыңдар.
1 - сурет
(-1; 4) (6; 17) (-5;-4)
(-2; 1) (5; 16) (-7;-5)
(-3; 2) (6; 12) ( -7; -7)
(-4; 2) ( 6; 9) (-6,5;-8)
(-4; 3) (4; 7) (-10,5; -8)
(-6; 4) ( 1; 6) (-10; -7)
(-6; 6) (2; 5) (-10; -6)
( -8; 9) ( 5; 4 ) (-11;-7)
( -7; 10) ( 5; 3) (-11;-8)
(-6; 10) ( 4; 4) (-14;-6)
(-6; 11) ( 1; 2) (-13;-5)
(-5; 10) ( 1; 0 ) (-12;-3)
(-4; 10) ( 3;-4) (-13;-2)
(-3; 9) ( 4;-5) (-14;-3)
(-1; 9,5) (1;-7) (-12; 1)
( 1; 9) ( 1;-6) (-10; 3)
( 3; 10) ( 0;-4) (-8; 3)
( 4; 11) (-2;-7) (-6; 4)
( 4; 16) (-1,5;-8)
( 3; 18) (-5;-7) ________
( 5; 17) (-4;-6) көз (-1;7
VІІІ .Қорытынды.
1) Координаталар жүйесі қалай құрылады?
2) Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?
3) Координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталары қалай табылады?
4) Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай аталады? (сандар жұбымен).
ІХ. Бағалау.Оқушыларды бағалау
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.