Математика

  • docx
  • 06.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 25.docx

Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

Жақшаны ашу.

Ортақ көбейткішті жақшаның

сыртына шығару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:      Математика

Сыныбы: 6б

Пән мұғалімі: Әбу Ш

Сабақтың тақырыбы:    Жақшаны ашу.Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару

Сабақтың мақсаты: 1. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,өрнектерді ықшамдау, жақшаларды ашу, жақша алдында «+» және «-» таңбалары болса, жақшаны ашқанда қосылғыштардың таңбалары қалай өзгеретінін ұғындыру.

2.Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;                     

3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере                     
отырып,теориялық ойлау   қабілеттерін   дамыта оқыту, сабаққа деген  қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың  көрнекілігі:слаид, интерактивті тақта, тапсырмалар
Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру жұмысы

2.     Өткенді пысықтау

3.     Үй тапсырмасын тексеру.

4.     Түсінгеніңді айтып көрші.

5.     Ой тұжырымдамасы

6.     Сергіту сәті

7.     Оқулықпен жұмыс

8.     Логикалық сұрақ

9.     Жаңа сабақты бекіту

10.  Үйге тапсырма: №754 №761 №771

11.  Бекіту

1. Ұйымдастыру жұмысы

2.Өткенді пысықтау

1. Алгебыралық өрнекке мысал келтір, алгебыралық өрнектің жазылу шарттарын айтып бер?

2. Алгебыралық өрнектің  қасиеті қандай?

3. Алгебыралқ қосынды дегеніміз не?

4. Алгебралық өрнектің мәні дегеніміз не?

5. Тепе-тең өрнек дегеніміз не?

6. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып өрнекті қалай ықшамдауға болады?

7. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып өрнекті қалай ықшамдауға болады?
3. Үй тапсырмасын тексеру.

№739. №740

4. Түсінгеніңді айтып көрші.

Бұнда әр топ жаңа тақырып бойынша өз түсініктерін постер арқылы қорғайды.

5. Ой тұжырымдамасы

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.
7+(-9a+4b-c)= 7-9a+4b-c
Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады: a- (b – c + d) = a- b + c – d
5- (2a-3b+7c)=5-2a+3b-7c
a(b+c) көбейтіндісі түріндегі өрнектердегі жақшаларды ашу үшін, көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалану керек. a(b+c)=ab+ac
2+5(4a-7b+6c)=2+20a-35b+30c
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті теңдігінің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орындарын ауыстырсақ:
ac+bc=(a+b)c теңдігі шығады. Мұндағы с – ортақ көбейткіш.
12x+15y-21z=3(4x+5y-7z), мұндағы 3 саны – ортақ көбейткіш.

6. Сергіту сәті

7. Оқулықпен жұмыс

А-деңгей

№750. Жақшаларды  ашып жазыңдар

1) а+(в-с)        3) х-(у+2)                               

2) m-(-n-k)       4)m+(8+n-k)

№751. Жақшаларды  ашып жазыңдар

1)1,9(a+2)            3)3(a-1.7)             

2)-2(x-0.9)            4)-3(a-b)

№752. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарып жаз

1)2m-2n        3)15a-12b

2)3a-6b          4) 5m-15m

В-деңгей

№760. Жақшаларды  ашып жазыңдар

1) -5(0.8c-0.9d)    3)  -0.3(-5a-3c-2d)

2) -1/9(3x-4y)        4)  5/12(-4x-6y-3)

№761. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығарып жаз

 1) ax-3bx-cx       3)2dx-6dy-8dn

 2) -bm-bn-bk       4)-5n+20nx-15ny

С-деңгей

№760. Жақшаларды  ашып жазып, ықшамдаңдар

1) ( x+y)-(y-z)-(z+2.9)     3) (7-m)+(m+n)-(n-k)

2) (a+8)-(a+b)+(b-c)      4) (x-n)-(m-5)-(m-n)

8. Логикалық сұрақ

1.Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

2.Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды?

3.Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек?

9. Жаңа сабақты бекіту

1. Жақша алдында«+»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

2. Жақша алдында«-»таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

3. a(b+c) көбейтіндісіндегі жақшаны қалай ашып жазу керек?

10. Үйге тапсырма: №754 №761 №771

11.Бағалау.