Математика

  • docx
  • 06.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 26.docx

Сабақ жоспары

 

Пән: Математика

Сынып: 6

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзулердегі нүктелердің арақашықтығы 
Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділігі: координаталық түзуге анықтама беру; координаталық түзуде санақ басын, оң және теріс сандардың орналасуын, координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келетінің меңгерту; оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу.

2.     Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; ой-өрісін кеңейту; теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру; меңгерілген білімді есеп шығаруда қолдана білу қабілетін дамыту. 

3.     Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің элементтері, ассоциация. 

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру: (2 мин)

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (10 мин)

Өткен тақырыпты қайталау: 

Мақсаты: Өткенді қайталау

Презентация арқылы тапсырмалар беріледі:

1.     Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

2.     Қандай таңба оң санды білдіреді?

3.     Қандай таңба теріс санды білдіреді?

4.     Кез-келген теріс сан оң саннан қандай? Және тбб

IІІ. Жаңа сабақ (15 мин)

Роза мен Диана бір жерден бір – бірінен қарама – қарсы бағытта жүгірді. Роза 5 м/с жылдамдықпен жүгірсе, Диана 4 м/с жылдамдықпен жүгірді. Қыздардың әрқайсысының 1 секундтан кейінгі орындарын көрсетіңдер.

 
-4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 
Жауабы: (-4);(5)

 

Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады. Ол үшін: 

1.Түзу сызып, оның бойынан 0 нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек.

2. Бірлік кесіндіні таңдап алу қажет.

3. Оң бағытты көрсету керек.

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын 0 нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

- бірлік кесінді 0 нүктесі координаталық түзуді қарама-қарсы екі бағытқа бөледі.
І. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. 
ІІ. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.

ІІІ. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу.

ІV. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді. 
V. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

Мысалы: А(-4)пен В(3) нүктелерінің арасындағы қашықтық: АВ =3-(-4) =7 яғни 7 бірлік кесінді.

Шығармашылық есеп

Бірлік кесінді ретінде 1 см кесіндіні алып, координаталық түзу сызыңдар. Оның бойынан А(-2) және В(1) нүктелерін белгілеңдер. А нүктесі В және С нүктелерінен бірдей қашықтықта. С нүктесінің координатасын және АВ ара қашықтығын  табыңдар.

 

С А В 

-5 -2 1 

ІV. Сергіту сәті: (3 мин)

“ Математикалық амалдарды пайдалану” ойыны

КО+ОР+ДОР -ОР+ИНАС-С+ТА+ЛЫП-П+Қ= КООРДИНАТАЛЫҚ 

ТҮС — С+ЗП-П+У= ТҮЗУ

Сөздікпен жұмыс 

Координата-координата-coordination 
Түзу-прямая-straight 

V. Оқулықпен жұмыс: (10 мин)

Орындарында:№550,  №553

Тақтада:  №555

VI. Сабақты бекіту: (3мин)

Санақ басы

Оң сандар теріс сандар

Оң бағыт бірлік кесінді 

VII. Бағалау: (1 мин) деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай оқушыларды бағалау жүргізіледі. 

VIII. Үйге тапсырма: (1 мин) №557, №560, п.3.6.