Математикалық сайыс
Оценка 5

Математикалық сайыс

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
математика
6 кл
04.04.2017
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс 5-6 сыныптарға арналған. Сайыты өткізу барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Оқушыларды жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, достыықа баулу үшін өткізуге болады. Сайыстың мазмұнында әртүрлі қызықты есептер, ребустар, логикалық сұрақтар қамтылған. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге бағытталған және топтың намысын қорғап жеңіске жетуге бағыттайды.5-6 сыныптарға арналған сайыс.
математикалық сайыс.docx
Математикалық сайыс. Мұғалім: Балалар бүгін біз сендермен «Математикалық сайыс» ойын­сайысын 5­6 сыныптар арасында өткізбекпіз. Төрешілер алқасын сайлап, оларды ортаға шақырайық. Сайыстың шарты: 1) Сұраққа жауап беру үшін 1 минут беріледіү 2)Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай. 3)Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай. 4)Айта алмаған топқа 0 ұпай. 5)Орнында айқайлаған, тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі. Ал енді ортаға жүргізушілерді шақырып, сайысымызды бастайық. 1­ші жүргізуші:   Уа, жараңдар, жараңдар,                               Мына бізге қараңдар!             Мінеки залда тыныштық,        Естілмейді дыбыс түк.          Мұны бізде қоштаймыз,               Кешіккендерді тоспаймыз.           Ғылымдардың ғылымы                            Математика жайында ойын­сайысты бастаймыз! 2­ші жүргізуші:   Жас достарым,                               Мұны жақсы ұғайық.                               Математика құрметтеуге лайық,                               Дүниедегі құбылыстың мәніне                               Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де                               Мүмкін емес есептерсіз түсіну,                               Есебіңіз дүние кілті әлі де. Жүргізушілер екі топты сапқа тұрғызды. Сайыстың шарты бойынша сөз  кезегін топтарға беріп, сәлемдесулерін тыңдайық. І­Сәлемдесу сайысы. 1­ші топ 5­сынып оқушылары «АЛҒЫРЛАР» Ұраны: Жарыс десе жанамыз               Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемі:  Сыныптас ерігіп жүрме бос,                  Қол ұстас, бірігіп тізе қос.                  Жеңіспен мәреге барайық, Жеңістің ұранын салайық. Төрешілер алқасына сәлем:                   Қолына қалам алатын                   Әділ баға беретін                   Еңбекті адал бағалар                   Армысыздар тәтелер! 2­ші топ 6­сынып оқушылары «ТАПҚЫРЛАР» Ұраны:      Қандай сынақ болсадағы беріспе,                    Әрқашан да үміткерміз жеңіске. Сәлемі:     Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым                    Көрсетеміз бізде қандай күш барын                    Алға қойған мақсатымыз бір екен,                    Сәтті болсын сапарымыз әрдайым! Төрешілер алқасына сәлем:                                         Алдарыңда бұл ьұрғандар,                     Білім жолын қуғандар                     Қателессек көрмеңіздер                     Әділ баға беріңіздер! ІІ­Бапкерлер сайысы Бапкерлер текшелерді кезек домалатып, бетінде жазылған сұрақтарға жауап  береді. ІІІ­Байқағыштық сайысы Неше шаршы бар? Неше        бар? 1,2,3,4,5,6 сандарын дөңгелектерге орналастыр, сонда цифрларының  қосындысы 12 болу керек. ІҮ­Мақал­мәтелдер сайысы Әр топ құрамында сандар бар мақал­мәтелдер ойлайды. Ү­Ребус шешу сайысы                       А                   А ҮІ­Мықтылар сайысы Алғырлар тобына: 1) Цифрлардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой:       1 2 3 4 5 =33 2) Келеді ұшып екі қарға, Топ достарын ертіп талға Болды елу әлгі жиын Санағанда демей қиын. Болмаңыздар әбігер, Шешімі табылар бәрі бір. Айтпай есеп шарты кім, Теңдеу құрып тәртібін?   2+х=30,    х=48 қарға Тапқырлар тобына: 1) Цифрлардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой:       2 2 2 2 2=28 2)  Кездесіп бір топ аңменен,      Болды отыз бас малменен.      Олар кетті қоштасып,      Үш түлкімен достасып.      Теңдеуді ойлап құрыңыз,      Мал санын айта тұрыңыз. х+3=30,х=27 бас мал     сұрақтар: К   ө  рермендерге 1.Не ауыр? Бір кг мақта ауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма?   Екеуі тең. 2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат  ойнады?   4 сағат. 3. Берік өзінің туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн?      29  ақпан. 4.Бір жұмыртқа бес минутта піседі, ал бес жұмыртқа ше?      5 минутта. 5.Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілдері қандай  бұрыш жасайды?    900 6.Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол  жанұяда қанша бала бар?    6 Мақал­мәтелдерді жалғастыр: 1.Бір құмалақ  (бір қарын майды шірітеді) 2. (Жүз теңгең болғанша) жүз досың болсын. 3. Қызға 40 (үйден тию) 4.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 5. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 6. (Екі жақсы қас болмас,) екі жаман дос болмас. ҮІІ­Сөз құрастыру сайысы Алғырлар тобы:    1.Тирпортранс                                2.Цияпорпор                                3.Ценпрот                                4. П әрпінен басталатын сөздерді тауып жаз. Тапқырлар тобы:   1.Шекбөл                                 2.Ралнату                                 3.Шырша 4. С әрпінен басталатын сөздерді                                    тауып жаз. Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды сөз кезегін әділқазыларға береміз. Әділқазылар дайындалғанша екі топ қосылып ән орындайды.

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс

Математикалық сайыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017