Он сұрақ!
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Стикерлер тобы
А
Ә
В
Б
Бұл қалай жұмыс істейді:
1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).
2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.
3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.
REMEMBER:
You may not repeat any facts or information that has already
been added by
another group.
Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
“Джимми, Сандраның жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Сандра, Карлдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
Сұрақты ұстап ал!
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Кабинет объектілерінің модельдері
Әрбір топ қораптағы заттарды пайдалана отырып, өздеріне берілген сұлбаны/жүйені/картаны дыбыстауы қажет (қажетсізін алып тастаңыз).
Ескерілуі тиіс:
·Сұлба қандай нысанда болуы тиіс?
·Бұл нысанды дыбыстау үшін нені пайдалана аламыз?
·Негізгі объектілерді қалай ұсына аламыз?
Бірге ойлаймыз
· көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
· мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;
· осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
· талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.
_________________________________________
Constantinople
Константинополь
Сіздің нәтижеңіз қандай?
өте жақсы: 10 және одан да көп сөз
жақсы: 8 және одан да көп сөз
жаман емес: 6 және одан да көп сөз
конверт-сұрақ
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Лездеме!
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Бұл слайдты топ үшін пленарлық сабақ өткізген кезде пайдаланыңыз.
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз:
Машина үшін металл жиһаз үшін ағаш сияқты
____ үшін_____.............үшін_____сияқты.
Мұғалім затқа қатысты баламаларды ұсынуы тиіс.
____ үшін_____.............үшін_____сияқты.
____ үшін_____.............үшін_____сияқты.
____ үшін_____.............үшін_____сияқты.
____ үшін_____.............үшін_____сияқты.
тақырыптық Теннис
есеп:
Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.)
немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
3 адамнан топқа бөлініңіздер:
2 ойыншы және судья
Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді.
Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.
Сөйлемді толықтыру
Мына сөйлемді толықтырыңыз:
Мен бүгін … жаттап алдым.
Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды.
Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар:
Неге....
Мұны қайдан білесіз....
… үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз…
Сіз келісесіз бе…
Түсіндіре аласыз ба…
… үшін не істеу керек.
1-оқушы: сізде артқы жағында жауабы жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қойыңыз. 2-оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда ғана, жол сілтеп көмектесіңіз.
2-оқушы: сіз толық жауап бересіз. Егер де сұрақтың жауабын білмесеңіз, көмек сұрауыңызға болады.
тренер
ойыншы
Сіздердің әрқайсыңызға бүгінгі оқылған материалға қатысты 5 сұрақ жазу керек. Сұрақтардың әрқайсысы түрлі сұрау есімдігінен басталуы тиіс:
не
кім
қашан
қайда
неге
қалай
Егер ... болса, не болады?
4 адамнан тұрады топтар :
·көшбасшы сіздің топқа берілген сұрақты оқиды.
Топтың қатысушылары жауаптарын планшетке жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді.
·Көшбасшы белгі бергенде, барлығы жауабын ашады. Топтағы түсініспеушілікті талқылаңыз (егер де келісімге келмесеңіздер, онда сыныптың қалғандарына өтініш білдіру қажет).
Өздік жұмыс:
Сыныптастарыңыз үшін 5 сұрақ жазыңыз (әрбір карточкаға бір сұрақ жазып, жауаптарын артында көрсетесіздер).
Басқа топпен карточкаларды алмасыңыз.
1. Топтарға бөліңіз. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай өз мүшелеріне 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір береді.
2. Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін “Бірге ойлаймыз” – деп айтады.
3. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді.
Барлығы жауапты білгеннен кейін, өз орындарына отырады да, сынып дайын деп айтады.
Санды таңдау үшін зырылдауықты айналдырады (немесе 1-ден 4-ке немесе 5-ке дейін кез келген санды атаңыз). Әр команданың тиісті оқушысы үстелден планшет пен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады. Бұл тыныштықта орындалады.
Командаға бір мезетте жауаптарын көрсетуге белгі беріңіз. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпайларын есептейсіз.
Ойлан, Бірік, Бөліс
Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).
Бірге ойлаймыз
Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтер/1 адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
Құрастыр, одан кейін Жауап бер
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
· өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.
Көршіңе әңгімелеп бер
«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Басбармақ
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
А Ә Б В
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
Крестиктер-нөлдіктер
Rules:
1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.
2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.
3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.
4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.
Ереже
Тақырыптық түйінді сөздер
Келтірілген сөздердің қайсысы ________________________________ жатады?
Сөздер банкісі
Біздің тақырып
Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырыңдар.
Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.
Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады
Мысалы–
· Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
· Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
· Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету.
Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
True or False:
Test your knowledge of the lesson so far by deciding whether the following statements are true or false
Өзіңізді тексеріңіз:
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Жадыны дамытуға арналған ойын
Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген.
Оларды жаттау үшін, сендерде 2 минут бар:
Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске алу қажет. Барынша көп дұрыс жауаптарға сыйлық тағайындалады – дұрыс сөз + жазу ережесін сақтау!
Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген.
Олардың ретін жаттау үшін, сендерде 2 минут бар.
Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске түсіру қажет. Оқиғаларды дұрыс ретпен бірінші болып атаған топқа сыйлық беріледі.
Жадыны дамытуға арналған ойын
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
Тыңдайтын үшбұрыштар
1-ші оқушыда ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар.
Ақпараттағы ақаулық
Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші оқушыдағы парақта.
Жұптағы екі оқушы бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен).
Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 үлгісі:
Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды.
Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.
Күту уақыты
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.