«Мектеп жылдары» сценарий
Оценка 4.6

«Мектеп жылдары» сценарий

Оценка 4.6
Мероприятия
doc
воспитательная работа +1
Взрослым
12.06.2019
«Мектеп жылдары» сценарий
Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру. Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар. 1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам-алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
«Мектеп жылдары» сценарий.doc
1 қыркүйек Білім күніне арналған «Мектеп жылдары» сценарий. Мақсаты: Отанды сүюге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм мен  азаматтықты қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасының Ата заңы, мемлекеттік тарихымен таныстыру. Көрнекіліктер: ҚР мемлекеттік рәміздері, ұрандар,гүлдер,шарлар, жалаулар. 1­Жүргізуші: Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және аяулы  оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін  мейрам­алғашқы қоңырау. Бүгінгі қуанышқа толы, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! 2­Жүргізуші: Қош келдіңіздер, жас ұрпақ, жасөспірімдер, үлкен де, мықты  орта білім әлеміне!  1­Жүргізуші: Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным, Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін. Әкелсін туды, шырқалсын өршіл әнұран, Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын. 2­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!  Әнұран орындалады. 1­Жүргізуші: 1­қыркүйек­Білім күнінен арналған «Сыңғырла, күміс  қоңырау!»  атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын. 2­Жүргізуші: Мектеп ана күліп тұр тағы, Шақырады қыркүйектің нұр таңы. Асығуда әліппені алуға, Еліміздің тағы бір жас ұрпағы. 1­Жүргізуші: Көп жылын осында өткізген, Ұстаздар – ізгі пәк жандар. Қуана шәкірт қабылдап, Білімнің көшін жалғандар. Алғашқы әріп үйретер, Ұстазды шәкірттерімен қарсы алыңдар! 2­Жүргізуші: Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді  мектебіміздің тоғызыншы сынып оқушылармен, ұстаздармен ортаға  шақырамыз.  Ұстаздар шәкірттерімен ортаға шығады. 1­Жүргізуші: Аламын білім күш, жалын, Арманға биік ұшамын, Өрлетер өмір шыңына, Өнегең абзал ұстазым. Бүгінгі мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің қадамы құтты  болсын! 2­Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата­аналар! Бар мектептің басталар бүгін жыры, Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны. Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт, Құтты болсын бүгінгі Білім күні! 1­Жүргізуші: Жана берсін еңбегін , жана берсін, Мерейіңе шәкірттер қана берсін. Айнала балалар мен гүлге толып, Оқу жылың зор бақыт ала келсін. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөз мектеп басшысы:  Сейталинов Мақсұт Төкен ұлына беріледі. 2­Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы тойшашуы бимен  басталмақ. Би: «Қазақ биі» 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында. 1­Жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі, Мұндайда жан түйіні шешіледі. Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген, Өзімен ала келер несібені. Сөз кезегі ауылымыздың әкімі: Узденов Ерлан Рамазан ұлына беріледі. 2­Жүргізуші: Биылғы жыл ерекше жыл. 30 тамыз күні ҚР  Конститтуциясының қабылдағанына 15 жыл толды.  Ата Заңға арнау. Оқитын 8 сынып оқушысы: Әлжанова М.  Мадина: Ата заңы ынтымақ, бірлік кепілі. Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін! Адымдаймын, кеудемді керіп бүгін. Егеменді елім бар, Ата Заң бар. Қорғайтын ынтымағын, беріктігін Заңым бар Әділетке негізделген Заңым бар. Тау да мен, теңіз де мен! Мен­халықпын, туған жер –Атамекен. Ажырамас, мызғымас егіздер ем Елім осы Ата Заңын аялаған... 1­Жүргізуші: Біз Отанымыздың бақытты балаларымыз. Қарлығаш:Отан дейміз көрікті астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Ақнұр:Отанның бұл шеті жоқ, шегіде жоқ, Бірақ ол өз үйіңнен басталады. Ән: «Елім менің» 9 сынып оқушыларының орындауында. 2­Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын, Тыңдайықшы ағалардың ақылын. Айтылатын ақ тілек бар қауымға, Жақсы лебіз жарым ырыс жарқыным. Сөз аудандық оқу бөлімінен келген қонағымызға беріледі. 1­Жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы бұл, Асудан асып асқарлы. Мінеки, достар тағы бір  Жаңа оқу жылы басталды. 2­Жүргізуші: Ендеше, кәне халайық, Жаңа оқу жылы төрлетсін. Көңілді әнге салайық, Жаңа оқу жылы басталды. Музыка ойналып, жаңа оқу жылы шығады. 1­Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет, Дүбірлі думан басталсын. Жүректерді ән тербеп, Шапалақ ұрсын асқар шың. Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын! Хош келіпсіз баршаңыз! Мен де есік қағайын Бітсе шілде, сары тамыз. Хан сарайдай шуақты  Мектебің тұр, ашсаңдар. Жаңа ынтамен қуатпен Оқу жылын бастаңдар! Би: «Мектебім» 9 сынып оқушыларының орындауында. Ақнұр: Мектеп­қамқор анамыз, Оқып, білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін, Біз­оқушы боламыз. Қарлығаш: Ардақты мұғалім! Арқаңда өзіңнің Адам боп шығамын. Бәрі алтын сөзіңнің Жаққан шам шырағын! Ән: «Жарқын жүзді үстазым» 1­4 сынып оқушылары орындауында.. Арлен: Тіліңді аламын, Сөзіңді ұғамын Кеудеме құя бер Білімнің бұлағын! Нұрдаулет: Өсіп ой  мен санамыз, Өмірге жол саламыз. Білім қуған баламыз, Біз­оқушы боламыз. Нұрболат: Мектебің, мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тардай болып кіресің, Таудай болып шығасың. Ән: «Мұғалім­ол біздің» 1 сынып оқушылары  орындауында. Дина:Мектеп­анаң бүгіннен, Мектеп­алтын босағаң. Мектеп­берген біліммен, Марқаясың жас ұлан. Әділжан: Оқып ғылым тектерін, Ой аламын деп келдім, Оттан ыстық мектебім! Аяжан: Бүгін, бүгін қала, дала көңілді, Қуаныш күй тербетеді көңілді.  Қыркүйектің сылдыраған қоңырауы, Балалардың күлкісі боп төгілді. Ән: «Мектебім» 3­4 сынып оқушылары орындауында.. Әлібек: Сәбилік көңілден, Арналды бұл әнім. Баулитын өмірге, Ақылшым­мұғалім! 2­Жүргізуші:Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән­мағына жатыр.  «Жақсы ұстаз­мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір  болмас,ұстазсыз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам  қайраткері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман  қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Ұстазсыз өмірдің  нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат  атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі­ұлы еңбек. Хор: «Ұстазым» 1­Жүргізуші:Ұстаз деген ұстаз болып туғандар, Ұлылықты ұлықтаған имандар. Ұрпағынның ертеңіне жол ашып, Өмірінің өр шақтарын қуғандар. Ендігі сөзді 1 сынып ұстазы Тусупова Алтын Рымбай қызына беріледі.  Арна:Қадірлі мектеп­бұл мектеп, Оқыған ата­анамыз. Жүреміз дәйім құрметтеп, Суыған емес арамыз! Дәурен: Жадыраған жаздай жылы жаны бар Жақсылықтың шырағы боп жағылар. Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған Зарина: Қыркүйектің таңында Күміс қоңырау тағы да. Соғылады сыңғырлап Сыңғыр, сыңғыр жыр жырлап. Әлішер: Мектебім менің, мектебім, Өзіңде ғана көктедім. Желкілдеп өстім құрақтай, Арманға қарай беттедім. Би: « Ұстазым  » 1 сынып оқушысы Тлеубаева Қ. орындауында. Индира: «5» болсын алар бағамыз, Білімен бақыт табамыз. Өнер –білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз. Мадина: Нағыз білім – ырыс бақ, Дүниені тұр ұстап. Енді біздер сабаққа, Кірісеміз дұрыстап. Фариза:Мектепті ойлап жаз шыға, Түсетін дей дәл сынға. Жаңа оқу жылын­ Мен , күтіп жүрдім асыға... Жанар: Өмірімнің көктемін, Сенде өткізем деп келдім, Алтын ұям­мектебім! Өнерпазың көп сенің, Өнер табам деп келдім, Өз бесігім­мектебім! Ән: «Ұстаздар» 8­9 сынып оқушылары орындауында.. Сырым: Оқу қайта басталды, Мектебіміз қарсы алды. Жез қоңырау дауысы, Күмбірлетті аспанды. Милана:Сәлем саған, мектебім, Сәлем, білім ордасы! Жасыл бақтың көктемі, Жастық шақтың жолдасы! Назым: Алғаш барған күнімнен Ардақты есім мұғалім. Әсем нәзік үніңнен, Білім мәні ұғармын. 2­Жүргізуші: Ата­ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ата­ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ата­ана деген бәйтерегі өмірдің, Ата­ана деген алтын қазық, алтын бақ.­дей келе жаңа оқу жылының сөз кезегі  ата­аналар атынан беріледі. Ата­аналар сөз сөйледі. Ән: «Қызықты каникул» 8­9 сынып оқушылары орындауында.. 1­Жүргізуші: Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!  Әнұран орындалады. 2­Жүргізуші: Қоңырау, сыңғырла асыға. Үн қосқан қиялдан асуға. Білім ал, еңбек ет, жас ұлан, Өрле сен, биік шың басына! 1­Жүргізуші: Қағылды зор қоңырау, күмбірледі. Аралап айлық жерді, күндік жерді. Ілесіп сол қоңырау үніменен, Қазақтың даласына білім келді. Жаңа 2010­2011 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып және 9  сынып оқушысына ұсынылады. Хор: «Қоңырау» 2­Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата­аналар,мерекелеріңіз құтты болсын!  Әрбір қадамдарыңызға гүл бітсін. Бүлдіршіндер білімді де білікті азамат  болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Осымен алғашқы қоңырауға арналған  салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз. Дайындаған: Сейталинов М.Т.

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий

«Мектеп жылдары» сценарий
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.06.2019