Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Отанын туған жерін қорғай білуге. Халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабамыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу."Менің елім-Қазақстан"
Тәрбие сағатының Менің елім Қ.docx
Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің елім Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай
қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының
өлеңдері мен ата бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы
оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,
мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының
суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты
суреттер.
Әдісі: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.
Біз бүгін ата аналармен бірлесе отырып, «Менің елім Қазақстан» тақырыбында тәрбие
сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой пікірлерімізді ортаға
салып.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимн орындалады.
Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
Қазақстан
Қазақстан жері қандай?
Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000
шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР ның
физикалық картасынан көрсету)
Біздің еліміз жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы
малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң құсы, таусылмас кен
байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)
Хор: «Отан»
Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой пікірлерін тыңдау)
Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең
шумақтарын тыңдап көрсек.
1 оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан сенің ата анаң,
Отан деген немене?, Отан досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан аудан, ауылың.
2 оқушы:
Отан жерім, Отан суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата анамды,
Мені өсірген елімді.
3 оқушы: Отан дегеніміз адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге
тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім: Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту
бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз»
4 оқушы:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
5 оқушы:
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері,
жайқалған орманы, жасыл жайлауы менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай
сүйемін.
6 оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Ата – ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның сүйемелдеуімен.
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа
бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға
ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді,
әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен
шығармайық дегім келеді.
Ата аналар, оқушылар сіздерге көп көп рахмет. Сау болыңыздар!
Қорытынды:_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
"Менің елім - Қазақстан" (3 сынып)
"Менің елім - Қазақстан" (3 сынып)
"Менің елім - Қазақстан" (3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.