Алдымен өзіңді таны, содан кейін айналаңды таны
(Сократ)
Тренинг тақырыбы: «Менің көңіл-күйім»
Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу; Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.
Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.
Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.
Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстайды. К. к-н меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.15 ақпан – 15 наурыз аралығында балалар мен жасөспірімдердің
бойында позитивтік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру бойынша
«Өмірді таңда» атты айлығы аясында
5 сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Менің көңіл-күйім.docx
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
«Менің көңілкүйім»
15 ақпан – 15 наурыз аралығында балалар мен жасөспірімдердің
бойында позитивтік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру бойынша
«Өмірді таңда» атты айлығы аясында
5 сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Өткізген: педагогпсихолог Р.А.Сакипкалиева
18.02.2017ж Тренинг тақырыбы: «Менің көңілкүйім»
Алдымен өзіңді таны, содан кейін айналаңды таны
(Сократ)
Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; Көңілкүйін жағымды
арнаға түсіруге баулу; Көтеріңкі көңілкүйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге
тәрбиелеу
Әдістәсілдер: Әңгімелесу, сұрақжауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.
Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.
Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі
1. Жаттығу «Көңілді шаттық шеңбер»
Қане бәріміз ортаға шығайық. Балалар ең алдымен амандасып, ойымыздағы жақсы тілектерімізді
бірбірімізбен арнайық.
Сәлем, Камила. Жүзің қандай жарқын. Саған тек жақсылық,жақсы көңілкүй тілеймін. Шеңбер
бойынша әрі қарай жалғаса береді.
Сабағымызды бастамас бұрын «Бет перделер» жаттығуын орындайық онда бүгінгі көңіл
күйлерімізді анықтайық. Ол үшін мына тақтадағы берілген үш эмоцияның біреуін таңдау керекпіз.
Алдарындағы көңілкүйлерді таңдап алып, тақтаға жапсырайық.
Сұрақ жауап
Өздеріңнің көңілкүйлерің қалай? Көңілдісіңдер ме?
Адамның көңілкүйін қалай байқауға болады екен?
Бет әлпетінен, көзінен, аузынан қимылынан т.б.
Ал адамның көңіл күйін көтеріп, жақсартуға болама екен?
Оған жақсы сөз айтып, сыйлық сыйлауға болады не жақсылық жасауға болады.
Суретпен жұмыс . Суреттегі көңілкүйлерді атап шығайық.
Көңіл күйі, көңілкүй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу
материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат,
жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға
қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайымқайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.
Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі
жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де
көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер
етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып
жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шатшадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке
ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерікжігері күшті, рухани
өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін
көтеріңкі, сергек ұстайды. К. кн меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.
Оқушыларды ыңғайлы отырғызу. Мен сендерге бір әңгіме оқып берейін.
Марат деген баланың мысығы болыпты. Өзі пештің түбінде жата береді екен,өте
жалқау мысық болыпты. Тіпті тышқан да ұстамапты. Бір күні Марат мысығын қапқа
салып орманға апарып тастайды. Мысық орманда қарны ашып,үйін сағынады. Енді ол өз қателігін түсінеді. Ешқашан жалқау болмаймын деп өзіне уәде береді. Бірақ Маратқа
баруға қорқады екен.
Балалар біреу біздің есігімізді қағады ғой?Кім екен бұл?
*Бұл –мысық.
Е, бұл Мараттың орманға тастап кеткен мысығы ғой!
Келген қонаққа не дейміз?
*Жоғары шығыңыз.
Балалар мысықтың көңілкүйі қандай?
*Өте көңілсіз ,жабырқау екен.
Ал кім оның көңілкүйін сұрайды?
Мысық: Мен жалғызбын не істерімді білмеймін.
Психолог: Қане бәріміз мысыққа көмектесейік.Енді мұңайма. Біз сенің көңілкүйінді көтереміз.
Бүгінгі сабағымызды бізбен бірге тамашалауға шақырайық,
Қалай ойлайсыңдар біз бірігіп оған көмектесе аламыз ба?
*Иә,біз оған әсем ән салып берейік
Оқушылар шеңберге тұрып, «» әнін айтқызу.
1 ."Жақсы адамдар" әнін орындау
Әні: А. Оралов
Сөзі: Ж.Оспанұлы
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар.
Біз мысықтың көңілін қалай көтердік? Мысықтың көңілкүйі көтерілді ма?
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін болса, онда қолдарын
шапалақтайды, егер ондай мүмкін болса онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда
кезіп жүреді алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын топылдатады.
Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Қыз үйдің суретін салып
отыр. Ит аспанда ұшып жүр. Тышқан атпен шауып бара жатыр.
Енді бәріміз тұрып, серігіп алайық.
«Даналы ағаш»
Ортаға «қураған» ағаш әкелініп, оған оқушылар өздерінің тілектерін жасыл жапыраққа жазып,
ағашқа жапсырды. Тура бәрінің көз алдында ағаш оқушылардың ақ тілегіне толы, жайқалған жасыл
ағашқа немесе «даналы ағашына» айналды.
«Көңіл күйді бейнеле» жаттығуы
Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңілкүйді бейнелендер:
1. Ойланып тұрған адамның бетәлпет кескіні;
2. Ренжіп тұрған адамның бет әлпеті;
3. Қайғылы адамның бет әлпеті;
4. Ашулы адамның бет әлпеті;
5. Таңданған кейіп көрсету;
6. Өкініп тұрған адамның бет әлпеті;
7. Қуанып тұрған адамның бет әлпеті.
Осы жаттығуды орындағанда қиын болды ма?
Қандай көңіл күйде болдындар?
Жаттығу ұнады ма?
Ал енді мысыққа тілегімізді білдірейік. Ақ қағазға жазып, конвертке салып беріп жіберейік.
Мысықтың көңілкүйі түскен уақытта осы сендердің жазған тілектерінді оқып көңілкүйі
көтерілсін. Жазған тілектерінді мысыққа айтып берейік. Мысықтың көңілкүйі басында қандай
болды? Ал қазір қандай болды? Мысықта өз тілектерін білдіреді оқушыларға.
Мысықты шығарып салу. Сау бол мысық. Енді мұңайма. Біз сені жақсы көреміз.
Қорытынды: Балалар енді бізде көңілкүйімізді түсірмейік. Бірбірімізді ренжітпейік.
Жаттығу: «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңберге шығып, бірбіріне тілектерін айтып, жақсы көңілкүй сыйлайды.
Психолог: оқушылар басында сендердің көңіл күйлерінді білдік. Енді қазір қандай болды көңіл
күйіміз.Мен сендерге көңілкүйдің бейнеленген суреттер беремін сендер біреуін таңдап тақтаға
жапсырасындар. Оқушыларға сыйлық тарату. 15 ақпан – 15 наурыз аралығында балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивтік өмірлік
ұстанымдарын қалыптастыру бойынша «Өмірді таңда» атты айлығы аясында жүргізілген тренинг
Хаттама
Күні: _18.02.17_
Тақырыбы : «Менің көңілкүйім»
Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру; Көңілкүйін жағымды
арнаға түсіруге баулу; Көтеріңкі көңілкүйдің айналасындағыларға әсерін түсініп, сезінуге
тәрбиелеу
Контингент: 5 сыныптар
Қатысқаны: 23 оқушы
Қолданылған құралжабдықтар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.
Жүру барысы: Әңгімелесу, сұрақжауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.
5 сынып оқушылары қатысқан тренингке оқушылар жақсы көңіл күймен келді. Бірбіріне
жақсы тілектерін білдіріп, өз көңіл күйлерін смайликтермен бағалады. Суреттегі көңіл күйлерге
талдау жасап, психологиялық тұрғыда көңілкүйге түсініктеме берілді. Әңгіме желісімен келген
мысықтың көңілін көтеру үшін ән айтып, жаттығулар орындады. Әр оқушы «Даналық ағашына»
тілектерін жазып ілді. «Көңіл күйді бейнеле» жаттығуында оқушылар берілген сөйлем бойынша
көңілкүйді бейнелеп көрсетті. Мысықтың көңілкүйін көтергендеріне сенімді болған оқушылар
оған тілек жазып конвертке салды.
болуына әсер етеді деп ой түйді.
Оқушылар көңіл күй адамға ұжымда ынтымақты, отбасыда жарасымды, денсаулығы жақсы
Атыжөні:педагогпсихолог Р.А.Сакипкалиева
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
"Менің көңіл-күйім" тренинг 5 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.