Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
мен патриотпын.docx
Тақырыбы: Мен, елімнің патриотымын!
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын
білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой
пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.»
Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа
анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын,
туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін
дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы
тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани
құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің,
туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан бұл өзіңнің тұратын,
өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға
теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасының президенті кім? Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз –
Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата бабаларымыз жерін жаудан
қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында
тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды,
Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда,
Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда
қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа
ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп
бояңыздар.
Астана Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында
орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97
метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар
ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не
шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген
тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында
шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары
тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы Гимн. Гимн мемлекеттік
ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.
Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет
елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот
азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың
алғыс. Қазақстан құрамасының Рио де Жанейро Олимпиадасынан ұтқан
медальдар саны 17. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль
иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы
Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков
қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына
Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова
Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс
жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина
Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға
Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан
спортшылары Рио де Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті,
мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды
желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз
керек. «Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету. Келешекте сіздер
де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек.
«Мен кім болам?» тақырыбында ауызша оқушыларға айтқызу.
Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай
бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан да ыстық.
Отан нан басталады. т. б
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы
болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді
қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай ақ, еліміздің егемендігін танытатын
ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,
Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда
еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.
Тәрбие Сағаты “Мен – Өз Елімнің Патриотымын!”
Гиззатова Менсулу Мураткалиевна
орыс тілі пәні мұғалімі
Жәнгір хан атындағы жалпы білім беретін мектеп
Мақсаты: – Оқушыларды Ұды дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз
елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,
туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,
мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,
қанатты сөздер, гүлдер,
Барысы:
Негізгі бөлім: – Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп
аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі
“Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің
атабабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген
атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп
ойлаймын”. Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан
тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей
палигонының жабылуына 25 жыл және Бөкей Ордасының құрылғанына 215
жыл, Жәңгір хан мектебіне 175 жыл толғалы отыр
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ
табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы
мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік
ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей
жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына
кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік елатабабаларымыздың сан
мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең
қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет
атану еді. Ол арман тұрмысы баққуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Оқушыларды топтопқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып
жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 топ Отаншыл
2 топ Намысшыл
3 топ Білімді
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің,
туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отанбұл өзіңнің тұратын,
өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға
теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз
Отанымызды, елімізді сүйеміз.
– Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
жазғанын тыңдаңдар:
( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына,
жеріңе, атабабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе
де, не істесе де қазағынелін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған
елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан бұл
біздің ата әжеміз, әкешешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан
шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар,
суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын
көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп
жазған.
2. Мағынаны таңдау.Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген
қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан
бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу
керек? оз отанын сүю т.б.
Постер қорғау «Патриот деген ол ….»
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін
жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет ғұрпын және салт дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну; Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
3. Сұрақжауап ойыны.
Сұрақтары.
1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей,
Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
5. Әнұранның авторларын ата? –
(Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
10.Конституция күні? – (30 тамыз)
11.Облысымыздан шығатын газет? –
12.ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы қандай ағашпен бай ?
Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын
табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз
үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа
«Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай
терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала
жапырағын іледі.)
8. Жақсылық –рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы
жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін
армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бірбірімізге
көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.
Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің
үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп,
еліміздің өсіпөркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де
көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз
Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Мен патриотпын Тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.