Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Менің елім - Қазақстан»
Мақсаты:Балаларға конститутция туралы түсініктерін толық жетілдіру. Патриоттық сезімге тәрбиелей отырып,достыққа,адамгершілікке баулу.
Еліміздің рәміздерін қастерлеуге ,отанды сүюге ,туған елдің патриоты болуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Балалар бізде бүгін үлкен мереке. Ол конститутция күні.
Қазақстан конститутциясы 1995жылы 30 тамызда қабылданды.
Қазақстан конститутциясы бұл мемлекетіміздің негізгі заңы.
Конститутцияда әр адамның өз құқығы және бас бостандығы
жарияланды. Олай болса балалар, біздің елбасымыз кім екен?
Ал,рәміздерге нелер жатады екен ?
Елтаңба, ту, әнұран.
Қазақстанның орталығы қай қала?
Астан қаласы екен.
«Әнұран»
Жанерке: Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған ауылым
Алияр: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Айзере : Көк байрақ көк аспан
Алтын күн нұр шашқан
Әлемге танылған
Тәуелсіз Қазақстан.
Мадияр: Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Еркеназ: Бір шаңырақ астында
Тату тәтті түрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сайран құрамыз
Мақал-мәтелдер: Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Ән: «Отан»
Балалар Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет.
Ал сендер осындай ірі мемлекеттің азаматысыңдар.
Сендер өмірге келген күннен бастап,Қазақстан азаматы ретінде туу
туралы куәлік аласыңдар. Ендеше Қазақстанның туы көкке желбіреу
аясында өмір сүрей берсін. Елбасымыз аман болсын.
Бәріміз бейбітшілікте, ашық аспан аясында өмір сүрейік.
Бүгінгі Қазақстанның Конститутция күні құтты болсын.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.