"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час
Оценка 4.8

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
10 кл
29.06.2017
"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный  час
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушыларды сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр кл час.docx
«Богатырь жалпы  негізгі білім беру мектебі» КММ. Успен ауданының  КГУ «Богатырская основная  общеобразовательная школа»  Успенского района.           Тақырыбы: "Мәңгілік Ел: бір ел ­ бір тағдыр" Өткізген:  5, 6 сыныптар  жетекшісі  Пучнина Е.А. 2016­2017 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» Сабақтың мақсаты: Білімділік:  1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің  тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін  ұғындыру. Дамытушылық:  Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген  сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін  жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушыларды сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына  тәрбиелеу, ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық  ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, қанатты сөздер, Қазақстан Республикасы  Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу, топқа бөлу. Мұғалім: Кіріспе. Мұғалім сөзі. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы  Ассамблеясы биыл 20 жыл. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы  деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 20 жыл болды. Осы аралықта ол  өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген  Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА ­ ның мерейтойлық ХХ  сессия ­ сын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер  осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші. (әр топтан оқушының ойы тыңдалады.) Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық  келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды. Ой қозғау: ­ Қазақ елінде қанша ұлт өкілдері тұрады? ­ ҚР ­ ның халқы қай тілде сөйлеу керек? ­ Біздің тұңғыш президентіміздің аты ­ жөнін білесіңдер ме? ­ Қазақстанның көбінесе қай аймағында өзге ұлт өкілдері мекендейді? ­ “Мекенім – Қазақстан... ” аталған пікірге өз ойынды қос. Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен  келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын ­ қыстау кезеңдерді бастан  кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Барлық азамат құқықтардың бірдей көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бірдей жүгін  көтеруі және теңдей мүмкіндікке қолжетімділікке ие болуы керек;  − бүкілқазақстандық  біртектіліктің, болашағы біртұтас ұлттың кілті бүкілқазақстандық мәдениет болып  табылады;  − қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани­адамгершілік  құндылықтар негізіндегі халық бірлігі;  − өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше  назар аударуымыз керек. Бұған білім беру жүйесінің, тәрбиенің, мәдениеттің, БАҚ­тың,  этномәдени бірлестіктердің барлық күш­жігері бағытталатын болуы тиіс;  − кез келген ұлт­ мемлекет – бұл оның бірегей мемлекеттік тілі. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында  ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ  тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін  дамытуға қамқорлық көрсетіп келеді. Елімізде үштұғырлы тіл енгізу қарқынын  өрістетудеміз. Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз.  Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік  жаңару мен жаңа индустриалды­ инновациялық экономика және өңірді дамытудың «Ұлт  жоспары – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын  жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» контексі бойынша материалды сабақта пайдалану  тиімді.   Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының  мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап  тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи  алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың  келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты  болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея –  барша қазақстандықтың мүддесі! ­ деген болатын. Берілген сұрақтарға жауап беру: 1. Қай жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан  тәуелсіздігін талап етті. 2. Қай жылы, қай күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды? 3. Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма? 4. Мемлекеттік нышандарымызды ата 5. Астанада ЕХРО ­ 2017­ні өткізу туралы шешім қай жылы қабылданды? 6. Қазақстанда мекендеп жатқан өзге ұлт өкілдерін ата 7. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын  әділетті қоғам құрып жатырмыз. Сабақты қорытындылау: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының  тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз  және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық.. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен,  өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Үйге тапсырма беру: «Қазақ елі – бұл Қазақстан!» атты шағын шығарма жазу.

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный  час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный  час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный  час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный час

"Мәңгілік Ел бір ел - бір тағдыр" классный  час
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.06.2017