Мой Независимый Казахстан
Оценка 4.6

Мой Независимый Казахстан

Оценка 4.6
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
22.01.2017
Мой Независимый Казахстан
«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған тәрбиешілер мен балалардың мерекелік ән кеші. Жүргізуші: Мақтанышпен атын атап Тәуелсіздік елінің, Көтерейік мәртебесін еліміздің. Үлкен-кіші тойлағалы отыр бүгін, Құтты болсын туған күні Тәуелсіздік елімнің! ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалсын. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балғын бүлдіршіндер, қадірлі әріптестер! 16 желтоқсан-халқымыздың ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн-біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты аталып тұрады.Бізді бұл күнге жеткізген ұмытылмас оқиғалар-ел қорғау соғыстары,ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.Мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз өркендеп, ару қаламыз көркейе берсін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған тәрбиешілер мен балалардың мерекелік ән кеші. Жүргізуші: Мақтанышпен атын атап Тәуелсіздік елінің, Көтерейік мәртебесін еліміздің. Үлкен-кіші тойлағалы отыр бүгін, Құтты болсын туған күні Тәуелсіздік елімнің! ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалсын. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балғын бүлдіршіндер, қадірлі әріптестер! 16 желтоқсан-халқымыздың ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн-біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты аталып тұрады.Бізді бұл күнге жеткізген ұмытылмас оқиғалар-ел қорғау соғыстары,ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.Мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз өркендеп, ару қаламыз көркейе берсін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналган сценарий.docx
«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған тәрбиешілер мен балалардың мерекелік ән кеші. Жүргізуші:  Мақтанышпен атын атап Тәуелсіздік елінің, Көтерейік мәртебесін  еліміздің. Үлкен­кіші тойлағалы отыр бүгін, Құтты болсын туған күні Тәуелсіздік елімнің! ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалсын. Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балғын бүлдіршіндер, қадірлі  әріптестер! 16 желтоқсан­халқымыздың ғасырлар бойғы арман болған  тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн­біздің  Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Бұл мереке күнтізбеде  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»  Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына  байланысты аталып тұрады.Бізді бұл  күнге жеткізген ұмытылмас оқиғалар­ел қорғау соғыстары,ұлт­азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере  білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы­өшпес  өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.Мерекелеріңіз құтты болсын!  Еліміз  өркендеп, ару қаламыз көркейе берсін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! ­Балалар бар бақшамызда сан өнерлі, Әндер айтып, ұнатады би билеуді. Тақпақ жаттап, сурет салып, ойын ойнап, Әдет қылмас бұл балалар ерінуді, ­ демекші құттықтау сөзді  балабақшамыздың директоры Шакенова Гүлжан Абдимукаровнаға береміз.   Жүргізуші: Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бақшамызды құрметтеп, Әсем әнге саламыз. Ортаға №11 «Ертөстік» тобының гүл жайнаған әншілерін шақырамыз. Ән: «Қазақстаным менің» Жүргізуші: Қане біздің ұл­қыздар, Өнер қуар жұлдыздар. Назарларыңызда  №10 МАД тобы өз өнерлерін ортаға салады. Би: «Қамажай» Жүргізуші: Қызығы мол ертегі, Балабақша ­ ән­дәурен. Еліміздің ертеңі, Даярлық тобы «Гүлдер» №12 «Гүлдер» МАД тобының бүлдіршіндерінің  тақпақтарына береміз.   Жүргізуші:Отаным менің,кең байтақ Қазақстан, Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар кәне,артық дейтін қазақтан?! – дей келе ортаға №11 «Ертөстік»   тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! Би: «Қазақстан» Жүргізуші: Айгөлек­ау, Айгөлек, Би билейміз дөңгелеп. Әнге бүгін саламыз, Әсем әнші боламыз. Кезекті «Гүлдер» МАД тобы бүлдіршіндерінің орындауындағы әсем әнге  береміз. Ән: «Елтаңбасы елімнің» Жүргізуші: Тақпақты да жаттаймыз, Гүлді күтіп, баптаймыз. Балабақша, үйде де, Әдептілік сақтаймыз. Ортамызға өз тақпақтарымен «Ертөстік» МАД тобының бүлдіршіндерінің  тақпақтарына береміз. Жүргізуші: Кішкентай ол, үлкен өнер қуды бірақ, Болашақтың ақ жұлдызы тұр жарқырап. «Ертеңіне зор үмітпен қараймыз», Дейді біздің №12 МАД тобы, ­ ортаға №12 «Гүлдер» МАД тобын шақырамыз. Би: «Алға, Қазақстан!» Жүргізуші: Қимылына сыр тұнған, Қыр гүліндей құлпырған. Қимылдары ғажап­тым, Биші қызы қазақтың. Алдарыңызда  балабақшамызда іс­тәжірибеден өтіп жүрген болашақ  тәрбиешілердің   флешмоб биін тамашалаңыздар! Жүргізуші: Жеткен арман­жаса,тәуелсіздігім! Өз қолына берген ерік тізгінін Ие болған әлем ілтипатына Дербес,бейбіт мемлекетпіз біз бүгін. – демекші жас мамандардың  орындауында әсем әнге кезек берейік. Ән: «Атамекен» Жүргізуші: «Қайрат Рысқұлбеков туралы» тәрбиешілердің дайындаған  көрінісін тамашалайық. Жүргізуші: Еркелігі басылмаған баламыз, Періштеміз, судай мөлдір тазамыз. Енді міне, еркелетіп қой төлін, Өзіміз де әнге бүгін саламыз. Алдарыңызда балабақшамызда іс­тәжірибеден өтіп жүрген Таргишова  Нұрияны қарсы алыңыздар. «Тәуелсіздік» өлең мәнерлеп оқу. Жүргізуші: Отаным менің, кең байтақ Қазақстан, Аман өткен талай дүлей азаптан. Бар әлемді өз аузына қаратқан, Кім бар кәне,артық дейтін қазақтан?! – демекші балабақшамыздың  тәрбиешілерінің дайындаған қазақи флешмобын тамашалаңыздар! Жүргізуші::Тәуелсіздігім тұғырлы,еліміз еңселі болғай! Ту тігілді халқымның бүгін бағына, Жас өрендер,желбіретіп,нық ұста. Ғасырларға жалғастырып елдікті, Дақ түсірме ата­баба рухына.­ деп бүгінгі балабақшамыздың дайындаған «ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған тәрбиешілер мен балалардың  мерекелік ән кеші аяқталды.  ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек.  Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда  түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл  азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен  тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей  білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен  ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы  атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк  аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын.

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан

Мой Независимый Казахстан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2017