Бағалау критерийлері:
мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
ресурс бойынша тапсырманы орындайды;
концентрация,жұмыс өнімділігі, шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді.
Маған біраз уақытымды саясатқа, тағы біразын теңдеулерге бөлуге тура келеді. Алайда, менің ойымша, саясаттан гөрі теңдеулер әлдеқайда маңызды, өйткені саясат тек өз тұсында ғана, ал теңдеулер мәңгі-бақи бола береді.
Эйнштейн А.
А) Теңдеулер жүйесі дегеніміз не?
Ә) Теңдеулер жүйесінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ойланайық!
А) Екі немесе одан да көп теңдеулерден тұратын жиын теңдеулер жүйесі деп аталады.
Ә) Симметриялық жүйелер, біртекті теңдеулер жүйелері, оларға келтірілетін жүйелер және т.б.
Б) Берілген теңдеулер жүйесінің түбірлерін табу немесе олардың жоқ екенін дәлелдеу.
В) Жүйедегі теңдеулерді тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбы осы теңдеулер жүйесінің шешімі деп аталады.
Г) Теңдеулер жүйесін шешудің қосу, алмастыру, көбейту, бөлу және графиктік тәсілдері бар.
Ойланайық!
Уақыт – физикалық және психикалық процесстердің өтуі, өзгерістің болу мүмкіндігі туралы шарттар. Шартты салыстырмалы шама материяның қозғалу шамасы. Уақытты белгілеу үшін, әдетте t – әріпі қолданылады. Tempus латын тілінен аударғанда уақытты білдіреді.
Жұмыс – адамның іс-әрекеті; белгілі бір құндылықты жасау үшін немесе басқа адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалатын процесс.
Өнімділік – уақыт бірлігінің ішінде белгілі бір өнім жасап шығару қабілеті.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.